"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

08.04.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының мәжіліс залында партия жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы жанындағы жем-қорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ғаббас Ибраевтың жетекшілігімен өткен жиынға жергілікті билік өкілдері, құқық қорғау органдары, кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында Ғаббас Ибраев «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамының артқанын атап өтті. Ол кеңес құрамына жаңадан жас кәсіпкер Руслан Кепке мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі, Семей қаласының 2015 жылғы үздік студенті Данияр  Манарбековтің кіргенін жеткізді. Жиын барысында алғашқы болып сөз алған Семей қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы Әлия Қалиева сыбайластықтың алдын алу іс-қимылы және жемқорлыққа қарсы ҚР заңының аталмыш бөлім жұмысында жүзеге асуы жөнінде баяндады. Әлия Қалиеваның сөзіне сүйенсек, 2016 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жемқорлыққа қатысты ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген. Дегенмен сыбайластықтың алдын алу мен жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне жіті назар аударылуда. Бүгінде мекемеде азаматтарға арналған арнайы жәшік қойылып, арыз-шағымдар үшін шұғыл желі жұмыс істейді.

Кеңес отырысында Шаған кентінің әкімі Талғат Құмаров сыбайластықтың алдын алу іс-қимылы және жемқорлыққа қарсы заңының ауылдық округтер мен кенттерінде орындалуы туралы баяндады. Жиын соңында қаламыздағы автокөлік жолдарын жөндеу мен күтіміне жүргізілген жұмыстар туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов баяндады. Оның айтуынша, 2013 жылы жөндеуден өткізілген жолдардың әлі де кепілдік міндеттері аяқталмаған. Дегенмен, жүргізілген арнайы сараптама барысында анықталғандай, сол жылдары жөндеу жүргізілген жолдардың сапасы сын көтермейді. Кездесу барысында атап өтілгендей, аталмыш жолдарды, негізінен, мердігер мекеме «Семей жолдары» ЖШС жөндеуден өткізген. Енді мамыр айының 7-ші жұлдызына дейін мердігерлерге аталмыш көшелердегі жіберілген кемшіліктерді өз қаражаттары есебінен қалпына келтіру керек болады.

Бұл жұмыстардың атқарылу барысы мен атқарылған жұмысты қорытындылайтын арнайы жұмыс тобы құрылғанынан құлағдар еткен Нұрлан Серғазинов биылғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемі артып, 200 млн. теңге қарастырылып отырғанын жеткізді. Бұл қаражат өз кезегінде 48 мың шаршы метр аумақтан астам жерді жөндеуге мүмкіндік береді екен.

Бұдан өзге осы жылы 30 мың шаршы метр жарылған жолдарды жөндеуге де қосымша қаражат қарастырылып отыр. Тағы бір жаңалық —  ағымдағы жылы алғаш рет жолдарды жаз маусымында ұстап тұру мақсатында жұмсалатын қаржыға қосымша 56 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

ТҮКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Серғазиновтың қорытынды сөзінен кейін «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ғаббас Ибраев жол мәселесіне келгенде қатаң талаптардың сақталуы керектігін баса айтты. Ол әсіресе жауапсыз мердігерлерді жол жөндеу жұмыстарына жібермеуді қадағалап, ал атқарылған жұмыстарды көз жұмып қабылдап алған лауазымды тұлғаларды қатаң жауапқа тарту керектігін атап өтті. Кеңес төрағасы сондай-ақ аталмыш келелі мәселенің алдағы кеңес отырысында жеке қаралатынын жеткізді.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

30.10.2026
Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Абай облысында құрылыс сапасын бақылау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы құны 389,2...

Толығырақ...Details

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

30.10.2026
Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылау және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Толығырақ...Details

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.2026
Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 часа бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 часа бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

6 часов бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

6 часов бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

6 часов бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

1 день бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС