"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕР ИГІЛІГІ ЕЛ ИГІЛІГІН ЕСЕЛЕУІ КЕРЕК

28.04.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Серік Зайнулдиннің қатысуымен өңірімізге қарасты барлық шаруа қожалықтары мен серіктестіктер басшыларының басын қосқан жиын өтті. Басқосуға өзек болған негізгі тақырып — «Суармалы жерлерді тиімді пайдалану» жөнінде келелі әңгіме өрбіді.

{jcomments on}Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша, әрбір ауылдық округтерде суармалы жерлерді пайдалану реттілігі, оның қаржыландырылуы, тиімді игерілуі, өңделуі мен суару әдістеріне және алдағы дамуына талдау жасау тапсырылған болатын. Сонымен қатар көзделген тағы бір міндет —  суармалы алқапты тиімді пайдаланбай отырған жер игерушілермен арадағы келісімшартты бұзып, телімдерді мемлекетке қайтарып алу және жер қорын қалыптастырып, инвестициялық жобаларды іске асыратын ірі жер пайдаланушылар құзырына беру де меже етілген-ді.

Осы орайда өткен 2014 жылдың қорытындысы бойынша Үржар ауданында суармалы жерлерді игеру барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Ж.Байсабыров арнайы баяндама жасады.

Ол өз сөзінде бүгінде Үржар ауданы бойынша 196 мың гектар егістік жер, оның ішінде 43 мың гектар суармалы алқап бар екенін атап өтті. Оның 25 мың гектары 716 шаруа қожалығына, ал 13770 гектары 11 жеке шаруа серіктестіктеріне бекітіліп берілгенін айтып, облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында және аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, пайдаланылмай жатқан суармалы жерлерді инвесторларға беруге бағытталған  жұмыстардың нәтижелі жүргізіліп жатқанын сөз етті.

 

Жиын соңында сөз алған аудан әкімі Серік Зайнулдин бұл бағыттағы бірқатар мәселелерге баса тоқталып өтті.

 

— Құрметті жерлестер, Үржар ауданы — жер көлемі мен халқының саны жағынан облысымыз бойынша ең үлкен аудан. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында бұрынғы кеңестік дәуірден кейін ешбір магистральды каналдарға жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сол себепті біздің ауданға Үкімет тарапынан үлкен қаржы бөлінуде. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша суармалы жерлерді тиімді пайдаланып, әр гектардан 35-40 центнерден дәнді дақыл алатындай жағдайға жеткізуіміз керек. Сонымен қатар сауынды сиырлы фермалар ашу және оны ары қарай дамыту мәселесі де кезекте тұр.

Ал келер 2016 жылы «Қасқа», «Қусақ» және «Келдімұрат» магистральды каналдарының жөндеу жұмыстары аяқталады. Алайда туындап отырған бір мәселе — көптеген азаматтар өздерінің жер телімдерін тиімсіз пайдаланады, жер көлемдері шағын, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолданбайды. Бір сөзбен айтқанда, бекітіліп берген жерлер дұрыс пайдаланылмайды. Енді тек еңбек етіп, жаңа технология енгізіп, ауданға инвестиция тартып жұмыс жасаймыз деген шаруашылықтарға көмектесуге дайынбыз.

Алдағы уақытта барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе жұмыс жасап, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін, — деді аудан әкімі.

Жиын қорытындысында кеңес барысында қозғалған мәселелерді алдағы уақытта тиімді шешу бағытында бірқатар алғышарттар қабылданды.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС