"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ӘЖЕЛЕР

22.04.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі Достық үйінде қалалық әжелер сайысы өтті. Тағылымды шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылды. Сайысты өткізудегі басты мақсат – әжелеріміздің өнері, үлгі-өнегесі  арқылы жастарды ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу әрі қоғамдағы ананың мәртебесін көтеру. Сайыстың өтуіне қалалық Достық үйіндегі «Айша бибі» қазақ мәдени орталығы ұйытқы болыпты. Ал сайысқа оннан аса әже қатысуға ниет білдірген. Өнер сайысы 4 кезеңнен тұрды. Оның барысында қатысушылар өзі және өзінің жанұясы туралы ақпаратпен бөлісіп, ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, көрерменге өз өнерлерін паш етті.

— Сайыскерлеріміз өте жақсы дайындықпен келгенін байқатты. Олар-дың дені түрлі салада ұзақ жылдар еңбек еткен зейнеткерлер. Байқау кезінде әжелеріміз әділ қазылар алқасы мен көрермендер назарына ұмытылған салт – дәстүрлерді ұсынды. Қарттарын қадірлей білген қазыналы ел екеніміз белгілі. Халқымыздың кейуаналары қай заманда болмасын өздерінің ақыл-парасатымен ерекшеленетін. Қазақтардың өмірінде ананың алар орны ерекше. Бүгінгі қатысушыларымыз өскелең ұрпаққа үлгі болады деп сенемін. Олар ұмыт болған құндылықтарымызды жаңғыртып, жастарға көрсетіп, салт-дәстүрлерімізді үйретуге күш салады. Осы шараның нәтижесінде үздік шыққан әжелеріміз алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болады. Жастар үшін тәлім — тәрбиесі мол осындай шараларды ары қарай жалғастыруды көздеп отырмыз,- дейді «Айша бибі» қазақ мәдени орталығының жетекшісі Айман Боқбасарова.

Осы өнер жарысына бәсекеге түсу үшін емес, керісінше, жас ұрпақпен өзінің өмірдегі көрген-білгенін бөлісуге келген қатысушылардың бірі — Роза Исақызы. Ақ жаулықты ана 40 жылдай ғұмырын ұстаздық салаға арнапты. Бүгінде зейнеткерлікке шыққан аяулы жан немерелерін бағып, жас буынды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуге күш салып келеді екен.

— 2005 жылы осы Семей қаласына көшіп келген едім. Сол кезде осы «Айша бибі» қазақ мәдени орталығының бар екенін естідім. Бұл орталықтың мүшелерімен бір шарада кездесіп қалғанымда, ол кісілер мені өздеріне шақырды. Ұсынысты қабыл алдым. Өзім, негізінен, халық әндерін айтуды ұнатамын. Бірнеше байқауларда жеңімпаз да болдым. Бүгінгі уақытта үш немеремнің тәрбиесімен айналысып келемін. Ал мына өнер сайысы ата-бабаларымыздан мирас болып қалған дәстүрімізді насихаттап, оларды жаңғырта түседі деген үміттемін. Халқымыздың әдеп-ғұрпының мәні мен маңызы өте терең. Сондықтан да біз ұлттық мәдениетіміздің жақсы жақтарын өскелең ұрпаққа дұрыс жеткізе білуіміз қажет деп есептеймін,- деді Роза Исақызы.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,                                                                                                                                                                «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

20 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

20 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС