"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЛІМ САЛАСЫНДАТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

29.01.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

25 қаңтар күні Семейдің Балалар мен жастар шығармашылығы сарайында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында Семей қалалық білім беру жүйесін дамыту мәселелері бойынша жиын өтті. Оған қаланың бас ұстазы Наталия Фесенко, білім бөлімі басшысының орынбасарлары, мектеп директорлары мен ұстаздар, ата-аналар қатысты.

Қазіргі таңда қала бойынша бұл салада 69 жалпы білім беретін мектеп, 55 мектепке дейінгі мекеме, 5 қосымша білім беру мекемесі бар. Бас ұстаздың айтуынша, 2017 жылы қалада сала бойынша айтарлықтай тың өзгерістер орын алған.

— Өткен жылы заманауи құрылғылармен жабдықталған 600 және 1200 орындық жаңа екі мектеп ашылса, түзету мекемелеріндегі кешкі мектептер жалпы орта білім беретін мекеме статусына ие болды, 6 жекеменшік мектепке дейінгі шағын орталық ашылды, тағы екеуі Жастар шығармашылығы сарайына, біреуі музыкалық мектепке қосылып, өнер мектебі қалыптасты,- деді Н.Фесенко.

Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны да 2 мыңға артқан. Тарқатып айтсақ, мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып шәкірттері 2016 жылмен салыстырғанда 200 балаға кем, ал 11 сынып оқушылары 100, 10 сынып оқушылары 1700 оқушыға артық. Яғни, 9 сыныптан кейін оқушылардың колледждерге оқуға түсуі азайған.

Наталия Фесенко білім саласындағы өзгерістермен де таныстырды. Айтуынша, жаңа тәртіп бойынша, лицейлер мен гимназиялар оқушыларды экзамен арқылы ғана қабылдауға құқылы. Сондай-ақ келер оқу жылынан бастап, туған айына қарамастан, 6 жасар бала мектепке қабылданады, керекті құжаттар тізімінен мекенжай анықтамасы да алынып тасталған. Мектепке дейінгі мекемемен 3-6 жас аралығында 12 мың бала қамтылыпты, ол 100 пайызды құрайды. Қаланың орталық бөлігі, 342-ықшам аудан және Юность, Цементшілер кентінде балабақша мәселесі түбегейлі шешілген екен. Ал жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жалғаса бермек.

— 1, 2, 5, 7 сыныптар жаңа бағдарлама бойынша оқытылуда. Келер жылы 3, 6, 8 сыныптар енеді. Оқушыларға портфолио жүргізу міндеттелмейді. Оқу жылы ішінде білім алушы бір мектептен екіншісіне ауысқанда, оның жиынтық бағасы электронды журнал бойынша шығарылып, директордың мөрімен беріледі. Дене шынықтыру, өзін-өзі тану, көркем еңбек пәндері бойынша жиынтық бағалау қойылмайды, тоқсан соңында сынақ алынады,- деді білім бөлімінің басшысы.

Жолдауда ТМД елдерінің ішінде оқушылардың жүктемесі ең жоғарысы Қазақстан екенін айтқан Мемлекет басшысы оны азайтуға тапсырма берген. Нәтижесінде үй тапсырмасының көлемі біршама қысқартылған. Жиында Н.Фесенко мұғалімдердің жалақысын арттыру жайлы да айтты:

— Елбасының биылғы жылғы Жолдауына сәйкес, ұстаздардың тұрақты жалақысына 30 пайыз қосылады. Білім берудің барлық деңгейінде педагогтердің санаты бойынша аттестациялау ережелерінің арнайы жобасы әзірленген. Санатты нақтылау арқылы 20 пайыздан 50 пайызға дейін жалақылары үстемеленеді. Осы жылдан бастап ұстаздар жылына екі рет аттестациядан өте алады.

Яғни санатсыз мұғалім енді педагог деп саналады, ал екінші санат – педагог-модератор, бірінші санат – педагог-эксперт, жоғары санат – педагог-зерттеуші, және жаңадан қосылған санат – педагог-шебер. Яғни жалақы осы санаттар бойынша қосылады.

Келесі мәселе — «Kundelik.kz-пен» жұмыс, ол қаладағы мектептердің 80 пайызында қолданысқа ие. 1 ақпаннан бас-тап журнал және күнделікті екі нұсқада қатар (электронды және қағаз жүзінде) жүргізуге тыйым салынатынын Наталия Фесенко қадап айтты. Тоқсан соңында электронды журналдан ақпарат баспаға шығарылып, тігіліп, архивке өткізілетін болады.

2017 жылы білім саласын дамытуға 12 млрд. теңге бөлінсе, 2018 жылы ол шамамен 1 миллиардқа дейін артқан.

Алда жаңартылған білім мазмұнын іске асыру, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, видеоқұрылғылармен жабдықтауды арттыру, үштілділікке көшу шеңберінде мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектептерді жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жалғаса береді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай гарнизонында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары өтті

16.01.2026
Абай гарнизонында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары өтті

Абай гарнизонында орналасқан 54835 әскери бөлімінде жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары ұйымдастырылды. Әуе базасының ұшқыштары жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Ми-17 және Ми-24...

Толығырақ...Details

Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады: Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды

16.01.2026
Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады: Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды

Semeytany.kz - Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдап,...

Толығырақ...Details

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева өмірден өтті

16.01.2026
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева өмірден өтті

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, ғалым-биолог Рауза Қонаева 92 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қор жеткізген. Марқұм Рауза...

Толығырақ...Details

Бесқарағайдың Беген, Глуховка, Ерназар ауылдарында 100 орындық мәдениет үйлері бой көтереді

16.01.2026
Бесқарағайдың Беген, Глуховка, Ерназар ауылдарында 100 орындық мәдениет үйлері бой көтереді

Semeytany.kz - Бесқарағай ауданында ауылдардағы мәдени инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асып келеді. Қазір ауданның Беген, Глуховка және Ерназар ауылдарында...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы Крещение мерекесі: құтқарушылар қауіпсіздік шараларын еске салады

16.01.2026
Абай облысындағы Крещение мерекесі: құтқарушылар қауіпсіздік шараларын еске салады

Крещение мерекесі жақындап келеді. Бұл күні дәстүр бойынша мұз ойықтары ашылып, ниет білдірушілер мұздай суға шомылады. Өңір аумағында шомылуға арналған...

Толығырақ...Details

Семейде «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды

16.01.2026
Семейде «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды

Семей қаласында ұлттық зияткерлік ойындарды дәріптеуге бағытталған «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірме Абай облысының Қоғамдық келісім...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай гарнизонында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары өтті

1 день бұрын

Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады: Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды

1 день бұрын

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева өмірден өтті

1 день бұрын

Бесқарағайдың Беген, Глуховка, Ерназар ауылдарында 100 орындық мәдениет үйлері бой көтереді

1 день бұрын

Абай облысындағы Крещение мерекесі: құтқарушылар қауіпсіздік шараларын еске салады

1 день бұрын

Семейде «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды

1 день бұрын

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

1 день бұрын

Абай облысында «Қаржы сақшылары» интерактивті ойынының жеңімпаздары марапатталды

1 день бұрын

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ БОЛУҒА ТИІС

2 дня бұрын

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА САПАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС