"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЙЫМДЫ ҚАСТЕРЛЕУ — БІЗДІҢ ПАРЫЗ

12.04.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, абайтанушы, ақын, драматург һәм аудармашы Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейтойына арнал-ған «Қайым Мұхамедханов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Аталмыш іргелі шараға әдебиет зерттеушілері, тіл білімі саласының ғалымдары, жас зерттеушілер мен студенттер қауымы жиналды.     Халықаралық конференцияға алыс-жақын шетелдердің ғалымдары да жиналыпты. Атап айтсақ, АҚШ мемлекетінен жазушы, әдебиет зерттеушісі Реннер Памела құрметті қонақтар қатарынан орын алды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, саяси ғылымдар докторы Нәубат Қалиев бастаған қазақстандық ғалымдар да конференцияның меймандары атанды.

Айта кету керек, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының негізгі бағыттары «Қайым Мұхамедханов және абайтанудың даму бағыттары», «Қ.Мұхамедханұлы және әдебиеттану мәселелері», «ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі: дәстүр және инновация» тақырыптарына арналған еді. Бұл ретте конференцияның құрметті қонағы ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, академик, жазушы Ғарифолла Есім тақырып аясында тұшымды пікір білдіріп өтті.

— Кешегі өткен Алаш зиялыларының көзін көрген, көпшілігімен жақсы араласқан жандардың бірегейі – Қайым Мұхамедханов. Солардың ішіндегі ең жақын болған адамы Мұхтар Әуезов еді. Сондықтан да, Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы туралы айтқанда, біз еліміздің өткен тарихын, Алашорда тарихын, егемендік тарихын да айтамыз. Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Оған Қайымның 100 жылдығын қоссақ, қазіргі жастарға осы арқылы тарихымызды, өткенімізді жеткізіп қана қоймай, көркемсөзді қадірлеуді үйретеміз. Бүгінгі шараның маңыздылығы да сонда,- деді  Ғарифолла Есім.

Сонымен қатар оқу орнының ректоры Мейір Ескендіровтің алғы сөзімен ашылған конференцияда Қайым Мұхамедхановтың шәкірт-тері қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов те баяндама жасады.

Кезінде Қайым Мұхамедхановтың өзі де қомақты үлес қосқан қазақ әдебиеттану ғылымы аталмыш конференцияда жасалған баяндамалар негізінде тағы бір мәрте тың пікірлермен толыға түсті. Олай дейтін себебіміз — ғылыми конференцияға орай әзірленген ғылыми баяндамалар арнайы жинақ ретінде жарық көреді деп жоспарлануда.

Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналып Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде бастау ал-ған іс-шараның жалғасы түстен кейін Абай атындағы театрда әдеби-сазды кешпен өрілді. Ғалымның ғасыр тойына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы қатысты.

Өшпес мұра қалдырған ғалымның ғасыр тойына танымал әдебиеттанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері, шаһардағы зиялы қауым өкілдері мен жоғары оқу орындарының студенттері жиналды. Салтанатты шара театрландырылған қойылыммен ашылып, Қайымның балалық шағынан көрініс көрсетілді. Бірнеше минуттық сахналық туындыда әйгілі ғалымның балғын шағындағы кешегі ұлт зиялыларының көшбасшысы, Алашорда көсемі Ахмет Байтұрсыновпен кездесу сәті мағыналы түрде сомдалды.

Осыдан соң сахна төріне көтерілген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар көпшілік алдында жылы лебізін білдірді.

— Бүгін біз Алаштың астанасы, әдебиет пен мәдениеттің ордасы Семей қаласында айрықша шараның куәгері болып отырмыз. Кешегі Алаш қайраткерлерінің көзіндей болған, олар өмірден өтіп кеткен соң, өзіндей болған Қайым Мұхамедханов ұлт мирасының бүгінгі күнге дейін жетуіне де себепкер болған еді. Ширек ғасырлық уақытта Тәуелсіздігіміздің арқасында өткенімізге көз салып, бүгінімізді қадірлеп жатқан қазіргі шақта өмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақты Қазақстанның алтын ғасырындағы ең бақытты ұрпақ деп есептеймін. Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы — қазақ әдебиетіндегі үлкен қазына қалдырған ұлт қайраткерінің мерейтойы. Себебі Алаш қайраткерлерінің арманын бүгінгі ұрпаққа табыстап, жеткізіп кеткен арысымыз – Қайым Мұхамадханов. Сондықтан да біз ғалымның құрметіне арнап бірқатар шараларды тек     Семей қаласында ғана емес, Өскемен қаласы мен ШҚО–ның барлық аудандарында, білім ордаларында кең көлемде атап өтуді жоспарладық,- деді Жақсылық Мұқашұлы өз құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары, аймақ басшысы Даниал Ахметовтің арнайы тапсырмасы аясында, ғалымның жүз жылдық мерейтойы жыл көлемінде өткізілетінін тілге тиек ете келе,  Семей қаласынан бір көшені және орталық кітапхананы көрнекті ұлт қайраткері Қайым Мұхамедхановтың атына беру ісін қарастырып жатқанын жеткізді.

Әдеби-сазды кеште Қайым Мұхамедхановтың шығармашылық әлемі сан қырынан ашылды. Атап айтсақ, ұлт қайраткерінің драмалық шығармаларынан көріністер қойылып, ән мен жырға да кезек берілді.

Қ.ӘЛІМБЕК,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС