"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ДЕПУТАТТАР ТАЛҚЫЛАУЫНДА

15.04.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық мәслихатының кезекті екінші сессиясы өтті. Депутат Марлен Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен сессия жұмысына 22 халық қалаулысы мен қала әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Ерембесов, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова және облыстық ревизиялық комиссияның мүшесі  Айман Турекенова, қаламыздағы мекемелер мен ұйымдар өкілдері, ауылдық округтер әкімдері қатысты.

Жиын кіріспесінде алғы сөз қаламыздағы өңірлік сайлау комис-сиясының төрағасы Зейнолла Тоқа-евқа беріліп, ол өз кезегінде қалалық мәслихат депутаттарына салтанатты түрде депутаттық куәліктер мен төсбелгілер табыс етті.

Бұл жолғы кезекті сессия барысында жалпы саны 11 мәселе қаралды. Депутаттар бірінші кезекте қалалық мәслихат хатшысының 2015 жылға есебі бойынша және қала бюджетінің осы мерзімдегі орындалуы жөнінде мәселе қаралды.

Сонымен қатар Семей өңіріндегі жұқпалы мал ауруларының алдын алу шаралары туралы қалалық ветеринария бөлімнің басшысы Мұратхан Задин жан-жақты баяндады. Оның мәліметінше,  бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын жүйелі түрде жүргізіледі. Аталмыш мақсатта қаламызда қазыналық негізде ветеринарлық – фитосанитарлық қызмет құрылған болатын. Оның құрамында қазіргі таңда 80 мал дәрігері өнімді еңбек етуде. Бұл қызмет аясында профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жүргізу үшін 70 млн. теңгеден астам қаржы қарастырылып, игеріліпті. Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, өткен 2015 жылы Сібір жарасына, аусыл, құтырма ауруына және пастереллезге қарсы екпе жұмыстары жүргізілген. Бұл шаралар ірі қара мал мен мүйізді ұсақ мал өсіретін шаруашылықтар арасында өткізілген.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығына байланысты жұмыстар ілкімді түрде жүзеге асуда. Атап айтсақ, өңірімізде бір қасапхана және бір ет өңдеу кәсіпорны, 16 мал сою алаңдары, сонымен қатар 18 типтік түрдегі мал өлекселерін көметін орын ашылған. Ауылдық округтердегі мұндай орындардың барлығы да ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келеді. Бір бұл емес, иесіз ит-мысықтарды аулау үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен 11 млн. 800 мың теңге бөлініпті. Есепті мерзім ішінде Семей қаласы мен оған қарасты ауылдық округтерде  5 354 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланған. Осы арқылы жұқпалы аурулардың таралуының алды алыныпты.

Сонымен қатар сессия отырысы барысында қалалық мәслихаттың өндірісті дамыту, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы, №16 сайлау округінің депутаты Әміржан Ахметжанов аталмыш комиссияның «Мереке» және «Ақшың» базарларындағы қасапхана цехына жасаған сапары туралы баяндап өтті. Халық қалаулысы мал сою пунктінің сантитарлық анықтама берудегі реттілік пен тәртібі туралы да тоқталып өтті. Айта кету керек, сойылған мал еті сауда сөрелеріне түспес бұрын арнайы сараптамалық тексеруден өткізіледі екен. Бұл шараның жұқпалы аурулар түрлерінің таралмауына және сатылатын азық-түліктің сапасына мән беруде маңыздылығы жоғары.

Депутаттар келесі кезекте Семей қаласы бойынша туберкулез ауруының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар туралы мәселелерді өзара талқыға салды. Аталмыш тақырып бойынша ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Ғалия Жуасбаева баяндама жасап өтті.

Айта кету керек, бүгінгі таңда өкпенің жұқпалы дертімен ымырасыз күрес жүргізу мемлекеттік саясаттың басымды бағыты саналады. Қазіргі күндері қаламыз бен оның 700 шақырымдық радиусы бойынша Семей өңірлік туберкулезге қарсы диспансері тұрғындарға қызмет көрсетеді. Яғни, жалпы саны, 618 мың адам қамтылады деген сөз. Оның ішінде 140 мыңы балалар, ал 23 мыңы жасөспірімдер екен. Ғ.Жуасбаеваның айтуынша, соңғы он жыл көлемінде аталмыш сырқат түрі бойынша аурушаңдық біршама бәсеңдеген. Өкпе дертімен сырқаттанушылар саны 3,7 есеге төмендесе, өлім-жітім көрсеткіші 8,8 пайызға азайыпты.

Ғалия Жуасбаева өз сөзінде бұл ауру түріне шалдыққандарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау мен амбулаториялық тәртіппен емдеудегі іс-шаралар барысына тоқталды. Бұл ретте ем алушылар тарапынан арыз-шағымдар түспеген. Әйтсе де әлі де болса бірқатар шаралар ширата түсуді қажет етеді. Баяндамашының сөзінен соң қалалық мәслихаттың әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, дене шынықтыруды дамыту және спорт ісі бойынша құрылған тұрақты комиссияның төрайымы, №21 сайлау округінен түскен депутат Айнұр Арғынбекова  өз әріптестері алдында Семей өңірлік туберкулезге қарсы диспансеріне жасаған сапарлары туралы баяндап өтті. Комиссия төрайымы өз сөзінде аталмыш аурухананың заман талабына сай жабдықталғанын, дәрі-дәрмек заттарымен толық көлемде қамтылып, өкпе сырқатымен күрес жүргізу және оны анықтау жолында тиімді түрде қызмет көрсетіп жатқанын тілге тиек етті. Ал балалар ауруханасында бүгінгі күн тұрғысынан алғанда лайықты саналатын оқу сыныптары бар екендігін, оның өз кезегінде ұзақ уақыт бойы стационарлық ем қабылдап жатқан балалардың дұрыс білім мен тәрбие алуларына оңтайлы жағдай жасайтынын жеткізді. Сонымен қатар аталмыш нысандарды аралап шыққан соң тұрақты комиссия мүшелері дәрігерлер қауымының қатысуымен басқосу өткізіпті. Жиын барысында емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері өз тараптарынан пікір-ұсыныстарын білдіріпті.

Осыдан кейін депутаттар Семей қаласындағы Жастар саясаты туралы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру туралы шешімді және де 2015 жылдың 23 желтоқсаны күнгі шаһардың 2016-2018 жылдарға арналған бюджетіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы № 47/258-V шешімін қарастырды. Әсіресе соңғы мәселе депутаттар тарапынан қызу талқылау туғызды. Халық қалаулыларын жол жөндеу, көше бойындағы суағарлар мен жарықтандыру мәселесі алаңдатады екен. Мұнымен қоса депутаттар денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт саласы мамандарын әлеуметтік қорғау мәселесін талқыға салды. Ал қалалық мәслихаттың екінші сессиясының соңында депутаттар «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясына тіркеу мәселесін қарастырды.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік шара өтті

01.05.2026
Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Абай облысында кең көлемде аталып өтіп жатыр. Бүгін Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданындағы...

Толығырақ...Details

«Заң керуені» Бородулиха ауданында: тұрғындар құқық қорғау органдарымен кездесті

01.05.2026
«Заң керуені» Бородулиха ауданында: тұрғындар құқық қорғау органдарымен кездесті

Бірнеше елді мекеннің тұрғындары құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметкерлермен өз аудандарының инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселелерін талқылады. Тәртіп сақшылары тұрғындардың...

Толығырақ...Details

Діни бірлестік өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

01.05.2026
Діни бірлестік өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті облыстың діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Қазақстан...

Толығырақ...Details

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

01.05.2026
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы әрі Орталық Азиядағы жүгеріні терең...

Толығырақ...Details

Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

30.04.2026
Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

Semeytany.kz – Абай облысында фитосанитариялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау бағытында кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыс...

Толығырақ...Details

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды

30.04.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды

Semeytany.kz – Семей қаласында бой көтеретін жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында алғашқы құрылыс нысандарының жұмысы басталды. Облыс әкімі Берік Уәли құрылыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік шара өтті

2 дня бұрын

«Заң керуені» Бородулиха ауданында: тұрғындар құқық қорғау органдарымен кездесті

2 дня бұрын

Діни бірлестік өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

2 дня бұрын

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

2 дня бұрын

Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

3 дня бұрын

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды

3 дня бұрын

Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

3 дня бұрын

Облыс әкімі шалғайдағы Көксала ауылының тұрғындарымен кездесті

3 дня бұрын

Аягөзде жаңа мыс өндірісі іске қосылды: «Сарыбұлақ» кен орны жұмысын бастады

3 дня бұрын

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС