"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАЗ ЖАЙНАТЫП, КҮН КҮЛДІРІП…

24.06.2016
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Балалардың асыға күтетін қызыққа толы жазғы демалыстарының басталғанына көп бола қойған жоқ. Оқу жылынан кейінгі демалыстың әр баланың денсаулығын нығайтып, денесін шынықтыру мен күш жинауда маңызы зор екені даусыз. Мазмұнды ұйымдастырылған демалыс балаларды белгілі бір деңгейде еңбекке, өнер мен спортқа баулиды. Бұл ретте жазғы лагерьлердің алар орны ерекше. Семей қаласында да жазғы демалыстың жақсы ұйымдастырылуына үлкен көңіл бөлінуде. Бұған қала төңірегіндегі жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысымен танысу барысында көз жеткіздік.

Өткен аптада Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко бастаған білім бөлімінің мамандары мен БАҚ өкілдері алғаш болып қала сыртындағы «Радуга» жазғы сауықтыру лагерінің жұмысымен танысты. Бүгінде аталмыш лагерьде 130-дан астам мектеп жасындағы балалар тынығуда. Мұнда балалар демалысты оқумен ұштастырып, білімдерін жетілдіруде. Балаларды сауықтырумен 1995 жылдан бері айналысып келе жатқан лагерь ағымдағы жылы жазғы демалыстың 21-ші маусымын ашыпты. Бұл жерде, қаламызбен қатар, ауылды жерлерден келіп тынығып жатқан балдырғандар да бар. Осылайша, лагерь базарлы балалық шақтың мекеніне айналған. Топтарға бөлініп, тəрбиелік мəні бар шаралар мен қызықты сайыстарға белсене қатысуда. Көптеген шараларды ұйымдастыруда тәжірибелі тәлімгерлер мен ұстаздар еңбегінің зор екені айтпаса да түсінікті. «Радуга» жазғы сауықтыру лагерінің жетекшісі Айдар Тұрпанбаевтың айтуынша, лагерь төрт ауысым бойынша жұмыс істейді және бүгінгі күнге дейін жолдамалардың түгелі дерлік беріліп қойыпты. Ал соңғы ауысымда аталмыш лагерьде өңіріміздегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары тынығады екен.

— Бүгінгі күні лагерьге жолдама бере алмаймыз. Өйткені барлық ауысым толықтай қамтамасыз етіліп қойды. Дегенмен де лагерьге тынығуға ниет білдіріп отырғандар көп болып отыр. Алайда біз демалыс орнына 130 баладан артық қабылдай алмаймыз. Айта кетуіміз керек, жыл сайын біздің лагерьде демалатын балалар саны артып келеді. Сондықтан да басқа да қаржы көздерін қарастырып,  қосымша ғимарат салып, балаларды көбірек қабылдауға мүмкіндік жасауымыз керек,- дейді Айдар Нұрсұлтанұлы.

Жазғы тынығу лагерінің аумағы төрт гектарды құрайды. Яғни қосымша нысан салуға толық мүмкіндік бар. Қазіргі күні 100 орынға арналған жаңа нысанның жобалық-сметалық құжаттары да әзір көрінеді. Тек қаржыландыру мәселесі шешілсе болғаны. Жазғы демалыс лагерінде туындап отырған тағы бір түйткілді мәселе — балаларға арналған шомылатын орынның жоқтығы. Сала мамандарының айтуынша, бірінші кезекте бассейн тұрғызу қажет. Расымен де, балалар үшін жазғы демалыста шомылу аса маңызды.

Біз қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенкодан мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерьлерінің де атқарып жатқан жұмыстары жайлы сұрап білдік. Білім бөлімі басшысының айтуынша, 60 мектеп жанындағы лагерьлер маусым мен шілде аралығында жұмыс істейді екен. Оның ішінде қала сыртындағы «Жас қанат», «Радуга», «Түріксібке 50 жыл» лагерьлері бар.

— Бұл лагерьлерге жолдамалар түгелдей дерлік сатылған. Ағымдағы жылы қала сыртындағы лагерьлерде 2 мыңға жуық бала демалатын болады.  Ал биылғы жылы жолдаманың құны 22 мың теңгені құрайды. Бұған қоса 66 балаға тегін жолдама берілген. Оған қала бюджетінің қорынан арнайы қаражат бөлініп отыр. Бұған қоса шаһар балдырғандары Биологиялық орталық жанындағы арнайы лагерьде де демалуда. Ол жерде балалар демалып қана қоймай, ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік алады. Балалар жануарларды күтумен қатар, зерттеу жұмыстарын да жүргізеді. Балалардың күні бойы тынығуына қаламыздағы Балалар мен жастар шығармашылық сарайы да толық мүмкіндік жасап отыр. Сол сияқты «Жас қанат» және «Жас жұлдыз» жазғы алаңдарында да осындай жұмыстар жүргізілуде,- дейді Наталия Фесенко.

Бөлім басшысының сөзіне сүйенер болсақ, оқушылар оқу жылы аяқталысымен ұйымдастырылған  бір күндік демалыс шараларына да белсенді қатысыпты. Айталық, көптеген мектеп ұжымдары Жидебайда, Өскемен қаласындағы этноауыл мен Катонқарағай ауданында болып өңірдің тарихымен, табиғатымен танысып қайтқан. Бұдан өзге өңірімізде балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуді көздейтін облыстық бағдарлама бар көрінеді. Бағдарлама аясында оқушылар жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында қазақ және ағылшын тілдерін үйрететін тіл үйрену лагерьлеріне бармақ.

— Айталық, балаларымыз алдағы уақытта «Үржарайым» жазғы сауықтыру лагерінде он күн бойы демалып, ағылшын тілін үйреніп қайтады. Кейінірек тағы бір топ мамандарымыз оқушылармен Зайсан қаласындағы лагерьде болып, қазақ тілін меңгереді. Айта кетуіміз керек, осындай лагерьлер ағымдағы жылы алғаш рет ұйымдастырылып  отыр. Тағы бір айта кетерлігі, осы жылы жазғы тіл үйрену мектептері қолға алынды. Бұл жұмыстарды Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қазақ-түрік лицейі ұйымдастыруда. Бүгінгі күні бұл мектептерде бірінші маусым аяқталды. Алдағы уақытта тіл үйрену мектептеріне балалар қабылданатын болады,- дейді бөлім басшысы.

Шаһарымыздың бас ұстазы балалардың тынығу орындарында бірқатар түйткілді мәселелердің бар екенін де жасырған жоқ. Оның айтуынша, лагерьлердің материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет. Мысалы, балалар жататын ғимараттар, әртүрлі алаңдар мен тамақтану орындарын салу сынды жұмыстар бірінші кезекте тұр. Осы мәселелердің түйінін шешу үшін қалалық білім бөлімі лагерь басшылығына атқарылуы тиісті жұмыстарға байланысты жобалар әзірлеуді тапсырыпты. Ал бөлім басшылығы осыған сай жұмыс жоспарын құрып, шешімін табуға түрткі болмақ. Дегенмен білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко бұл бағыттағы жұмыстарда тек бюджет қаржысына қарап отырудың қажеті жоқ екенін айтады. Есесіне әртүрлі бағдарламаларды пайдалана отырып, арнайы жобаларға қатысып, түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға атсалысулары қажет.

Жұмыс сапары барысында тілшілер қауымы қала сыртындағы «Жас қанат» лагеріне де ат басын бұрды. Бүгінде мұнда 80 бала заман талабына сай жабдықталған орындарда тынығуда. Балалардың жатын бөлмелері, іс-шаралар өткізуге арналған алаңдар мен жазғы демалыстың көркін қыздыратын бассейн де бар екен. Алаңдарда волейбол, футбол, баскетболмен қатар,  түрлі ұлттық ойындар да өтіп тұрады. Балалармен жалықпай жұмыс жүргізетін тəлімгерлер мен тəрбиешілердің еңбектері зор екендігін айта кету ләзім.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 день бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

3 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

5 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

5 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС