"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ермак СӘЛІМОВ: СЕМЕЙДЕ ӘР САЛАДА СЕРПІН БАР

08.12.2017
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын біріктіріп, ауқымды баспасөз мәслихатын өткізді. БАҚ өкілдерінің сан сауалына жауап бермес бұрын қала басшысы атқарылып жатқан жұмыстар, орындалып жатқан жобалар туралы кеңінен мағлұмат беріп, әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелерін егжей-тегжейлі баяндады. Тілшілер тарапынан жолданған сауалдарға тұшымды жауаптар қайырды.

Өнеркәсіп даму үстінде

— Биылғы жыл еліміз үшін ерекше болды. Ел жаңғыру жолына түсті, Елбасы алдымызға нақты міндеттер қойды. Қала күн санап көркейіп, дамып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер біршама жақсарды. Бұл қаланы одан әрі дамыту үшін жоспар қабылдап, жұмыс жасауға негіз болды,- деп бастады өз сөзін Ермак Сәлімов.

Иә, әкім сөзіне қарағанда, әртарапты экономиканың барлық түрлері бойынша өсу байқалады. Мәселен, қаладағы өнеркәсіп мекемелері өндіретін өнім көлемі 6,6 млрд. теңгеге ұлғайтылған. Солардың ішіндегі жаңа технологиялармен жұмыс жасайтын «Қаражыра» АҚ, «Фик-Алел» АҚ, «Роза» ЖШС, «Семспецнаб» серіктестіктерін ерекше атап өтуге болады. Қазір қалада 19,2 мың шағын және орта бизнес субъектілері бар. 1,9 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл өткен      жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр. Аграрлық кешеннің негізгі міндеті – халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету. Бұл орайда Семей өңірінде де ауқымды жұмыстар атқарылғанын айту қажет. Ауыл шаруашылығы саласының, атап айтар болсақ, ет, сүт, жұмыртқа сынды өнім көлемі соңғы үш жылда 5 млрд. теңгеге өсті. Ірі қара мал, жылқы, құс өсіру ісі де жақсы жолға қойылған. Ұсақ шаруашылықтарды ірілендіріп, кооперативтерге біріктіру, еңбек өнімділігін арттырумен қатар, жақсы табыс табуға мүмкіндік береді. Сондықтан да бүкіл республиканың жер-жерлерінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға тың талпыныс жасалуда. Біздің өңірде де бұл бағытта тиісті шаралар қолға алынып, нәтижесінде 24 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Қалаға қарасты шаруа қожалықтарын бір арнаға тоғыстырған ауылшаруашылық құрылымдары биыл 55,1 мың тонна картоп, 36,9 мың тонна көкөніс, 959 тонна бақша дақылдарын жинаған екен. Енді алдағы уақытта тері қабылдайтын арнайы кооператив құру көзделіп отыр.

— Ауыл шаруашылығы кооперативтері ауыл-аймақ-тардағы жұмыссыздар санын азайту мақсатында құрылып отыр. Олар мал шаруашылығымен айналысып, күнделікті табысын табуға мүмкіндік алады. Өңірде көп ұзамай ирандық инвесторлардың көмегімен ет комбинаты салынады. Ет комбинаты 24 мың тонна ірі қара малы мен 12 мың тонна ұсақ мал етін өндіретін болады,- деді қала әкімі.

Әкімнің сөзіне қарағанда, ирандық инвесторлармен арадағы келісімшарт жыл соңына дейін жасалмақ. Алайда ет комбинатын салуда инженерлік инфрақұрылымға байланысты мәселе бар көрінеді. Жоба шеңберінде Степной кентіне жылу және су желілері тартылмақ.  Бүгінде жобаны жүзеге асыруға ниет танытқан мердігер компаниялар арасында байқау жарияланды. Енді тек жұмысты жа-уапкершілікпен жүйелі түрде істейтін мердігер болса болғаны дейді шаһар басшысы.

Жалпы, биыл қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына 49 млрд. теңге жұмсалған екен. 2018 жылы 67 млрд. 500 млн. теңгеге дейін жетеді деп көзделуде.

— Семей өңірінде шағын және орта бизнестің дамуы қарқын алып келеді. Мемлекет тарапынан қолдау көріп отырмыз, сонымен бірге қаржы ресурстарына қолжетімділік бар,- деді Ермак Сәлімов. — Сауда саласы да белсенді түрде дамып келеді. Үш жылда 15 сауда нысаны пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде бөлшек сауда айналымының көлемін ұлғайтуға және 250 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді. Соңғы тоғыз айда қалаға 28 млрд. теңге инвестиция тартылды. Еуропа қайта құру және даму банкімен әріптестік шеңберінде Семей қаласы бойынша 17,3 млрд. теңгені құрайтын үш несиелік келісімшартқа қол қойылды және бір алдын ала келісім жасалды. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 28,1 шақырым су, 5,2 шақырым кәріз құбырлары желісі, 25,7 шақырым жылу желілері және қала көшелеріндегі 7296 жарық шамдары ауыстырылады.

Тұрғын үй мәселесі түбегейлі шешіледі

Елімізде тұрғын үйге деген сұраныс пен баспана жағдайын жақсартуға ниет білдірушілер саны күн санап артып келеді. Бүгінгі күні мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға қала бойынша 10 185 отбасы кезекте тұрса, жер телімін алуға өтініш қалдырғандардың саны 24 мыңнан асады. Осыған сәйкес 2017-2031 жылдар аралығын қамтитын «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 82,3 мың шаршы метр үй пайдалануға берілмек. Қала әкімінің айтуынша, аталмыш бағдарлама бойынша сегіз қабатты тұрғын үйлердің құрылысын бастауға заем облигациялары есебінен 1 млрд. теңге қарастырылған. Жекеменшік инвесторлар есебінен 2017 жылы үш үйдің құрылысы басталды. 2018 жылы 24,6 мың шаршы метр аумақты қамтитын бес тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру  жолында 13715 жер телімі бар Ақсай, Ұшақтар, Комсомол, Суық бастау, Бобровка, Жарқын, Аққайың, Жібек жолы, Кіші Ақтөбе және Степной кенттері сынды 10 тұрғын ауданы анықталып отыр. Енді қала басшылығының алдында аталған аудандарға кезең-кезеңмен су және электр энергиясы желілерін тарту міндеті тұр. Бірінші кезеңде  Ұшақтар, Комсомол және Ақсай кенттерінде тиісті жұмыстар атқарылады. Қазіргі күні  Ақсай кентіне электр жарығы жүйесі тартылып үлгерген. Тұрғын аудандарға қатысты жобаларға қала бюджеті есебінен  түзетулер жасалды. Жоспар бар, қажетті қаржы қарастырылады, тек жұмыла жұмыс істеу ғана қалды.

— Биыл Семейдің орталық бөлігі абаттандырылды, соның ішінде Ертіс өзені жағалауы, каскадты субұрқақ, Мұхтар Әуезов алаңы, Невзоровтар отбасы музейінің алдындағы саябақ, азаматтық соғыс және төңкеріс батырлары мемориалы қайта қалпына келтірілді, интернационалист жауынгерлерге арналып аллея жасалды. Балалар алаңқайлары салынып, аялдама павильондары жаңартылды. Дулатов, Жұмабаев, Мұхамедханов, Момышұлы, Шмидт, Абай, Шайжүнісов көшелері мен Шәкәрім даңғылына орташа, З.Белібаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген-ді. Жасалған жолдың төменгі қабатына 6 сантиметрлік асфальт-бетон төселіп, үстіңгі қабаты қиыршық тас аралас асфальт-бетонмен жабылды. Айта кету керек, биыл қала көшелеріне орташа жөндеу жүргізуге жаңа технология қолданылған болатын. Шығыс Қазақстан облысында тұңғыш рет енгізіліп отырған бұл жол жөндеу әдісі жұмыстың сапасын арттырып қана қоймай, кепілдік уақытын да ұзарта түсері анық. Сонымен қатар қаладағы Чайковский, Аймауытов, Бозтаев, Титов, Сыбанов, Дулатов, Найманбаев және Қабанбай батыр — Байсейітов көшелеріндегі дренажды суағарларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қайым Мұхамедханов көшесіндегі жер үсті өткелінің құрылысы аяқталуға тиіс,- дейді қала әкімі.

Жаңа білім беру мекемелері салынады

Мектеп салу және үш ауысымдық оқыту мәселесін шешу. Басқа — басқа, дәл осы бағыт бойынша Семейде жұмыс қызу жүріп жатыр. 2017 жылы Семейде заманауи стандарттарға сай салынған екі үлкен мектеп қолданысқа берілді. Оның бірі 1 қыркүйек – Білім күні ашылған Бобровка кентіндегі 600 орындық мектеп болса, екіншісі – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орайластырылып ашылған Ұшақтар кентіндегі 1200 орындық білім беру мекемесі.

— Халық игілігіне берілген бұл екі мектептің қаладағы үш ауысымдық оқу мәселесін шешуге септігі тиді. Бірақ қалада мектеп салынуы тиіс тағы үш шағын аудан бар. Келесі жылы Степной кентінде 300 балаға шақталған жаңа мектеп тұрғызылатын болады. Сонымен қатар Шығыс және Восход кенттерінде мектеп құрылысын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттарды дайындаймыз,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов өз сөзінде.

2018 жылы 700 орынға арналған алты балалар бақшасы қолданысқа беріледі. Оның екеуі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылыс жұмыстарын бастады. Бір балабақша Қарағайлы шағын ауданынан, енді бірі Ұшақтар кентінен орын теппек.

Қала әкімі атап өткендей, қосымша балалар бақшаларының ашылуы мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерді орынмен қамту мәселесінің кезең-кезеңмен шешілуіне көмектеседі. Қазірдің өзінде 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіш 96,8 пайызды, 1-ден 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді қамту 74 пайызды құрап отыр. Сәтін салса, бұл жобалар арқылы көп адам жұмысқа орналасады деп күтілуде.

Денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер бар

Баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау саласына тоқталған қала әкімі туберкулез ауруы, сондай-ақ жаңа туған нәрестелер өлімі біршама азайып келе жатқанын атап өтті. Осы жылы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, мамандардың біліктілігін жетілдіру және медициналық құрылғылармен жабдықтау бойынша бағдарлама жүзеге аса бастады. Ағымдағы жылы 870 маман оқуға жіберілді. Өңірлік онкологиялық диспансер мен перинаталдық орталыққа 419 дана медициналық құрал-жабдықтар сатылып алынды.

Жұмыссыздар саны азайды

Әкім баса мән берген саланың бірі – халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Биылғы жылы 6326 адам тұрақты, ал 348 еңбеккер уақытша жұмыс орнымен қамтылды. Оқу ордаларының 642 бітіруші түлегі «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысып, еңбекке тартылса, 1888 адам еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлық курс-тарынан өтті.

Спортта жетістіктер жетерлік

Шаһарда жыл санап салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау бағытындағы жұмыстардың да күшейіп келе жатқанын айтады әкім. 20 семейлік спортшы халықаралық және республикалық спорт додаларында оқ бойы озық тұрып, Әлем, Еуропа, Азия чемпионы атақтарын жеңіп алған. Ел құрамасының 110 мүшесі дайындалды. Бұл, әрине, мақтануға тұрарлық жетістіктер.

«Туған жер» жобасы

Ағымдағы жылы «Туған жер» арнайы жобасы аясында демеушілер мен меценаттардың қаражаты есебінен 18 жоба іске асуда. «Қазақстанның 100 қасиетті орны» жобасы тізіміне «М.Әуезов — Алаш арыстары» музей-үйі, Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық үйі, полигон құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі енгізілді.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен Семейде алдағы жылдары «Менің аулам» ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Ермак Сәлімовтің айтуына қарағанда, 2018 жылы аула аумақтарын абаттандыру үшін қала бюджетінен 61 млн. теңге қарастырылған. Бұл қаражат 50 ауланы қалыпқа келтіруге жетуі тиіс. Жалпы, қалада 600-ге тарта аула бар. Ермак Сәлімовтің тікелей тапсырмасымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары қаланың әр аудандарындағы 120 ауланы абаттандыруға арналған сметалық құжат әзірлеп қойған екен.

— Жобаларды әзірлеу барысында аула ішіндегі жолдарға баса көңіл бөлетін боламыз. Сонымен бірге ойын алаңдары жаңартылып, аулалар жарықтандырылады. Жасыл желек отырғызуды да жоспарлап отырған жайымыз бар,- деді Ермак Сәлімов.

Әзірге нақты қай аулалар ретке келтірілетіні туралы тізім жасалған жоқ. Дегенмен ол тізімге жуықта орташа жөндеуден өткен көшелерге қарасты аулалар енеді деген жоспар бар. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаға қатысу мақсатында аулаларды таңдау кезінде тұрғындардың коммуналдық қызметке берешегіне назар аударылады.

Осылайша, қала басшысы баспасөз жиынында алдағы жылға бекітілген жоспарлардың жүзеге асуы үшін атқарылған жұмыстарды жан – жақты айтып берді. Қыруар шаруа жасалыпты. Алда ауқымды жұмыстар бар.

Қаламы қарымды, ойы алымды төртінші билік өкілдері тарапынан сұрақтар да қойылды. Көбінесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көшелерді жарықтандыру, бизнестің дамуына қатысты жолданған сауалдарға Ермак Сәлімов тұшымды, толыққанды жауап берді.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

18 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

19 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

21 час бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС