"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҒАЛАУ КОМИССИЯСЫ ІСКЕ КІРІСТІ

10.04.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде орын алған су тасқынына байланысты бағалау комиссиясы жұмысын бастады. Осыған орай 5 сәуір күні сарапшылардың жұмысымен танысып қайтқан едік.

Сол күні Пристань ауданындағы Буксирная, 46 мекенжайына аялдаған сарапшылар үйді қарау жұмыстарын жүргізді. 29 наурыз күні осы үйдің иесі Наталья Морозованың 3 бөлмелі үйіне терезеге дейін су кіріп, мүлкінің тең жартысы пайдалануға жарамай қалған. Қазір жақындарының үйін паналап отырған ол ауық — ауық үйіне келіп, от жағып тұрады екен.

— Үйде алты адам тұрамыз: ұлым мен келінім, үш немерем және өзім. Немерелерімнің кішкентайы 9 айлық болса, қалғандары 4 және 6 жаста. Тасқынның екінші күнінде бізге ең алғаш көмек көрсетіп, жеткілікті мөлшерде азық — түлік әкелген мешіт қызметкерлеріне айтар алғысымыз зор. Осы аудандағы зардап шеккен тұрғындар үшін бұл шынымен де үлкен көмек болды. Келесі күннен бастап мектептерден көмек келе   бастады. Өздеріңіз көріп тұрғандай, үйдің қазіргі жағдайын жақсы деп айтуға келмейді. Кірген су терезеге дейін жетті. Қазір барлық жиһаздарды сыртқа шығарып, кептіріп жатырмыз. Дегенмен көпшілігін қоқысқа шығарып тастадық. Мұндай жағдайдың осыдан 35 жыл бұрын болғаны есімде,- дейді үй иесі.

Ағаштан  тұрғызылған үй гипс қатырмаларымен қапталыпты. Қабырғалары ылғалдан құлаған бұл баспананы қалыпқа келтіру мүмкіндігінің бар — жоғын комиссия анықтайтын болады. Апатты жағдайға байланысты Пристань ауданына жауапты болып тағайындалған Николай Ушаковтың айтуынша, аумақта зардап шеккен 235 үй анықталыпты. Оның 197-не су кірген. Су кіру деңгейі үйдің іргетасынан бастап есепке алынған және осы аумақта су кіру мөлшерінің ең жоғары көрсеткіші 1 м 70 см-ге жеткен. Ал зардап шегушілерге шығындарды өтеуге қатысты барлық қажетті мәліметтер көрсетілген ескертпе қағаздар таратылыпты. Ол бойынша, тұрғындар қалада төтенше жағдай жарияланған уақыттан, яғни 29 наурыздан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ТҮКШ бөліміне өтініш жазулары қажет екен.

— Өтініш қабылданғаннан кейін, оларға арнайы талон беріледі. Талон алғаннан кейін, құрамында ТҮКШ, жергілікті әкімдік қызметкерлері және тәуелсіз сарапшылары бар комиссия 10 күн аралығында үйді келіп көрулері қажет. Осыдан соң екі апта ішінде олар мүлік пен жиһаздарды бағалап, жөндеу жұмыстарының шығынын нарықтағы бағаға сай есептейді. Қазір су тасқыны қатері жойылғанымен, шынымен, көп адам зардап шекті. Комиссия жұмысына қатысты да көп шағым айтылып жатқанын білеміз. Бірақ біз азбыз, зардап шегушілер көп. Қалада төтенше жағдай жарияланғандықтан, күндіз — түні жұмыс істеп жатырмыз. Ешкімді ұмыт қалдырмай, әрбір үйді жеке аралаймыз. Сондықтан тұрғындардан сабыр сақтауларын сұраймыз,- дейді арнайы ғылыми сараптамалық зерттеу лабораториясының ұйымдастырушысы Ақмарал Мұрат.

Апатты үйлер жеңіл, орташа және ауыр деңгейлерге бөлінген. Көпшілігі саяжайлардан құралған Бобровка кентінде су кірген 500 үй мен аула анықталса, оның тек 150-і ғана тұрғын үй екені расталған. Бұл көрсеткіш Мирныйда 68-ге жетіп отыр. Ал Пристань ауданы бойынша 1,5 метрге дейін су кіріп, қиын жағдайда тұрған 12 үй анықталған.

— Пристань ауданында зардап шеккен барлық үйлер мен аулалар қамтылды. Сондай-ақ мұндағы барлық отбасыларға ескертпе қағаздары таратылды. Онда шағым жазу, өтініштерді қарау, бағалаушылардың келу уақыттары мен шығындардың өтелу мерзімдері және қажетті құжаттардың тізімі екі тілде көрсетілген. Осы аудандағы №18 мектепте құрылған арнайы штабта өтініштерді қабылдау жүріп жатыр. Тұрғындар кез келген уақытта келіп, шағымдарын жаза алады. Баспана жөндеуге келе ме, әлде келмей ме, оны комиссия анықтайды. Сарапшылардың қорытындысы шыққанда, барлық тұрғындар онымен танысатын болады,- дейді қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Қазіргі күні құрамына 40-тан астам адам тартылған 3 бағалау компаниясы жұмыс істеуде. Оның 22-сі бағалаушы болса, қалғаны — тәуелсіз сарапшылар. Сондай-ақ мүліктің және баспана жағдайын бағалайтын сарапшылар да анықталыпты. Осы аптаның соңына дейін үй аралап, жұмыстарын тамамдап, алдағы бір — екі апта ішінде шешімдерін шығармақ.

— Бобровка кентіне қала әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесов жауапты болып тағайындалса, Мирныйдағы жағдайды бақылау қала әкімінің орынбасары Надежда Шароваға жүктелді. Әркім өз жұмысын істеп жатыр. Әр үй әртүрлі құрылыс материалдарынан салынған. Саман кірпіштен, шлактан тұрғызылған үйлер де бар. Бүгін, міне, ағаштан салынған үйді көріп отырмыз. Зардап шеккен әрбір үйге отын жеткізіліп жатыр,- деді Н.Ушаков.

Оның айтуынша, өтініш қабылдау кезінде көптеген қиындықтар орын алған. Мәселен, қожайыны басқа қалада немесе шетелде өмір сүретін үйлер анықталған. Сондай-ақ мұндағы кей тұрғындарға жырақта өмір сүретін үй иесінің сенімхаты қажет.

— Қожайыны басқа қалада яки шетелде өмір сүретін, оқитын үйлердің жағдайы қиындау болып тұр. Мүмкіндігінше олармен тілдесіп, жағдайды түсіндіруге тырысып жатырмыз. Кейбір тұрғындарға үй иелерінің сенімхаты қажет. Ал олар шетел асып кеткен. Әлі уақыт бар, қожайынын шақырыңыздар, немесе сіздерге сенімхат берсін деп айтып жатырмыз. Онымен қоса техникалық құжаты жоқ баспаналарға көмек көрсетудеміз. Құрылысы аяқталмаған үйлер де есепке алынуда. Себебі тұрғындар оған да қаражат салды. Барлығы әділетті болуы керек,- дейді әкім орынбасары.

Бағалаушылардың тұрмыстық техника тауарларынан чек сұрауы туралы мәселеге орай, комиссия өкілі Ақмарал Мұрат былай жауап берді:

— Өтініш жазу кезінде тұрғындар суға кеткен жарамсыз мүліктерінің санын көрсетуі тиіс. Мүлікті бағалайтын жеке комиссия құрылған. Мамандар келіп, техниканы қосып көреді. Шынымен істемесе, жаңасын алады. Ал чек кепілді қызмет көрсетуде тұрған тауарлар үшін сұралады. Егер тауар кепілді қызмет көрсетуде тұрса, біз ашып көре алмаймыз. Ал мүлік үйде 30 жылдан бері тұрса, әрине, онда чек болмайды. Ондай мүліктер өтінішке сәйкес тексеріліп, мамандардың шешімінен кейін бағалау актісіне тіркеледі, бағасы анықталады.

Зардап шеккен аудандарға әскери қызметкерлер жұмылдырылған. Олар аулаларды тазалау, қақпаларды қалпына келтіру сынды жұмыстарға көмектесуде. Қазір Пристань ауданындағы су басқан 7 көшеге құм, топырақ себіліп, грейдермен жол салынуда.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

18 часов бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

19 часов бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

1 день бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

2 дня бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

2 дня бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

2 дня бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС