"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАРМА — ЖАРҚЫН ІСТЕРІМЕН ҮЛГІ

03.04.2018
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде облыстық, республикалық БАҚ өкілдерімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуы жайын баяндады.

Атқарушы билік жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған брифингте ауданның жалпы әлеуметтік — экономикалық әлеуеті, Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен сөз болды. Нұрлан Бәтташұлы облысымыздағы қалалар мен аудандардың әлеуметтік және экономикалық даму көрсеткіштері сараланатын рейтингілік бағам бойынша Жарма ауданы өткен жыл қорытындысында екінші орынды еншілегенін атап өтті.

— Жарма ауданы — облысымыздағы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қатар дамыған үлкен аудан. Жер қойнауы бай өлке. Облыстық Үдемелі индустриялық — инновациялық даму бағдарламасына  ауданнан  бес бірдей маңызды жоба енген болатын. Мұндағы жобалық жұмыстардың басым бөлігі жер асты қазба байлығын игеруге бағытталған. Олардың көпшілігі бүгінде жұмыс жасап отыр. Аталмыш даму бағдарламасынан бөлек, алтын игеруге негізделген «ГМК Васильевский» және «Шұғыла Голд» ЖШС-тері де жұмыстарын жандандыруда. Бұл кен игеруші кәсіпорындар фабрика құрылысын қолға алып, жұмысын дамытатын болады. Сол сияқты Суықбұлақ кентіндегі әктас шикізатын өндіруге негізделген жобалар да пысықталу үстінде. Бір сөзбен айтқанда, өңірдің экономикасын одан әрі дамыту мақсатында инвесторлар тарту ісі күн тәртібінен түскен емес. Мұндағы мақсат — Қалбаның мол қазынасын халық игілігіне жарату,- деді өңір басшысы.

Бүгінгі күнде өңірде жалпы саны 24 жер қойнауын игеруші серіктестік жұмыс атқарып жатыр. Оның басым бөлігі кен игеру арқылы несібесін тапса, енді біразы барлау жұмыстарын жүргізуде.

Ауданда орналасқан темір жол мекемелері, мұнай өнімдерін таратушы және сорғы шығаратын зауыттардың да өңір экономикасының ілгерілеуіне өзіндік ықпалы зор. Баламалы энергия өндіру ісі де өңірде өріс алмақ. Яғни облыс бойынша 6 баламалы энергия өндіру жұмыс жобасы жоспарланған болса, оның тең жартысы Жарманың еншісіне тиіп отырғанын жеткізген аудан әкімі әрбір жобаның мүмкіндігін жіктеп берді.

Экономикасы тұрақты өңірге инвесторлардың қызығушылығы артатыны — нарық заңдылығы. Осыдан болар, ауданға тек өткен жылдың ішінде 65,5 млрд. теңгенің инвестициясы құйылған. Бұл көрсеткіш бойынша облыс орталығынан кейін екінші орынды иеленеді екен. Өңірге құйылған қомақты қаржының басым бөлігі «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің еншісіне тиеді. Соңғы бірнеше жыл бойы ауқымды «Қызыл» жобасын жүзеге асыруға дайындық жұмыстарын жүргізген кәсіпорын биылғы жылы алғашқы өнім алуға қол жеткізбек.

Ауыл шаруашылығы саласына тоқталған аудан әкімі ауданда жалпы саны 600-ден астам шаруашылық құрылымдары еңбек етіп, былтырғы жылы 20 млрд. теңгенің өнімін өндірсе, оның 16 млрд. теңгесі мал шаруашылығы еншісіне тиетінін жеткізді. Жер құнарлылығы төмен болғандықтан, саланың негізгі табыс көзі мал шаруашылығына тиесілі. Асыл тұқымды мал басын дамыту ісі жыл санап дамып, өңірдің брендіне айналған жартылай қылшық жүнді Байыс қойы мен қазақтың ақбас қызыл қасқа ірі қарасына деген сұраныс артқан. Бұдан бөлек мал шаруашылығына серпін беріп отырған тағы бір бірегей жоба — 3000 басқа арналған «Сембелл» ЖШС-нің мал бордақылау алаңы.

Сүт белдеуін қалыптастыру ісі де жанданып, 100 басқа арналған сүт — тауарлы фермасының құрылысы биыл аяқталады. Бүгінгі таңда жұмыс атқарып отырған 5 сүт қабылдау пунктіне қосымша биыл тағы бір сүт қабылдау орны ашылатынын жеткізген өңір басшысы тек өткен жыл ішінде 1 мың тонна сүт өндірілгенін жеткізді.

Ауданда мал шаруашылығына қызығушылық жоғарылап, шағын несие алып, шаруашылығын ашуға, ісін дөңгелетуге ынталылар саны артып келеді.   Жер мәдениеті де назардан тыс қалмақ емес. Қолда бар егістік алқаптарды игеріп, өсімдік шаруашылығының өзіндік кірісін ұлғайтуға күш салынған. Бұл ретте игерусіз жатқан жерлерді қайтарып алу жағы да қолға алынған.

Суармалы жерлердің негізгі бастауы болып отырған, жалпы сыйымдылығы 80 мың текше метрді құрайтын Шар су қоймасының биыл күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, орталық су арнасы жөнделіп, суармалы алқап көлемі 3000 гектарға жетпек. Ендігі кезекте аталған су қоймасынан тарайтын өзге де су арналарын жөндеу жөнінде ұсыныс жасап, суармалы жер көлемін арттыру көзделіп отыр.

Ауданның даму көрсеткішімен танысқан БАҚ өкілдері өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді ортаға салды. Оның ішінде ең алдымен аймақта өткір тұрған көктемгі су тасқынының алдын алу ісі жайлы сұрақтар болды.

Аудан әкімі ақпан айынан бастап өңірдегі алты бірдей су қоймасы қатаң бақылауға алынғанын, қызыл суға төтеп бере алмайтын су арналарының өзектері ауыр техникалармен көтеріліп, арықтар тазаланғанын, осының нәтижесінде өңірдегі жағдай қалыпты екенін атап өтті.

Баламалы қуат көздерін өндіруші кәсіпорындардың Жарма жеріне қызығушылық танытуының сыры неде деген сауалдар да көтерілді. Аудан әкімі, ең алдымен, Жарма өңірінің климаты әсер етсе, екіншіден, жоғары кернеулі желілердің аудан үстінен басып өтетінімен байланыстырды.

Тоғыз жолдың торабындағы ауданның жол мәселесі де журналистердің назарынан тыс қалмады.

Республикалық маңыздағы тас жолдардың жағдайына тоқталған өңір басшысы биыл Қалбатау — Семей бағытындағы аяқсыз қалған жол бөлігі толығымен жөнделіп, қолданысқа берілетінін және сонымен қатар Қалбатау — Өскемен, Қалбатау — Майқапшағай бағытындағы жол бөліктеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Облыстық маңызы бар Әуезов — Шар тас жолының жағдайы сын көтермейтінін айтқан аудан әкімі оны шешу жолдары пысықталып жатқанын жеткізді. Ал аудандық маңыздағы жолдар бойынша Қалбатау ауылының 2, Шар қаласының бір және Әуезов кентінің орталық көшесі күрделі жөндеуден өткізілетінін айтты.

Қойнауындағы мол қазынасымен ерекшеленетін Әуезов кентінің әлеуеті арта түсуіне байланысты, жаңадан әлеуметтік және спорт нысандарының салынуына қатысты сауалдар да қойылды.

— Кәсіпорын жұмысына кіріссе, шамамен 1 мыңға жуық адам осы орында еңбек ететін болады. Осы себепті спорт — сауықтыру кешенін салу құрылысына қажетті жобалық-сметалық құжатты әзірлеп жатырмыз. Сонымен бірге Мәдениет үйін салуды да жоспарлап, тиісті басқармалармен істі пысықтаудамыз,- деп жауап берді аудан әкімі.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС