"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АРИСТОНМЕН» ҚОШТАСАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

10.04.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

6 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейге келіп қайтты. Аймақ басшысының бұл жолғы сапарының мақсаты — қала тұрғындарын жазғы уақытта ыстық сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласын дамыту, көктемгі қызыл судың зардабы тиген аумақтарды қалыпқа келтіру жұмыстарымен танысу.

Әуежайдағы жұмыстар көз қуантады

Аймақ басшысының сапары әуелі әуежайдан басталды. Талай жылдардан кейін күрделі жөндеуден өтіп жатқан ғимаратты жаңарту және ұшу — қону жолағын ұзарту жұмыстарына Даниал Ахметов оң бағасын берді. Әуежайды қайта жандандыруға бөлінген 10 млрд. теңгенің бүгінге 6 млрд. теңгесі игерілген. Жүк қабылдау орны жаңартылып, нысанның терезелері ауыстырылды, ғимарат ішіне жылу жүйесі тартылды. Жаңа ұшу — қону алаңы 600 метрге ұзартылыпты. Енді әуежай ірі ұшақтарды қабылдауға қабілетті.

— Жоспарланған жұмыс кестеге сай атқарылып жатыр. Құрылыс осы жылдың шілде айының алғашқы күндері аяқталады. Ұшу — қону жолағы дайын. Күту залын екіге бөлдік. Оның бірі халықаралық авиарейстерге, екіншісі ішкі рейстерге арналған. Диспетчерлік пункт салынды. Өрттен құтқару стансасының құрылысы аяқталуға жақын. Ең     бастысы, әуежай жолаушыларға қай қырынан болса да ыңғайлы әрі заманауи талаптарға түгел жауап береді,- деді «Терезе» ЖШС бас директоры Лұқбек Тұмашинов.

Ыстық су пайдаланатын күн жақын

Осыдан кейін облыс әкімі қаладағы №1 жылу электр орталығы мен №1, №3 жылу қазандықтарына бас сұғып, мұндағы қондырғылардың қуаттылығы мен жұмыстың қарқынын бақылады.

— 1997 жылдан бері шешімін таппай  келген мәселе осы  жазда шешіледі. 20 жыл бойы ыстық су берілмеген қаланың сол жақ жағалауындағы аудан тұрғындарының басым бөлігі суды ысытып пайдалануға мәжбүр болмайды. Жылу беретін қазандықтарды жаңарту ісі 1 маусымға шейін аяқталып, халық алдағы уақытта ыстық сумен қамтылуы тиіс. Бұл мәселеге қайта оралмауымыз  керек,- деп   қадап  айтты облыс әкімі.

Иә, № 3 жылу қазандығына қосылған аудандардан басқасының барлығы жаз айында ыстық суды пайдалана алады. Себебі аталмыш жылу қазандығының қуаттылығы әлі жетпейді. Сондықтан қазандықты жаңарту мақсатында осы жылы 980 млн. теңге қарастырылып отыр. Жобалық — сметалық құжат бір жарым айдың ішінде әзірленеді деп күтілуде. Қазір мұнда құны 600 млн-нан асатын ұзақ мерзімді жобаны жүзеге асыру басталып кеткен. Бұл қаржыға қазандық маңында, жаңа насос стансасын салу жұмысымен қатар, жылу, су және кәріз жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр.

Семейде гибридті ота бөлмесі ашылады

Қарапайым халықтың денсау-лығын жақсартуды алдыңғы орынға қойған Даниал Ахметов бұл жолы да Жедел жәрдем медициналық ауруханасына ат басын бұрды. Аурухананың ең үздік мамандарымен кездескен ол таяу арада облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарлары мен аймақтағы ірі емханалардың бас дәрігерлері шетелге оқуға жіберілетінін айтты. Олар емханалар, инсульт және кардиология, перинаталдық орталықтар, онкологиялық диспансерлер сынды әртүрлі бағыттағы емдеу мекемелерінің жетекші мамандарынан төрт ай көлемінде тәжірибе жинақтайтын болады.

— Қазіргі заман талаптарына сай келетін соңғы үлгідегі құрылғылар мен қондырғыларды сатып алып, оны ауруханаларға орнатқанмен, медициналық қызмет көрсетудің сапасы жақсара салмайды. Сапалы қызметті арттыру үшін әрі жаңа технологияны тез меңгеру үшін білікті кадрларды даярлау қажет. Мамандарымыз әкелінген жаңа қондырғыларды тиімді пайдалануы керек. Мәселен, Өскемен облыстық ауруханасында үш ангиограф бар. Оның біреуі 250 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы болғанымен, айтарлықтай нәтиже жоқ,- деген Даниал Кенжетайұлы денсаулық сақтау басқармасының басшылығына медицина мекеме-лерінің жұмыс жүйесін қайта қарастыруды тапсырды. Айтуынша, мемлекет қаражатына сатылып алынған бағалы қондырғылар кешкі сағат беске дейін емес, тәулік бойы халық игілігі үшін ұтымды пайдаланылуы керек.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов өз сөзінде биыл жергілікті қазынадан 1 млрд. теңге дәрігерлерді оқытуға жұмсалатынын жеткізді.

— 2018 жылы денсаулық сақтау жүйесінің кешенді жоспарын жүзеге асыруды жалғастырып жатырмыз. Жоспар 2017 — 2019 жылдарды қамтиды. Медицина мамандарының біліктілігін арттырудағы жұмыстар жалғасуда. Өздеріңізге белгілі, өткен жылы 61 адамды шет мемлекетке тәжірибелерін шыңдауға жіберген едік. Биыл да бұл мақсатқа қомақты қаражат бөлініп отыр. Бағдарлама үш деңгейлі болмақ. Біріншіден, мамандар озық технологияларды жетік меңгеріп, мол тәжірибе жинақтайды. Екіншіден, Жедел медициналық жәрдем ауруханасы базасында политравма және ортопедия орталығы ашылады. Орталық еуропалық стандарттарға сай келетін ең озық құрылғылармен жабдықталмақ. Жоба еліміздегі ғылыми — зерттеу орталықтарының жетекші мамандарымен бірлесе іске асырылады,- деді Марат Шоранов.

Айтпақшы, Жедел жәрдем ауруханасы базасы негізінде құрылған инсульт орталығы арнайы гибридті ота жасау бөлмесімен жарақталады деген болжам бар. Гибридті операция залы емделушіге тез арада диагноз қойып, бір мезетте бірнеше ота жасауға мүмкіндік береді екен.

— Біздің облыста, соның ішінде Семейде, көп ұзамай гибридті операция залы жабдықталуы керек. Текке шығындалмас үшін ауруханадағы қолданыстағы бөлмелердің бірін реттеп, сол жерді гибридті ота залы ету қажет. Өңіріміз алдағы үш жылдың ішінде медицина саласындағы көшбасшы аймаққа айналуы тиіс. Мақсатқа жету жолында болашақта өзіміздің дәрігерлерді Еуропаның ең үздік клиникаларында оқытуды, білікті докторлармен тәжірибе алмасуды жалғастыра береміз,- деді облыс әкімі.

Тасқыннан зардап шеккендер назардан тыс қалмайды

Бұдан кейінгі кезекте қарғын судың құрсауында қалған Пристань ауданына аялдаған аймақ басшысы тұрғындармен жүздесіп, мұндағы жағдаймен танысты. Облыс әкімінің сөзінше, Семейде тасқын су зардабынан тұруға жарамсыз болып қалған 50 үй жеке кәсіпкерлердің көмегімен жөнделеді.

— Көктемгі су тасқыны салдарын жою жұмысының қарқыны жаман емес. Зардап шеккен нысандардың шығын көлемі әзірге белгісіз. Осы мақсатта құрылған арнайы комиссия алдағы күндері өз жұмысын аяқтайды. Төтенше оқиға орын алған аумақтарды қалпына келтіруге белсенділік танытқан кәсіпкерлерге, қоғам өкілдеріне алғыс білдіргім келеді. Олар қазір де көмек қолын созып, апат аймағын тазалауда,- деп атап өтті Даниал Ахметов.

Жақын күндері, су басқан барлық үйлерді тексеру жұмыстары тамамдалған бойда, 12 сәуір күні өтетін облыстық мәслихаттың сессиясында қалыпқа келтіруге келмейтін 15 баспананың орнын толтыру үшін қажетті қаржы ресурстары нақтыланбақ. Ал мұз жару жұмыстарынан зақым келген терезелер міндетті түрде қалпына келтіріледі.

— Краевая көшесіндегі ауласына су кірген үйлерді жөндеу басталып кетті. Кәсіпкер Әсемхан Досқожановтың өзі келіп, хал — ахуалымызды көрді. Өз жұмысшыларын бізге жіберді. Олардың барлығы бір кісідей үйдің ішіндегі мүліктерді тысқа шығарып, тазалауға күш салды. Қазір қабырғаларын құрғатып жатырмыз. Үй қабырғалары құрғаған бетте іші ретке келтіріледі деп уәде етті олар,- деді Краевая көшесінің тұрғыны.

Жолдар жөнделеді

Осыдан кейін облыс әкімі Семейдегі жол жөндеу және қаланы абаттандыру жобаларымен танысты. Биыл өңірді көркейтуге өткен жылмен салыстырғанда қаржы екі есе көп бөлінеді деп жоспарлануда. Өз кезегінде жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Серғазинов облыс әкіміне қалаішілік магистральды жолдарды жөндеу жайында есеп берді.

— Семейдегі жолдарға ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді жүргізуге осы жолы 2 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалады деп жоспарланып отыр. Зәкария Белібаев, Мичурин және Жедел медициналық жәрдем көрсетудің жаңа стансасы жанындағы Орманды мен Қаржаубайұлы көшелері қиылысындағы жолдар күрделі жөндеуден өтпек. Бұл бағытта 625 млн. 472 мың теңге кетеді,- деді бөлім басшысының орынбасары.

Айта кетейік, 2018 жылы 21 шақырым 700 метрді қамтитын 14 көше ретке келеді. Яғни Абай, Тәңірберген, Лебаев, Қабанбай батыр, Дәстенов, Найманбаев, Рысқұлов атындағы көшелер орташа жөндеуден өтеді. 214 млн. теңге бөлініп отырған ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында 51 873 шаршы метр асфальт жайылады. Омбы — Майқапшағай бағытындағы тас жол, Шугаев көшесінен Сәтбаев көшесіне апаратын, сондай-ақ Бобровка кентіне бағытталған жол, Би Боранбайдан Центральнаяға дейінгі көшелер де билік назарынан тыс қалмақ емес. Энергетик кентінен бастап «Солтүстік» сауда — логистикалық орталығына дейінгі аралық та асфальтталады деп күтілуде.

Үй аулалары абаттандырылады

— Тұрғын үй аулаларын абаттандыру бойынша сметалық есептеулер әзірленді. Бүгінгі күні 52 ауланы ретке келтіру үшін 611 млрд. теңге жеткілікті. Абаттандыру жұмыстарына кіші архитектуралық үлгілерді орнату, асфальттау, спорт алаңдары мен балалар алаңқайын салу, сондай-ақ орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату кіреді. 2017 жылы шаһардағы екі саябақ маңын абаттандырдық. Ол жерлерде инновациялық жарықтандыру жүйесін құрып, жолдарға тас төсеніштер төселді. Қураған ағаштарды кесіп, орнына басқа жасыл желектерді отырғыздық. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз. Өздеріңіз білесіздер, Абай атындағы алаң соңғы рет 90-шы жылдардың соңында жөндеуден өткен болатын. Мұнда аэродромды плиталар төселген. Бұл — өте құнды әрі сапалы дүние. Сондықтан ескі плиталарды алмай, үстін брусчаткамен жапсақ, барлық жағынан ұтымды болады. Ағымдағы жылы Невзоровтар атындағы мұражайдан бастап Ворошилов көшесіне дейін толығымен абаттандыруды көздеп отырмыз,- деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Аленов.

Осы жылы қала көшелерін абаттандыру ісіне 1 млрд. 828 млн. теңге қарастырылған. Мақсатты қаражатқа Ленин көшесі жөнделіп, қаланың орталығы мен Абай алаңы, Ағайынды Мусиндер саябағы абаттандырылады, жаңа демалыс орындары салынады. Сонымен қатар «Менің аулам» бағдарламасы да жүзеге асырылып, нәтижесінде 52 аула көркейтіледі.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

19.03.2026
Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты амнистия жүргізуге бастамашылық жасады. Бұл шара азаматтар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Қазақстанның болашағы қандай болуы керек екенін айтты

19.03.2026
Тоқаев Қазақстанның болашағы қандай болуы керек екенін айтты

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесу барысында Қазақстанның болашағына қатысты пікірін айтты. – Келер ұрпақ біздің кейбір кемшіліктерімізге...

Толығырақ...Details

Жайық. Ертіс. Айтыс

19.03.2026
Жайық. Ертіс. Айтыс

Алаштың асыл мұрасы – айтыс өнері қасиетті Абай жерінде тағы бір мәрте жаңғырып, ұлттық рухты асқақтатқан айтулы мәдени оқиғаға айналды....

Толығырақ...Details

Абай облысында әлеуметтік қолдау күшейіп, қызметтер цифрландырылып жатыр

19.03.2026
Абай облысында әлеуметтік қолдау күшейіп, қызметтер цифрландырылып жатыр

Абай облысында халықты әлеуметтік қорғау тетіктерін жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Әсіресе, медициналық-әлеуметтік сараптаманы дамыту, қызметтердің қолжетімділігін арттыру және...

Толығырақ...Details

Семей қаласында Ұлттық киім күні атап өтілді

19.03.2026
Семей қаласында Ұлттық киім күні атап өтілді

Семей қаласындағы бизнес және сервис колледжінде Наурыз мерекесі қарсаңындағы Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара...

Толығырақ...Details

Eurasian Construction Technology Astana 2026 – құрылыс индустриясының халықаралық алаңы

19.03.2026
Eurasian Construction Technology Astana 2026 – құрылыс индустриясының халықаралық алаңы

2026 жылғы 5–7 мамыр аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Eurasian Construction Technology Astana 2026 – құрылыс техникасы мен жабдықтарының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

14 часов бұрын

Тоқаев Қазақстанның болашағы қандай болуы керек екенін айтты

15 часов бұрын

Жайық. Ертіс. Айтыс

18 часов бұрын

Абай облысында әлеуметтік қолдау күшейіп, қызметтер цифрландырылып жатыр

19 часов бұрын

Семей қаласында Ұлттық киім күні атап өтілді

20 часов бұрын

Eurasian Construction Technology Astana 2026 – құрылыс индустриясының халықаралық алаңы

20 часов бұрын

Business Media Central Asia (BMCA) компаниясы Comtrux Astana жаңа халықаралық көрмені іске қосады

20 часов бұрын

ЖИ-контентке қойылатын талап күшейді

2 дня бұрын

Абай облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл: 2026 жылдың алғашқы нәтижелері

2 дня бұрын

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияланды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС