"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДЕПУТАТТАР ЕЛ ІШІНДЕ

07.02.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

3 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Айқын Қоңыров, Роман Ким, Берік Оспанов — арнайы жұмыс сапарымен Семей қаласына келді. Жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатымен еңбек ұжымдарымен, жастармен және ұстаздар қауымымен кездесті.

Алдымен халық қалаулылары «Семей цемент зауыты» ЖШС-нің жұмысымен танысып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким Мемлекет басшысы жариялаған екі маңызды құжаттың құндылығына тоқталды. Елбасымыздың арқасында нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрғанымызды, «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырып, жаңа елордамызды салғанымызды атап өтті.

Жолдаудың басым бағыт-тарына тоқталған мәжілісмен ұжым назарын биылғы Жолдауда қозғалған еңбек нарығын жаңғырту және бизнес ортаны кеңейту мәселелеріне аударды. Роман Ким кездесу барысында «Жол картасы» және жұмыспен қамту орталықтары реформалаудан өтіп, оның базасында барлық елді мекендерде бар бос жұмыс орындары тіркелген бірыңғай онлайн платформасы ұйымдастырылатыны туралы әңгімеледі. Айта кетуіміз керек, әкімдіктермен әзірленетін осы «Жол карталары» бойынша қысқартылатын қызметкерлерді қайта даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін табатын болады.

Кездесу барысында депутат Айқын Қоңыров Жолдаудың ел дамуындағы маңызды басымдықтарын саралап, қойылған әр міндеттің көздеген мақсаттары туралы ой бөлісті.

— Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы қоғамды толғандыратын барлық өзекті мәселелерді қамтиды. Мұнда қауіпсіздік, медицина, білім беру, экономика, яғни барлық салаларға ерекше көңіл бөлінген. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі болғандықтан, біздің еліміздегі өзгерістер көшбасшылар деңгейінде болуы тиіс. Дамыған 30 елдің құрамына ену үшін біз бір орында тұрып қалмауымыз керек,- деді Айқын Қоңыров.

Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы атынан сайланған халық қалаулысы Айқын Қоңыров IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту жолындағы жұмыстарды жандандыру, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселелеріне де тоқталды.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Оспанов Жолдаудағы бірінші басымдық — экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту мәселесіне тоқталды.

Бүгінгі жаһандық дамуда бәсекеге қабілеттілік  ең басты қару екеніне тоқталған ол көптеген дамыған елдердің мысалын қарастыра отырып, экономиканы ынталандыру үшін жаңа технологиялар енгізудің маңызына тоқталды. Халық қалаулысы Елбасы Жолдауында бұл басымдықтың өзі бірқатар міндеттерді қамтитынын жеткізді. Атап айтқанда, бірінші міндет цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету екенін атап өтті.

— Елбасы 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын көптеген басым салаларды дамыту керектігін, бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытқанын атап өткен болатын. Мемлекет басшысы осыған орай «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды,- деді Берік Оспанов.

Жиын барысында депутаттар көптеген мәселелерді талқыға салып, еңбек ұжымының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, нақты жауаптар берді. Сонымен қатар депутаттар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен, студенттер қауымымен жүздесті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айқын Қоңыров, Роман Ким, Берік Оспанов Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуіне, Елбасы  Жолдауының басым бағыттарына тоқталды.

— Стратегиялық құжатта бір жылға арналған мақсат-міндеттер емес, жалпы, біздің келешегіміздің даму жоспары айқындалған. Мемлекет басшысы тілге тиек еткендей, Үшінші жаңғыру кезеңі басталды. Алдағы екі кезеңнен нәтижелі өттік. Қазіргі таңдағы халқымыздың ауызбіршілігінің, әр қазақстандықтың белсенділігінің арқасында жаңа Жолдауды да жүзеге асырамыз,- деп сенім білдірген Берік Оспанов жаһандық даму, бәсекеге қабілеттілік жайлы айтты.

Білім саласындағы өзгерістерге, 12 жылдық білім беру жүйесіне, үштілділікке тоқталған мәжіліс депутаты маңызды құжатта білім саласын дамыту жайы да қалыс қалмағандығын атап өтті. Сондай-ақ өндірісте, өзге де салаларда орта кәсіптік біліммен жұмыс істеп жатқан жандар бар екендігін атап, кәсіптік білім алуға жағдай жасалғандығын мәлімдеді. Десе де өндіріс саласында әлі де жұмысшы тапшылығы орын алып отырғандығын айтты.

— Жылдан-жылға, күннен-күнге жағдай өзгеріп отыр. Мысалы, қазіргі зауыттарда жаңа технологиялардың арқасында жұмысшы тарту үлесі азаяды, яғни 1000 адам еңбек еткен зауытта технологияны меңгерген 100 адам еңбек ететін болады. Жаңғырту енгізілсе, жұмысшылардың басым бөлігі еңбектен босатылады. Яғни, бәсекелестік барлық салада күннен-күнге жоғарылайды. Қай жерде болмасын жұмыс істеу үшін, оған лайықты болу керектігін өмір көрсетіп отыр. Лайықты болу үшін, білімнің мықты болғаны абзал. Білім болмаған жағдайда, сіздер жұмыссыздар қатарын толықтырасыздар,- деп атап өтті Берік Оспанов.

Халық қалаулылары енді енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сақтандыру мәселесіне, оның тиімділігіне тоқталды. «Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында жұмыс беруші, жұмысшы және мемлекет арасындағы келісім негізінде жүзеге асатын сақтандыру нәтижелілікке жол ашады. Яғни, сақтандыруға ие әр қазақстандық аурухана мен емхананы қалауы бойынша таңдайды. Сол себепті де, емделушілерінен айырылып қалмас үшін, медициналық мекемелер де сапалы қызмет көрсетуге тырысады»,- деді Берік Оспанов.

Кездесу кезінде студенттер де өз пікірлерін ортаға салды. Аталған университеттің 4-курс студенті Айдана Сәменова: «Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары оқу ордамызға келіп, Мемлекет басшысының Жолдауын және Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін талқыладық. Кездесуде өз мамандығыма байланысты қажетті ақпараттарға қанықтым. Жолдау бір жылдық жоспар емес, кезеңдер бойынша жүзеге асырылады. Біз, жастар, сол маңызды құжатты, жоспарды жүзеге асыруға атсалысамыз»,-деді.

Асан МЫРЗАХАН,

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

2 часа бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

4 часа бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

4 часа бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

4 часа бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

4 часа бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

1 день бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС