"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТ ҚАСІРЕТІ ҰРПАҚ ЖАДЫНДА

02.06.2015

31 мамыр – Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні Семей қаласында да жоғары деңгейде аталып өтілді. Қазақтың қайсар ұлы Қайым Мұхамедханұлы ескерткішінің алдында зұлмат жылдары ұлты үшін қасірет шеккендерді еске алды. Жиынға Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева, саяси қуғын көргендердің ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатысты.

 

{jcomments on}Жиында қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова Семей қаласы репрессия жылдары ең көп жапа шекен өңірлердің бірі екенін атап өтіп, өткен тарихтың ақтаңдақ беттерінен сабақ алып, бір шаңырақтың астына көп ұлттарды топтастырған ортақ мемлекеттің гүлденуіне барша азаматтарды бір кісідей атсалысуға шақырды.

 

— Құрметті жерлестер, өткен ғасырдың 20-шы жылдары еліміз басынан ауыр кезеңдерді өткерді. Жаппай жазалау шаралары ел тарихындағы ең ауыр уақыттардың бірі екені анық. Әрбір қазақстандық шаңырақ азапты күндерді басынан кешті. Бүгінгі таңда біздің міндетіміз сол қиын-қыстау кезеңде мемлекет мүддесін қасық қаны қалғанша аянбай қорғаған боздақтардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігін ұмытпау. Нәубет жылдары Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі болды. Өткенді бағаламай, болашаққа зер салу қиынға соғады. Біздің мақсатымыз — ортақ шаңырағымыз Қазақстанның бүгінгі тарихына өзіндік үлес қосу, «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыруда барлығымыз жұмыла жүк көтеруіміз қажет, — деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақовтың айтуынша, 1937 жылдың 2 желтоқсанында Семейде жүздеген адам жазықсыз атылған. Солардың ішінде Алаш интеллигенциясының белді мүшесі Мұхамедхан Сейітқұлов та болған. Көзі тірісінде Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек     Аймауытов, Міржақып Дулатов және тағы да басқа ұлт марқасқаларымен тығыз байланыста болған көрінеді. Алайда күні бүгінге дейін боздақтың жерленген жері беймәлім қалуда. Сонымен қатар Амантай      Айтмұрзаұлы жиналғандар    алдында Қайым Мұхамедханов жайында өз ойымен бөлісті.

— Тектінің тұяғы, асылдың сынығы Қайым Мұхамедхан-ұлы да талай тар жол, тайғақ кешкен. Өміріндегі қиыншылықтарға қарамастан, ғалым шығармашылықтан бір сәтке де қол үзбеді. Бүгінде ұрпағы тұшынып оқитын құнды дүниелері ғалымның атақ – абыройын асқақтатып тұр. Шаһардағы Абайдың мемлекеттік қорық — мұражайының қалыптасуына негіз болған бірден — бір тұлға да Қайым Мұхамедханұлы,- деп атап өтті жиналғандар алдында Амантай Доғалақов.

Сондай-ақ шара барысында қалалық мәдениет сарайының «Халықтық ақындар орталығының» жас ақындары Алаш арыстарына, ұлт зиялыларына өз арнауларын оқып, жиын соңы ескерткішке гүш шоқтарын қою рәсімімен түйінделді.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

6 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

6 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

6 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

10 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

23 часа бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

1 день бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

1 день бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС