"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал АХМЕТОВ: ШЫҒЫСТА ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ЖҮЙЕЛІ

12.04.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100  нақты қадам»  Ұлт жоспары аясында ШҚО – да атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Ұлт жоспарындағы әрбір салалар бойынша баяндаған аймақ басшысы бірқатар жүйеленген жұмыстардың барысымен жан – жақты таныстырды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі   Даниал Ахметов алдымен, облыстың 2016 жылғы бірінші тоқсанының алдын ала қорытындысы бойынша, жалпы экономикалық көрсеткіштерге қысқаша тоқталып өтті. Аймақ басшысының келтірген мәліметтеріне сүйенер болсақ, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ішкі және сыртқы факторларды қоса алғандағы жалпы өңірлік өнімнің атаулы көлемі 500 млрд. теңгеден асады деп күтілуде. Бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102 пайызды құрайды. Өнеркәсіп өнімі көлемі 301 млрд. теңгені, немесе 121,9 пайызды, ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім 30,1 млрд. теңгені, немесе 105 пайызды құрап отыр. Даниал          Кенжетайұлының айтуынша, биыл Шығыс Қазақстан облысында 65,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес, мемлекеттік бюджетке 49,9 млрд. теңге салық пен төлемдер аударылды. Оның ішінде жергілікті бюджетке 22,3 млрд. теңге аударылып отыр. Бұл да өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 110,4 пайызға артық.

Баспасөз мәслихатында облыс әкімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған бес институционалдық реформаның бірінші бағыты — «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» мәселесіне тоқталды. Әлбетте, әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарынан көріну үшін ең алдымен мықты мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселесі мейлінше өзекті. Сондықтан да «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарын іске асыруда ең бірінші кезекте мемлекеттік қызметті дамытуға көңіл бөлінуі еліміздің мемлекеттілігін нығайтып, қоғам мен мемлекетті түбегейлі өзгертуге, жаһандық және iшкi сын-қатерлерге қарсы атқарылатын ауқымды іс – шаралардың сапалы жүргізілуіне деген салмақты саясатты білдіртсе керек. Осы орайда аймақ басшысы Ұлт жоспарының бірінші реформасын жүзеге асыру бағытында облыста «А» корпусынан үш әкім өз қызметіне кіріскенін атап өтті. Бұл — өңірдегі кәсіби мемлекеттік аппарат құру барысының алғашқы қадамы. Сонымен қатар Даниал Ахметов кадрлық әлеуетті арттыру ісі әлі де жалғаса беретінін жеткізді. Екінші реформа — бұл  сот жүйесін оңтайландыру және құқық қорғау органдар жұмысының тиімділігін арттыру, Ұлт жоспарында көрсетілген заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Осы негізде жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылды. Ал қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен арнайы қаражат бөлініп, учаскелік инспекторларға арналған автокөлік алынбақ.

— Қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесудегі жергілікті полиция қызметтерінің жедел әрі дер кезінде әрекет етуін жолға қою мақсатында облыс бюджетінен учаскелік инспекторларға 100 автокөлік сатып алу үшін 285 млн. теңге бөлінді,- деді баспасөз мәслихатында облыс әкімі.

Облыс басшысы сондай-ақ қоғам тарапынан жергілікті полиция қызметінің жұмысына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интернет-порталын құруға тапсырма бергенін атап өтті. Аталған картада барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар онлайн режімде тіркеліп отыратын болады. Бұл қоғамға полиция жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Риддер мен Курчатов қалаларында «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» жандандырылған.

Даниал Ахметов баспасөз мәслихатында экономикалық көшбасшы беріктігін қамтамасыз ететін үшінші реформаға да ерекше назар аудартты. Даниал Кенжетайұлы бұл бағыттағы реформалардың ұлттық экономиканы білімге негізделген озық экономикаға айналдыратынын атап өтті. Мұның нәтижесінде қазақстандықтардың әлеуметтік тұрмысы жақсарып, әлеуеті әлденеді. Индустрияландыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін Қазақстанда түбегейлі құрылымдық реформалар жүзеге асырылады. Айта кетуіміз керек, Ұлт жоспарының маңызды міндеті – экономикалық даму мен индустрияландыру — қазір   Шығыс өңірінде сәтті жүзеге асуда.

— Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінгі күні өнімділік пен тиімділікті арттыруға өнімділігі аз салаларды қолдаудан арылып, болашағы бар, ең бірінші кезекте экспортқа негізделген салаларды таңдап алу қажет. Облыстың экономикалық жағдайы қазір де, келешекте де өнеркәсіптің дамуымен байланысты және негізгі басымдық Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыруға беріледі,- деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, облыста 890,7 млрд. теңгенің 76 жобасы жүзеге асырылуда. Осы жылға дейін 225,7 млрд. теңгенің 48 жобасы жүзеге асырылған еді. Ал ағымдағы жылы 9,7 млрд. теңгенің 10 жобасы жүзеге асырылатын болады. Олар тауарлардың экспорттық әлеуетін арттыруға және Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуына септігін тигізетін жобалар. Осы орайда экспорттық нарыққа өнім шығаруға арналған Ақтоғай кен-байыту комбинаты және Өскемен қаласындағы толық циклді автомобиль зауыты мен автобөлшектер технопаркінің құрылысын атап өтуге болады. Сондай-ақ 2017-2018 жылдары қолданысқа берілетін Жарма ауданындағы Бақыршық тау-кен байыту кешені, Бесқарағай ауданындағы           кобальт-никель өнімдерін шағаратын зауыт, Зырян ауданындағы Тұрғысын каскад гидро электр стансасының құрылыстары да маңызды жобалар қатарында.

ШҚО – да, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ғылымды қажет ететін экономика құру бойынша қарқынды жұмыс- тар басталды. Даниал Ахметовтің айтуынша, бүгінгі таңда технологиялық процестерді оңтайландыру және экономиканың тиімді жаңа бағыттарын дамыту мақсатында 5,4 млрд. теңгені құрайтын 10 маңызды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар әзірленуде. Аталмыш жобалардың жүзеге асырылуы жүздеген миллиардтан астам қаржыны құрайтын жаңа тәжірибелі өндіріс орындарын ашуға, жаңа жоғары технологиялық өнім алуға,  жаңа жұмыс орындарын ашуға, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деп күтілуде. Бұл жобалар медицинаның, мұнай-газ саласының дамуына, өндірістің технологиялық қалдықтарын өңдеуге және тиімділігі төмен кендерден құнды металл алуға бағытталып отыр. Олар облыстағы кәсіпорындарға енгізіліп, мемлекет экономикасымен қатар, тұрғындардың өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді.

Еліміздің экспорттық әлеуетін көтеру мақсатында Шығыс Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан маңызды индустриялық жобалардың бірі  толық циклді автомобиль зауыты және автобөлшектер өндірісі бойынша технопарк құрылысы болып табылады. Құны 112,8 млрд. теңгеге бағаланған жоба арқылы 4 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

— Қазір Қазақстанның автомобиль өндірісі үшін қиын кезең болып тұр. Баға интервенциясына байланысты, республикамызға Ресейден соңғы 2 жылда шамамен 300 мың автомобиль әкелінді. Бұл өткен жылы «Азия Авто» АҚ-ның автомобиль өндірісін 80 пайызға төмендетті. Облыс өнеркәсіп өнімі көлемінде 85 млрд. теңгеден қағылды. Жергілікті өндірістен шығарылған автомобильдердің сатылымын сақтау және нарықтарды кеңейту үшін Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолияда екі жақты кездесулер өткізілді,- дейді Даниал Ахметов.

Аймақта сүт және сүт өнімдерін шығаруды дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту мақсатында да тауарлы сүт фермалары мен сүт қабылдау пункттерін құру бойынша кешенді бағдарлама қабылданды. Осы орайда облыс көлемінде 37 тауарлы — сүт фермасын құру жоспарланған болатын. Өткен жылы оның 13-і  енгізілсе, биылғы жылы 24 тауарлы — сүт фермасы мен 12 сүт қабылдау пунктін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аймақ басшысы өз сөзінде өңірде ет бағытындағы мал басын көбейту, тұқымды түрлендіру және бордақылау алаңдарын салу жұмыстары жүргізіліп жатқанына да тоқталды. Ондағы мақсат – мал шаруашылығы өнімдеріндегі импорттық үлесті азайту. Ет бағытындағы шаруашылықтарды одан әрі дамыту үшін өңірде кешенді жұмыстар бар.  Бұл ретте мал басын көбейту, жем­шөп базасын пайдаланылмай қалған жер телімдерін айналымға енгізу есебінен нығайту, ветеринарлық ахуалды оңалту сынды жұмыстар қолға алынды.

Ұлт жоспарына сәйкес, ШҚО – ның құрылыс саласында да қарқынды жұмыстар мен оң өзгерістерді байқауға болады. Елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 46-49 — қадамдары аясында рұқсат алу құжаттарын ұсыну 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Тұрғын үй құрылысының шарттары өзгертілуде. Басты назар жалдамалы және несиелік тұрғын үй құрылысына қойылып отыр. Осы ретте аймақ басшысы тұрғын үй құрылысының үрдісін сақтау мақсатында 322,5 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілетінін, оның ішінде «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ жүйесі арқылы 126 мың шаршы метр баспана салынатынын атап өтті.

—  Ағымдағы жылы Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданының инфрақұрылымы аяқталатын болады. Бұл 600 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді. Пайдалануға берілетін әрбір әлеуметтік нысан тұрғындар үшін сапалы жасалуы керек деп есептеймін,- дейді баспасөз мәслихатында өңір басшысы.

Аймақ басшысы өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі жол жөндеу жұмыстары екендігін де атап өтті. Облыс әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстарына кететін шығын орташа жөндеу жұмыстарына ауыстырылған. Осының нәтижесінде 10,6 млрд. теңгеге 387 шақырым жолды қалпына келтіруге мүмкіндік берілмек.       Д.Ахметов әсіресе көпшілік демалатын орындардың халыққа қолайлы болуы үшін жағдай жасалатынын атап өтті. Атап    айтқанда, облыс бойынша Сібе көлдері, Алакөл көлі, Бұқтырма су қоймасы, Көгілдір бұғаз аумағы, сонымен қатар Өскемен және Семей, Аягөз бен Ақсуат араларындағы жолдар жөнделмек. Бұдан өзге Астана — Өскемен бағытындағы Орталық — Шығыс халықаралық көлік дәлізін қайта жөндеуден өткізуге, сондай-ақ республикалық маңызы зор Алматы — Өскемен автожолының бірқатар бөліктерін қайта жөндеуден өткізу күтілуде.

Баспасөз мәслихатында Даниал       Ахметов жалпы өңірдің әлеуметтік — экономикалық дамуына тың серпін беретін бағдарламалар мен жобалардың, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет жүзеге асырылып жатқан жобаларға жан – жақты тоқталды. Сонымен қатар облыс журналистері аймақ басшысына өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алуға мүмкіндік алды.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Алакөл жағалауында – демалушыларға арналған жаңа мүмкіндіктер

21.06.2025
Алакөл жағалауында – демалушыларға арналған жаңа мүмкіндіктер

Semeytany.kz – Абай облысындағы Алакөл көлі – еліміздегі ең көрікті әрі туристік әлеуеті жоғары демалыс орындарының бірі. Биылғы маусымда көл...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Шар қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

20.06.2025
Облыс әкімі Шар қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Жарма ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Шар қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды...

Толығырақ...Details

Семей қаласының қоғамдық көлік паркі 44 жаңа автобуспен толықты

20.06.2025
Семей қаласының қоғамдық көлік паркі 44 жаңа автобуспен толықты

Semeytany.kz – Ертең өтетін «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы қарсаңында Семей қаласының қоғамдық көлік жүйесі 44 заманауи автобуспен толықты....

Толығырақ...Details

Абай облысында интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

20.06.2025
Абай облысында интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Semeytany.kz – 2024 жылы Абай облысында мыңға жуық тұрғын интернет алаяқтардың құрбанына айналған. Құқық қорғау органдары тұрғындарды алаяқтықтың жаңа түрлеріне...

Толығырақ...Details

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің шекарашылары шекара тәртібін бұзу фактілерінің алдын алды

20.06.2025
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің шекарашылары шекара тәртібін бұзу фактілерінің алдын алды

2025 жылғы маусым айының ортасында Абай облысы аумағындағы шекаралық бақылау бөлімшелерінде бірнеше заңбұзушылық анықталды. Есірткі заты тәркіленді: 15 маусым күні...

Толығырақ...Details

Облыс эпидемиологтары құтырма дертінің алдын алу маңыздылығын ескертті

20.06.2025
Облыс эпидемиологтары құтырма дертінің алдын алу маңыздылығын ескертті

2025 жылы Абай облысында адам құтырмасына шалдығудың алғашқы дерегі тіркеліп, қайғылы жағдаймен аяқталды. Аурудың себебі — иттің тістеуі. Оқиға ауылдық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алакөл жағалауында – демалушыларға арналған жаңа мүмкіндіктер

15 часов бұрын

Облыс әкімі Шар қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

2 дня бұрын

Семей қаласының қоғамдық көлік паркі 44 жаңа автобуспен толықты

2 дня бұрын

Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды

2 дня бұрын

Абай облысында интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

2 дня бұрын

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің шекарашылары шекара тәртібін бұзу фактілерінің алдын алды

2 дня бұрын

Облыс эпидемиологтары құтырма дертінің алдын алу маңыздылығын ескертті

2 дня бұрын

Абай облысында халықаралық деңгейдегі «Абай оқулары» басталды

2 дня бұрын

Суықбұлақ ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен кездесті

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС