"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ

12.04.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сенбі күні қалалық әкімдікте Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің төрағалығымен қаламыздағы ауыл шаруашылығы,  жер қатынастары бойынша сала мамандары, бірқатар шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен іргелі жиын өтті. Басқосу барысында мал шаруашылығын субсидиялау жүйесі, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуын жалғастыру мәселесі кеңінен талқыланды.

Нақтылап өтсек, өткен жылдың қараша айында Елбасы Н.Назарбаев «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңға қол қойған еді. Аталмыш құжатты әзірлеудегі басты мақсат  ауыл шаруашылығы кооперативтері мен оларға қарасты қауымдастықтардың қызметтерін құқықтық тұрғыда реттеу, сонымен қатар осы саладағы заңнаманы жетілдіру болатын. Бұл шараның өзіндік маңыздылығы бар. Атап айтсақ, жаңа Заң жобасы күшіне енгеннен кейін, шаруа қожалықтарын ірілендіру есебінен ауыл шаруашылығы саласындағы бәсекелестік ұлғая түспек. Мұнымен қатар Заң аясында еліміздің азық-түлік әрі экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де оңтайлы жағдай тумақ.

— Қазіргі таңда біз Мемлекет басшысы жүктеген мал шаруашылығы мен ет өңдеу саласын дамыту үшін өндірістік кооперативтер құру   бағытында жұмыс жасауды қолға алдық. Осы бағытта «Еуразия Агро Холдинг» ЖШС-нің мұрындық болуымен Аягөз ауданында бірегей ет комбинаты салынбақ,- деді Дүйсенғазы Мусин. – Онда, негізінен, қой етін өндіру мен қайта өңдеу саласына басымдық берілетін болады. Ал жаңа қабылданған Заң облысымыздың шаруалары үшін көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Мәселен, олар мемлекет тарапынан толыққанды қаржылай қолдауға ие болады. Бұған қоса салық жүйесі оңтайланады. Бүгінде облысымызда пайдаланылмай жатқан бос жерлер бар. Аймақта ауыл шаруашылық саласын жіті түсінетін білгір мамандар да жетерлік. Сондай-ақ өзге облыстарда, Заң шыққаннан бері 30-50 шақты кооператив құрылғанымен, Семей қаласы бойынша бұл бағыттағы жұмыстарды тездету керек. Түрлі шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіруге тарту арқылы субсидия беруді қолға алған жөн. Семейде 3 кооператив қана ашылыпты. Мәселен, Күршім, Тарбағатай аудандары да ашты, бірақ Семейдің жағдайы, экономикалық өсімі олардан әлдеқайда жоғары. Ал кооперативті неге құрамыз? Кооператив құру дегеніміз — ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, ірілендіру, сөйтіп оларға мемлекет тарапынан берілетін субсидия сияқты жеңілдіктер мен мүмкіншіліктерді қолжетімді ету,- деп атап өтті өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары.

Дүйсенғазы Мусин көктемгі дала жұмыстарына әзірлікті жылдамдату қажеттігін де жеткізе кетті. Бұл ретте «Агрофирма Приречное», «Мұздыбай» шаруа қожалығы сияқты шаруашылықтардың жұмысы өте жақсы жүруде. Аталмыш шаралар бойынша туындап отырған кедергілер жоқ.

Облыс әкімі орынбасарының сөзінен кейін аталмыш тақырып бойынша қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев мағлұматтар беріп өтті. Кооперативтер құру ісі бойынша жүргізілген жұмыстар және ет пен сүт бағытындағы ауыл шаруашылық құрылымдарының ахуалы жайында сөз қозғаған Нұрлан Нұрғалиұлы аталмыш бағыттағы жұмыстардың кезең бойынша жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Ал келесі кезекте баяндама жасаған қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов «жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан үшін аграрлық секторды қолдау аса маңызды басымдықтардың бірі» екенін атап өтті. Шындығында, ауыл шаруашылығының әлеуеті тұрғысынан Қазақстан үшін аграрлық секторды қолдау — аса маңызды тақырып. Бұл ретте атқарылған шаралар алдағы уақыттарда да ширата түсуді қажет етеді. Аталмыш бағыттағы шаралар облыс әкімдігінің жәрдемімен жүзеге асуда.

Баяндамашылар сөзінен соң жиынды қорытындылаған Дүйсенғазы Мусин бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Семей қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Дүйсенғазы Мағауяұлы жаңадан ашылған іргелі нысан «Солтүстік» сауда-логистикалық орталығында ұйымдастырылған Бесқарағай ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінде де болды. Қойнауы құтты өңірдің шаруалары аталмыш жәрмеңкеге мол тартумен келіпті. Ауданға қарасты он ауылдық округтің белді кәсіпкерлері бұл күні әкелген өнімдерін сауда сөрелеріне жайып тастады. Бүгінде аты алысқа кеткен Бесқарағай ауданының айтулы серіктестіктері «Қалиқанұлы», «Лана – 2», «Балке» ЖШС өнімдері жұртшылықтың ерекше қызығушылығын туғызды.

Әсіресе халықаралық «халал» сертификатына лайықталған айран, құрт пен май, ірімшік және сүт түрлерін әкелген өзінің шағын зауыты бар «Қалиқанұлы» ЖШС-нің тауарына семейліктер тарапынан сұраныс мол болды. Сауда керуенін бастап келген бесқарағайлық игі жақсылар арасынан аудан әкімі Нұржан Тоқсеитовті жолықтырдық. Бұл жолғы жәрмеңкеге әртүрлі ассортименттегі ауыл шаруашылық өнімдерін әкелгендерін айтқан Нұржан Тлеужанұлы сауда таңғы 7-ден қызып, сәске әлетіне дейін-ақ ет өнімдері пышақ үстінен сатылып кеткенін жеткізді. Айта кету керек, облыс әкімі Даниал Ахметовтің бағаны тұрақтандыру саясатына қатысты тапсырмасы аясында әрбір ауданның сауда-жәрмеңкелері әр сенбі немесе жексенбі сайын бекітіліген тізімге сай өткізіліп отырады. Бұл жолы мол өніммен келген бесқарағайлықтар Семейге келмес бұрын қалалық кәсіпкерлік бөлімімен келісіп, өнімдер бағасын, әкелетін тауар көлемін анықтап алыпты. Сөредегі ет өнімдері қаладағы базар бағасынан анағұрлым арзанға ұсынылып жатты. Мәселен, қойдың қоң еті 900 теңгеден  саудаланса, сиырдың сұрпы еті 1000 теңгеден сатылды. Бұл күні әкелінген 7 тонна көкөніс келісі 60 теңгеден сатылды. Бір жарым тонна сүттің литрі 150 теңгеден саудаланды. Жәрмеңке сөрелерін аралап шыққан облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин өнім түрлерімен танысып, саудалаушы бесқарағайлықтарды сөзге тартты,  сонымен қатар сауда барысына өз бағасын беріп, аталмыш жексенбілік жәрмеңкенің береріне тоқталып өтті.

— Баға мәселесі де, ұйымдастыру ісі де реттелгенін көрдік. Жергілікті нарықтан төмен бағада екен. Халықтың ризашылығын да байқадық. Жалпы, бұл ретте аудан әкімдері жүйелі жұмыс істеп жатыр. Ал бесқарағайлықтар 10 млн. теңгенің өнімін саудалап жатыр екен. Азық-түлік түрлерінің мол екенін аңғардық. Баса айтар жайт, ендігі аралықта өзге аудандар жәрмеңкеге келерде қандай өнімге сұраныс жоғары екенін анықтап алса игі. Себебі бүгінгі таңда қалалықтар тарапынан ауылда өндірілген табиғи таза тауарларға сұраныс мол. Мәселен, бесқарағайлықтар әкелген өнім сағат 11-ге дейін түгесіліп қалыпты. Жалпы, мұндай шараны әлі де жалғастыра беретін боламыз. Бұл ретте аудан әкімі осында келіп сауда жасаймын деген кез келген ауылдық кәсіпкерді көлікпен қамтамасыз етіп, оған жағдай жасап отыр. Мұны да  бағалаған жөн,- деді өз сөзінде Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Сонымен қатар бұл күні жәрмеңкеге келген семейліктер үшін Бесқарағай аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС