"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙТАНУДЫҢ АЛЫБЫ

05.02.2016
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көрнекті ғалым, абайтану ғылымының негізін салушы, ақын, аудармашы, кешегі Алаш арыстарының ізін жалғастырушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына биыл 100 жыл. Ғалымның ғасырлық мерейтойын жан – жақты атап өту жыл басынан – ақ бастау алды. Қазір Қайым Мұхамедханов шығармашылығына арналып шаһардың мәдени мекемелерінде танымдық, тағылымдық іс – шаралар легі толастамауда.

Еліміздегі ең көне музейлердің бірі  Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музей қорында Қайым Мұхамедхановтың 30-дан аса жеке құжаттары мен жеке тұтынған заттары сақтаулы. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп халық даналығында айтылғандай, Қайым Мұхамедхановтың мұрасы болашақ ұрпаққа өнеге екеніне ешкім шүбә келтірмес. Ғалымның мерейлі кезеңіне арналып музейде «Қазақтың ұлы Қайымы» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Кешке қатысушылар ғалым өмірінің әр қырына тоқталып, өнегелі ғұмырынан сыр шертті.      Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті жанындағы «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ақмарал Смағұлова «Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығы мен өмірбаяны» тақырыбы аясында ғалымның ұлағатты ұстаздық жолы мен ғұлама ғалымдығы жайында әңгімелесе, Құсмілия Нұрқасым Қайымның Алаш әдебиеті рухында тәрбиеленген қайраткер екеніне тоқталды. Қайым Мұхамедхановтың өлеңдері, поэмалары, аударма өлеңдері өз алдына бір төбе. Ғалымның ақындығы жайында, республикалық «Абай» журналының бас редакторы, ақын  Мұратбек Оспанов сөз етті.

Қайым Мұхамедхановтың ХХ ғасырдың көрнекті тұлғаларымен жазысқан хаттары кітап болып жарыққа шыққан. Қайым Мұхамедханов «Хаттар сөйлейді» кітабында отандық тарих пен ғылым, өлкетану мен мәдениет туралы, «Карлагта» өткізген ауыр азапты күндері жайлы деректер келтірілген. Кеш соңында аталмыш кітапты баласы Дегдар Қайымұлы музей қорына табыстап, музей мамандарына алғысын білдірді.

Кеште Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» сияқты  Қайымның сүйіп тыңдайтын әндері шырқалды. Кешке шақырылған қонақтар бейнетаспа, слайд деректері арқылы көптеген мағлұматтарға қанығып, зор әсер алып қайтты. Қайым Мұхамедханов еңбегін насихаттау Қайым үшін емес, болашақ жастар үшін керек. Ендеше, бұл іс-шаралар жалғасын таба бермек.

Ләззат ӘЛЖАН, Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС