"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЗ ӨСКЕН АУЫЛ

28.04.2015
35
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1. Туып-өскен ауылыңыз Сіз үшін несімен ыстық?

2. Туған жерде жиі боласыз ба, кешегі ауылмен бүгінгі ауылдың айырмашылығы қандай деп ойлайсыз?

3. Балаларыңыз ауылыңызға қаншалықты жақын?

4. Ауылыңыздың алдындағы перзенттік парызыңызды қаншалықты өтей алдыңыз?

5. Ауылды өркендету жайлы қандай ұсыныс қосар едіңіз?

1. Туып-өскен ауыл мен үшін бүкіл болмысымен ыстық. Ме-нің туған ауы-лым —  Тарбағатайдың күнге-йіндегі Теректі деген жер. Шекараның сыртында қалды. Өскен ауылым  Қара-бұжыр, Шұбартау. Ол да қазір иен жатыр. Бәрі де тағдырдың ісі.

2. Туған жер түсіме жиі енеді. Бала кезімде кеткен туған жерді жиырма алты жылдан кейін ғана қайта көруге тағдыр жазды. Сол сәттегі жан дүниемнің астан-кестен болғанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Көрші екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсарғаннан бері, онда жатқан атам Айттың басына жиі барып тұрамын. Кешегі ауылды еске алған сайын, көзіме жас келеді. Қазақы қадір-қасиеттің ғажайып мектебі еді ғой кешегі ауыл. Бүгінгі ауыл — сол кешегінің жұрнағы ғана. Жөн білер, сөз танитын, кісілігі мол ақсақалдар, әжелер қазір жоқтың қасы. Бүгінгі ауыл кешегі ауылмен рухани жағынан салыстырғанда тартылған көлдей әсер етеді.

3. Балаларым ауылды мендей сағынбайды. Өйткені бәрі қалада туып-өскен. Бірақ ауылға жыл сайын менімен бірге барып тұрады.

4. Өтей алмадым. Қолымнан келгені — ауылды жырлау ғана.

5. Ауылды кеңес заманындағыдай жасауға болмайды. Қазіргі ауыл жаңа заманға сай өркендеуі тиіс. Бір кездегі шөлейт жерлерде шаруашылық үшін ғана салынған жасанды ауылдар сулы-нулы жерлерге көшірілсе деген ой жиі мазалайды.

Несіпбек АЙТҰЛЫ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Жазушылар одағының Астанадағы филиалының

және С.Сейфуллин мұражайының директоры, ақын.

1. Қазақ «Ер — туған жеріне» дейді ғой. Ауылда балалық шағымның балдай сәттері өтті ғой. Ол — қайта оралмайтын, ештеңеге айырбастай алмайтын алтын уақыттар. Сондықтан кішкентай ғана Тарбағатай деген ауыл маған қашан да ыстық. Менің «Туған жерге сағыныш» деген өлеңім бар. Соның бір шумағымен жауап берейін.

Жанымның сырын жасырмай кетем,

Жарқ ете қалсам жасындай жырлап.

Әлемде, сірә, асыл бар ма екен,

Тарбағатайымның тасындай қымбат!

2. Өкінішке орай, жиі болмаймын. Бұрын, ата-анам ауылда тұрғанда, барып тұратынмын. Қазір ол кісілер Семейге көшті. Бірақ жылына міндетті түрде бір рет барып келуге тырысамын. Ауылдағы ағайындармен, мектеп ұжымымен жиі хабарласып тұрамын. Ауыл балаларына қолдан келгенше көмектесуге дайынмын. Кешегі ауылдың, малы да, шаруашылығы да мемлекеттің меншігінде болған соң, жағдайы жақсырақ болды. Ауылға кино, концерт, газет-журнал, жаңа кітаптарды жоспарлы түрде жеткізіп тұратын. Ал бүгінгі ауыл нарықтың көшінде жекешеленген шаруашылықтардан құралады. Сондықтан тіршілігі бар адамдардың жағдайы жақсы.

3. Балаларым қалада өскендіктен, ауылдың тіршілігін аңсап тұрады. Менің әңгімелерімді естіп, кітаптардан оқып, соны көргісі келеді. Бірақ жазды күндері аз уақытқа ғана болмаса, ауылға апаруға уақыт бола бермейді. Оның үстіне ата-әжелері де қалаға көшіп кетті.

4. Былтыр Наурыз мерекесінде Астанада «Перзент тілегі» деген кешімді өткіздім. Сол кештегі оқылған өлеңдер мен айтылған әндердің басым бөлігі туған ауылыма арналды. Шығармашылық адамы болғаннан кейін, қолымнан келетіні сол ғана. Әркім өз туған ауылына қолынан келетінін жасайтын болса, елдің жағдайы жаман болмас еді. Туған жерге парызымды кеудемнен жан кеткенше атқаруға міндеттімін.

5. Ауылды өркендету үшін, мемлекет қабылдаған бағдарламалар жүйелі түрде жұмыс істеуі керек. Жергілікті билікке артылатын жүк ауыр.

Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС