"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕМОРАНДУМ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

22.04.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, яғни  аптаның бейсенбісінде, «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы ғимаратында аталмыш партия филиалы мен Семей аймағы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық басқармасы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде өзара түсіністік пен ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылды.

Аталмыш шараға орай ұйымдастырылған басқосуға Семей аймағы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасы басшысы Дархан Елтоқов, «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова, партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы Ғаббас Ибраев, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Аман Тілеубаев, қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының төрағасы Марат Сандыбаев және қаламыздағы өзге де партия белсенділері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Аталмыш іс-шараның сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясатты дамытудағы мән-маңыздылығы жоғары. Өз кіріспе сөзінде аталмыш тарапта ой өрбіткен З.Жамалтдинова ендігі аралықта екі жақты келісім аясында бірлесіп жұмыс жүргізетіндіктен, алдағы тұрған мақсат-міндеттер аясы кеңейе түсетіндігін жеткізе кетті.

— Бұл қол қойылатын келісімнің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасы  Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын,  «Нұр Отан» партиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған  бағдарламасы мен Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қызмет ету, заңдылықты қамтамасыз етуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi  принциптерiнің сақталуын жүзеге асыру,- деп атап өткен Зульфия Фазылжанқызы мемлекет мүдделерін сақтай отырып, мемлекеттік қызмет түрлерін іске асыруда азаматтардың  құқығының қорғалуын қамтамасыз етудің, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық көріністері мен проблемалы аумақтарды айқындау шараларын қолданудың маңыздылығына да тоқталып өтті. Яғни, бұл Елбасының жемқорлықпен күрес жөніндегі саясатын іске асыру бағытындағы бірлескен маңызды профилактикалық іс-шаралар болып табылады. Ал бұл ретте семейлік партия мүшелері әрдайым белсенділік танытуға әзір.

Ал өз сөзінде осынау меморандумның аясында жүргізілетін жұмыстарға тоқталып өткен Дархан Жарылқасынұлы оның мерзімінің шектеусіз екендігін жеткізді.

— «Коррупция» сөзі латын тілінен аударғанда «шірінді» деген мағынаны білдіреді екен. Ал оны кесіп алып тастау ләзім. Яғни, бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізу қажет деген сөз, — деп атап өткен Семей аймағы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасы басшысы бұл жұмыстарда да  партияға арқа сүйейтіндіктерін айтты.

Осыдан кейін филиал төрайымы мен басқарма басшысы бірлескен жұмыстар жөніндегі меморандумға қол қойып, тарихи сәт орын алды. Ал басқосуға қатысушы қонақтар арасынан пікір білдірген партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы Ғаббас Ибраев аталмыш бағыт бойынша осы күнге дейін де жұмыс жүргізіліп келе жатқандықтан, алдағы уақыттарда осы бағыттағы іс-шаралар қатарын тіптен ширата түсуге мүмкіндік ашылатынын, болашақта бірлесе қызмет атқаруға әрдайым әзір екендіктерін айтып өтті.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,                                                                                                                                                                             «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

20 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

20 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС