"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙЫМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

29.05.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай абайтанушы, әдебиеттанушы, ғалым Қайым Мұхамедханұлының ескерткішінің басында митинг өтті.

Жиналғандар алдымен саяси қуғын –сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, Қайым Мұхамедханұлы ескерткішінің басына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Алғаш болып Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғылым, инновация және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Құмарбек Әмірханов сөз сөйледі.

— Біз жылдағы дәстүр бойынша «31 мамыр – Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне» жиналып тұрмыз. Өткенді еске алмай — болашақ жоқ. Жалпы, қазақ тарихы әртүрлі қасіретті жылдармен байланысты. Соның барлығын әр уақытта еске алып, келер ұрпаққа  түсіндіру біздің парызымыз. Сол кездегі тоталитарлық тәртіптің құрбандары болған адамдардың ішінде халқымыздың бетке ұстар азаматтары, үкімет қызметкерлері, ақын жазушылар, қоғам қайраткерлері көп болды. Соның ішінде Семей өңірінің де талай азаматтары құрбан болған. Соның бірі — өзіміздің жерлесіміз, абайтанушы, белгілі ғалым Қайым Мұхамедханұлы. Ол кісінің салып кеткен ізімен бүгінде университетіміздің жас ғалымдары жұмыс жасауда. Біз, ең бастысы, осы тарихтың бізге берген сабағын әрқашан еске алып, жаңа, ашық қоғам орнатуға күш салуымыз керек, — деді Құмарбек Әмірханов.

 

{jcomments on}31 мамыр – өткенге оралып, бабалар рухына басымызды иетін күн. Саяси репрессия – ел тарихындағы ең азалы беттердің бірі. Репрессияда Алаш арыстарынан бастап, бүкіл мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен ағартушылар қуғынға түсті. Елдің бас көтерер азаматтары жаппай оққа байланды. Ә.Бөкейханов, Ш.Құдайбердіұлы, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сынды көптеген ұлт зиялылары саяси құрбанға айналды. Белгілі ғалым Қайым Мұхамедханов та жазықсыз 25 жылға бас бостандығынан айырылып, оның 5 жылын түрмеде өткізді. Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпаққа парыз.

 

Митингте Қайым Мұхамедханұлының шәкірті әрі әріптесі болған, бүгінде ұстаздардың ұстазына айналған профессор Арап Еспенбетов те сөз сөйледі. Ол Қайым Мұхамедханұлының  қуғын-сүргінді көп көргенін, соған қарамастан, ғалымның қажырлы болғанын атап өтті.

— Қайым аға — Карлагтың қамауында жатқанымен, өзінің бойында өрлік қасиеті бар, ешқандай иілмей, өзінің идеяларына, өзінің айтып кеткен ойларына нық сенімді болып, соны өмірінің ақырына дейін ұстанып кеткен жан. Ең бастысы, ол абайтанушы болды, одан кейін Абайдың ақын шәкірттерін түгелдей зерттеді. Он том мұрасы қазір қолымызда. Соның ішінде өзінің асыға күткен, аңсары ауған дүниесі Шәкірімнің қайта оралуы болатын. Оны көзімен көріп кетті. 1989 жылы Шәкәрім ақталған кезде, «Қазақ әдебиеті» газетінің үш бетіне арнайы «Шәкәрім» тақырыбанда мақала жариялап, елге Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлылығын  айғақтап, танытып берген үлкен ғалым еді. 2016 жылдың 5 қаңтары күні Қайым Мұхамедханұлының туғанына 100 жыл толады. Соны жоғары дәрежеде өткізсек деген ойымыз бар, — деді Арап Сләмұлы.

Митингке  Қ. Мұхамедханұлының шәкірттері, ғалымдар, зерттеушілер, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары мен магистранттары қатысты. Осы жерде жас ақындар Алаш арыстары, ұлт зиялылары туралы жырларын оқыды, патриоттық әндер шырқалды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС