"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай өңірі ұстаздары Жолдаудағы білім басымдықтарын іске асыруды пысықтады

17.09.2025
Абай өңірі ұстаздары Жолдаудағы білім басымдықтарын іске асыруды пысықтады
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысының білім басқармасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауына байланысты кеңес өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов төрағалық етті. Басқосуға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп пен колледж директорлары, педагогтер қатысты.

Кеңесте Жолдауда белгіленген негізгі бағыттар талқыланды: жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу, мұғалімдердің цифрлық құзыретін арттыру, шағын жинақты мектептердің әлеуетін күшейту, инклюзивті білім беруді дамыту және ауыл мектептеріне тең мүмкіндік ұсыну. Мейірлан Раханов құжаттың ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтынын айтып, AI, Big Data, блокчейн және автоматтандырудың бәсекеге қабілеттіліктегі рөлін атап өтті. Оның айтуынша, «AI-Sana» арқылы студенттердің технологиялық жобаларға қатысуы, «Digital Mektebi» бастамасымен ауыл мектептерінің мүмкіндігін кеңейту және мұғалімдердің цифрлық дағдысын күшейту өңір үшін басым бағыт.

Білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков меценаттық пен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жандандырудың нәтижелерін ұсынды. Мысалы, «Алматыкітап» баспасы №35 мектепке 60 мың кітап қоры бар заманауи кітапхана сыйлаған. Ауыл мектептеріне 40 жылжымалы кітапхана жеткізу жоспарланып отыр. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен былтыр 7 мектеп жарақтандырылса, биыл тағы 4 білім ошағы қосылады. 2026 жылға дейін 6500-ден астам мұғалім цифрлық оқыту курстарынан өтпек. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған кабинеттер мен қолдау орталықтарын ашу да күн тәртібінде.

Пікірталасқа педагогтер де атсалысты. Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның ардагер ұстазы Алма Аубакирова, Семей қаласындағы №17 мектеп директоры Райгүл Жұмақанова және IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің оқытушысы Айдын Қасымжанов жасанды интеллектті білім жүйесіне енгізу, инклюзивті білімді дамыту және «AI-Sana» бағдарламасының маңызы жөнінде ой бөлісті.

Кеңес соңында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған мерейтойлық шараларға қосқан үлесі үшін бірқатар білім беру саласының қызметкерлеріне Абай облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС