"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОЙЫН – САУЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ТЕКСЕРІС ҚАЖЕТ

30.03.2018
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кемеровода орын алған трагедия салдарынан, ресми деректер бойынша, 64 адамның өмірі қиылды. Бұл соңғы кездегі қоғамдағы ең көп талқыға түскен тақырыпқа айналды. Оның себебі — тап осындай трагедия әлемнің кез келген қаласында, кез келген сауда орталығында орын алуы әбден мүмкін. Бейкүнә жандар бейбіт күнде қаза болды.

28 наурыз күні семейліктер қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін өздерінің балаларымен бірге Ертіс жағалауына жиналып, ақ шар ұшырып, қайғыға ортақтастық білдірді. Біз бұдан сабақ алуға тиіспіз. Бізге де ойын–сауық нысандарын жіті тексеру керек екенін енді ұғынғандаймыз.

Сәрсенбі күні ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз парағын таратты. Онда қандай сауда орталықтары тексерілетіні анық көрсетілген. «Тәуекелдік деңгейі жоғары нысандар тексеру нысаны болып табылып, өрт қауіпсіздігі бойынша қадағаланады. Тәуекелдік деңгейін бағалау өлшемдері бойынша өрт қауіпсіздігі және тексеру парақтары аясында 1500 және одан да көп шаршы метрді алып жатқан сауда мен ойын — сауық кешендері жыл сайын тексерілетін болады. Кәсіпкер өзіне инспектордың қай уақытта келетінін алдын ала білуге мүмкіндік алады. Арнайы кесте құрылып, ол Бас прокуратураның сайтында жарты жылдыққа дейін жарияланып отырады. Тексеру жүргізілетіні туралы кәсіп иесі 30 күнтізбелік уақыт ішінде хабардар болады.

Егер тексеру кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауға қатысты заң бұзушылық анықталмаса, онда ол нысан 1 жылға дейін тексеруден босатылады.

Сондай-ақ тексерілуші субъектіге сарапшы ұйымдар тарапынан өрт қауіпсіздігі бойынша аудиттің қорытындысы берілетін болса, онда тексеруден ерекше тәртіппен 1 жылға босатылады. Баспасөз парағында: «Қазіргі таңда облыс бойынша тәуекелдік деңгейі жоғары нысандар санатына 82 сауда нысаны жатқызылып отыр»,- деп көрсетілген. Дегенмен өрт сөндірушілер олардың саны бұдан да арта түсуі ықтимал екенін айтады. Мұның өзіндік себебі де бар. Мәселен, бір аумақты бірнеше меншік иелеріне бөліп жіберіп, ғимараттың көлемін кішірейтіп көрсетеді. Атап айтар болсақ, 1500 шаршы метрлік ғимарат, екі қожайынға бөлген шақта, құжатта әрқайсысы 750 шаршы метр болып шыға келеді де, тәуекелдік деңгейі жоғары нысандар санатына енбей қалады. Осының нәтижесінде өрт сөндіру инспекторының оларды тексеруге құқығы болмайды.

Өткен 2017 жыл мен 2018 жылдың осы мезгіліне дейінгі аралықта сауда саласындағы 50 нысанға тексеру жасалынды. Өкінішке орай, семейліктердің алаңдаушылық білдіретін себебі де жоқ емес. Қаламыздағы барлық ірі сауда орындарында өрт қауіпсіздігін сақтауға байланысты салғырттық бар.

— Тексеру жасаған шақта барлық сауда үйлерінде өрт сөндіру ережесін бұзу орын алды. Атап айтар болсақ, есіктер сыртқа шығатын жаққа қойылмаған, дабыл қағу жұмыс істемейді, эвакуациялық шығу жолдары жабылып қалған, электр құрал-жабдықтарының да проблемалары жетіп артылады,- деген Семей қаласындағы ШТӨК ТЖБ аға инженері Жанат Насымхан бірқатар мысалдарды тізбектеп өтті.

Кемероводағы трагедиядан кейін Қазақстанның бірқатар қалаларында тәуекелдік деңгейі жоғары нысандар болып табылатын сауда үйлерін тексерулер басталып кетті. Біздің Семей қаласында тексерулер жасауға министр тапсырмасы әлі беріле қойған жоқ.  Бірақ  қалалық  ТЖБ ықтимал  рейдтерді жүргізуге сақадай-сай. Оның үстіне Семейде тексеретін нысандар баршылық.

Қалада тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкендері және ірі аумақты алып жатқан жүздеген сауда нысандары бар. Олардың барлығы өрт қауіпсізді жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. Қадағалаушы органдардың пікірінше, тәуекелдік деңгейі жоғары нысандардың санатына аумағы 1500 шаршы метрден асатын сауда орталықтары жатады. Біздің қаламызда олардың саны 43. Олардың арасында үш сауда-ойын орталығы — «Апрель», «Қазына» және Кемероводағы жанып кеткен «Зимняя вишня» санатына жататын Әуезов даңғылы бойында орналасқан «Мереке» бар.

— Тәуекелдік деңгейі жоғары нысандарға тәуекелдікті бағалау өлшемі бойынша жылына бір рет жоспарлы тексеру жасалады. Ал аумағы 1500 шаршы метрден аспайтын сауда орындары тәуекелдігі шамалы деңгейдегі нысандар санатына жатқызылып, ерекше тәртіптегі тексеруді қажет етпейді. Тек оларды прокуратураның тапсырмасымен немесе келіп түскен шағымға орай тексеріміз,- деп түсіндірді Жанат Насымхан.

Оларға жүргізілген тексерулер барысында кәсіпкерлер тарапынан адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету емес, үнемдеу жасау орын алып жатады. Мұның себебі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қаражат шығынын да көп керек етеді.

— Өрт қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзушылықтарды эвакуациялық шығу жолдарының бітеліп тасталуы, есіктердің дұрыс орналаспауы арқылы анықтаймыз. Шығар жолдағы есік өзіңе қарай емес, сыртқа қарай ашылуға ыңғайлануы керек. Олай болмаған жағдайда жұрт бір жерге ұйлығып қалады. 2009 жылғы Пермьдегі «Хромая лошадь» клубындағы өртті еске алар болсақ, тап осындай есік жұрттың сыртқа шыға алмай қалуын туғызып, арты өлімге әкеп соққызды. Тағы бір жиі кездесетін ереже бұзушылық терезеге орнатылатын торларға қатысты. Оларды орнатуға өрт қауіпсіздігі талабы бойынша тыйым салынған. Тек ерекше төрт жағдайда ғана торлы терезелер орнатылады. Оларға касса, қару-жарақ дүкендері, құпия бөлімдер мен қоймалар жатады,- деді Жанат Насымхан.

Ең маңыздысы, өртке қарсы күрес қызметкерлерінің салынып біткен нысандарды қабылдау комиссиясы құрамынан шеттетілуі осындай трагедиялық жағдайлардың орын алуына әсер етіп отыр. Заң бойынша, шағын және орта бизнес өкілдері өздері салған ғимараттарын пайдалануға беру кезінде өрт қауіпсіздігіне тексеруден босатылады. Бұдан келіп шығатыны — кәсіпкерлер тарапынан адамдар өмірінің қауіпсіздігі бір шетке ысырылып тасталады.

Өрт сөндіру инспекциясы қызметкерлерінің білім беру нысандарына еш өкпесі жоқ. Семей өңірінің барлық мектептері өрт дабылдарымен, қажетті құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Ал мектепке дейінгі білім беру нысандары жайында бұлай дей алмаймыз. Жекеменшік балабақша иелері көбіне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтыны анықталып отыр.

 

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында Құрбан айт мерекесіне дайындық басталды

31.05.2025
Абай облысында Құрбан айт мерекесіне дайындық басталды

Семей таңы – Биылғы Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл шаруашылығы санағына дайындық жұмыстары басталды

31.05.2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы санағына дайындық жұмыстары басталды

Семей таңы – Биыл 1 тамыз бен 20 қазан аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында ауыл жолдары жөнделіп, жол белгілері орнатылуда

30.05.2025
Үржар ауданында ауыл жолдары жөнделіп, жол белгілері орнатылуда

Семей таңы – Үржар ауданында көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі Ақылбек Башимбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Қазақстанда балаларға арналған бірыңғай ваучер жүйесі енгізіледі

30.05.2025
Қазақстанда балаларға арналған бірыңғай ваучер жүйесі енгізіледі

Семей таңы – 2025 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесі...

Толығырақ...Details

Семейде салықшылар кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын күшейтті

29.05.2025
Семейде салықшылар кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын күшейтті

Семей таңы – Семей қаласының салық органдары кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырып отыр. Қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары халық тығыз...

Толығырақ...Details

БІТІМГЕРЛІК БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БАСТЫ – МИССИЯСЫ

29.05.2025
БІТІМГЕРЛІК БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БАСТЫ – МИССИЯСЫ

Жыл сайын 29 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгерлер күні аталып өтіледі. Елімізде бұл мереке алғаш рет 2019 жылдан бастау...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында Құрбан айт мерекесіне дайындық басталды

1 день бұрын

Абай облысында ауыл шаруашылығы санағына дайындық жұмыстары басталды

1 день бұрын

Үржар ауданында ауыл жолдары жөнделіп, жол белгілері орнатылуда

2 дня бұрын

Қазақстанда балаларға арналған бірыңғай ваучер жүйесі енгізіледі

2 дня бұрын

Семейде салықшылар кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын күшейтті

3 дня бұрын

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған адам сенбілікке шықты

3 дня бұрын

БІТІМГЕРЛІК БЕЙБІТШІЛІКТІҢ БАСТЫ – МИССИЯСЫ

3 дня бұрын

Абай облысында 5000-ға жуық оқушы жазғы лагерьлерде демалады

4 дня бұрын

Абай облысында балалар өз үнін жеткізді

4 дня бұрын

Қан майданнан жазылған хаттар кітап болып жарық көрді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС