"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» КӨШЕСІМЕН ЖҮРЕТІН, «БЕЙБІТШІЛІК АРАЛЫНА» БАРАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

29.09.2017
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

28 қыркүйек күні Семей қалалық әкімдігінде Ленин көшесі мен Полковничий аралының атауларын өзгерту туралы қоғамдық тыңдау өтті. Қоғамдық тыңдауға қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдар және қала тұрғындары қатысты.

Ленин көшесін «Мәңгілік ел» атауына өзгерту – көптен бері қозғалып жүрген тақырыптардың бірі. Орталық көшелердің бірі саналатын Ленин көшесінде қазіргі күні  Достық үйі, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қазақ инновациялық — гуманитарлық заң университеті, Орталық саябақ сынды бірқатар маңызды мекемелер орналасқан.

Көше атауын өзгерту туралы сөз қозғалысымен жиналғандар пікірі екіге жаралды. Кейбіреулер өткен тарихқа тиісу мүлде қажетсіз деп, Ленин көшесінің атауын сол күйінде қалдыруды ұсынды. Дегенмен, көпшіліктің қолдауымен, қалалық мәслихат депутаттарының бірауыздан шыққан пікірімен Ленин кө-шесінің атауын «Мәңгілік ел» деп ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім алдағы уақытта облыстық мәслихат депутаттарының қарауына жіберіліп, облыс әкімінің назарына ұсынылатын болады.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доға-лақов, қоғамдық тыңдауда алғашқылардың бірі болып пікірін білдірді:

— Ленин көшесінің атауын «Мәңгілік ел» атауына ауыстыру туралы сөз осыдан бір жарым жыл бұрын, Алаш қозғалысының 100 жылдығына даярлық барысында айтылған болатын. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш қою  мәселесі де осы кезде қозғалған. Бұл орайда Ленин көшесі бойында орналасқан мәдени мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың пікірлері де ескерілгенін білген жөн. Барлығы жаңа атауды қолдайтындарын білдірді. Кейбіреулер Ленин көшесіне Әлихан Бөкейханов есімін беру туралы сөз қозғап жүр. Комсомол кентінде Әлихан Бөкейханов көшесі бар болғандықтан, екі көше атауы бірдей бола алмайды. Мұны да ескерген дұрыс. Қаланың бюджеті 3 жылға жоспарланып отыр, сондықтан келер жылы Әлихан Бөкейханов көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, — деді Амантай Доғалақов.

— Өзге қалалар Ленин ес-керткішін алып жатқанда, біз, семейліктер, шыдамдылық таныттық. Бұл мәселені ертеректе бір жолға қою керек еді. «Әмина» мұсылман әйелдер қауымдастығы  және «Ахау Семей» салт-дәстүр орталығының мүшелері атынан «Мәңгілік ел» атауын қолдайтынымды жеткіземін, — деген пікірін білдірді қоғам белсендісі Гүлжихан Жұматаева.

Полковничий аралының атауын «Бейбітшілік аралына» өзгерту жайы да қоғамдық тыңдауға келгендер талқысына түсті. 1934 — 1990 жылдары Киров, 1990 жылдан бері Полковничий немесе Түйемойнақ аралы деп аталып келген аумақ атауын «Бейбітшілік аралы» деп өзгерту туралы шаһардың ақсақалдары атынан ұсыныстың түскеніне де біраз уақыт болыпты.

— Қазір аралдың атауы орыс тілді басылымдарда Полковничий, ал қазақ тілді басылымдарда Түйемойнақ деп жазылып жүр. Біз аралдың орыс тілінде де, қазақ тілінде де «Бейбітшілік аралы» деген бір атаумен аталғанын қалаймыз. Осы ұсынысты жергілікті билік өкілдеріне бұрын да жолдап едік. «Бейбітшілік аралы» деп атайтын себебіміз, бұл жерде «Өлімнен де күшті» монументі мен «Бейбітшілік стелласы» орналасқан. Әр жылдың 29 тамызы күні аралда бейбітшілік шеруі өтеді. Сондықтан «Бейбітшілік» атауы бірден-бір дұрыс шешім, — деді еңбек ардагері Мұстафа Ілиясов.

Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған көпшілік мұның көңілге қонымды ұсыныс екенін айтып, қолдау танытып жатты. Халық қалаулылары да ұсынысты құп алды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина, отырыс соңында жиылғандарды тағы бір маңызды мәселемен құлағдар етті. Оның айтуынша, қала шетіндегі Қарағайлы ықшам ауданындағы көшелерге халқымыздың үш биі – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің аттарын беру туралы ұсыныс облыстық ономастика орталығына жіберіліпті.

Айта кетейік, Ленин кө-шесінде орналасқан ғима-раттардағы көше атауы жа-зылған бір тақтайшаны жаңарту үшін 2958 теңге жұмсалмақ. Қазіргі уақытта көше бойында 128 ғимарат орналасқанын ескерсек, кететін шығын көлемі 378 624 теңгені құрап отыр. Ал Түйемойнақ аралында орналасқан 108 тұрғын үй үшін бюджеттен 319 464 теңге  қарастырылған.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС