"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫМЕН САБАҚТАС

19.04.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей шаһарында қалалық Қазақ тілі қоғамының кезекті құрылтайы болып өтті. Ұйымдастырылған аталмыш басқосуға қалалық әкімдіктің бөлім басшылары, білім ордалары мен мәдени нысандар жетекшілері, студенттер, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері жиналды.

Алғашқы сөз кезегі қала әкімінің орынбасары Надежда Шароваға берілді.

— Қазақстан халқының бірлігінің басты айғағы болып табылатын мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы қоғамдық өмірімізде маңыздылығы айтарлықтай зор. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған бұл жиынды болашақта атқарылатын іргелі шаралардың бастамасы деп білгеніміз жөн. Жалпы, мемлекеттілігіміздің негізі болып табылатын қазақ тілін дамыту  Елбасы атап көрсеткен басымдықтарға негізделеді,- деп атап өткен Надежда Васильевна аталмыш шарада тек тілдің қолданылу аясын айғақтап қана қоймай, сонымен қатар егемендік жылдарындағы жетістіктермен қатар өру қажеттігін де атап өтті.

Жиын барысында регламент сақталып, әрбір баяндама жасаушыға 15 минуттан, ал сөз алып пікір білдірушілерге 5 минуттан уақыт берілді. Осыдан кейінгі баяндама кезегі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаевқа беріліп, бөлім басшысы Семей қаласындағы Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолдану туралы 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясындағы атқарылған жұмыстар жөнінде  жан-жақты мағлұмат беріп өтті.

— Қазақ тілінің мәселесі кешегі күні де маңызды болатын. Өзектілігі қазіргі таңда да өз мәнін жойғаны жоқ. Бұл ретте еліміздің тіл туралы заңы және Үкіметіміз қабылдаған 2020 жылдарға дейінгі арналған арнайы бағдарламасы бар. Соған сәйкес, қолданыстағы қазақ тілінің аясын кеңейтуге ерекше басымдық берілген. Қазіргі таңда осы бағытта бірқатар ілкімді жұмыстар жасалынып жатыр,- деп атап өткен бөлім басшысы қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі шараларға кеңінен тоқталып өтті.  Берік Көпбайұлы атап өткендей, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тіл ұлт бірлігінің факторы ретінде қарастырылады. Ал дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың бір әлеуеті қатарында «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтас болып табылады. Бұл мақсаттар қазақстандықтардың кейінгі ұрпаққа қалдырар ең басты байлығы – ел бірлігін сақтап, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған. Тіл — жалпыұлттық құндылық, оны біз әрбір жастың бойында дамытуға тиіспіз. Аталмыш құрылтайды өткізудегі мақсат та осы тараптан өрбиді.

Бір бұл емес, жиын барысында сөз алған баяндамашылар қазақ тілінің қолданыс аясы және оны кеңейте түсу жөнінде өз ойларын білдіріп, салмақты ұсыныстар тастады.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

13 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

14 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

14 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

14 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

15 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

15 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

15 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

15 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС