"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАС МАМАНҒА БАҒДАР БЕРІЛДІ

21.02.2014
ЖАС МАМАНҒА БАҒДАР БЕРІЛДІ
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Достық үйінде Радиотехника және байланыс колледжі ұжымының ұйымдастыруымен «Кәсіптік бағдар беру: мектеп-колледж-кәсіпорын деп аталатын үшжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектісі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Смаилова, аталмыш колледждің және бірқатар мектептердің мұғалімдері мен түлектері, жұмыс берушілер қатысты.

 

Басқосудың негізгі мақсаты – түлектерге кәсіптік бағдар бере отырып, жұмыс берушілер тарапынан колледж түлектеріне қандай талаптар қойылатынын ескеріп, студенттерді сол талаптарға бейімдеу және болашақта осы оқу ошағының студенті болсам деген ниеттегі биылғы жылғы түлектермен, мектептермен ынтымақтаса отырып жұмыс істеудің жаңа үлгісін қалыптастыру болатын.

-Бүгін біз студенттеріміз бен әлеуметтік серіктестерімізді дөңгелек үстелге шақыра отырып, ой бөлісу мақсатын көздеп отырмыз. Бүгінгі біздің бітіруші түлектер ертең түрлі кәсіпорындарда еңбек ететін мамандар. Қолдарына диплом алған түлектер қайда жұмысқа орналасады, қандай әлеуметтік пакетпен қамтылады, қандай жалақы алады деген мәселелер бізді ойландырады, — дейді колледж директоры Оралхан Сартаев.

Тәжірибесі жоқ жас маманның жұмыс табуы қиын. Екінші жағынан оқу ордаларының жұмысы студенттерінің «кетігін тауып қаланғандарына» байланысты бағаланатыны тағы бар. Үстіміздегі жылы аталмыш білім ордасынан 256 түлек түлеп ұшпақ. Олардың әрқайсысын оқу орынында алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру колледждің басты мәселесі. Бұл ретте колледжден техникалық мамандық бойынша білім алып шығатын студенттер «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ВИА МЕД» ЖШС және басқа да кәсіпорындарға жұмысқа орналасады екен. Осы кәсіпорындардың өкілдері, яғни, жұмыс берушілер кездесу барысында қазіргі таңда еңбекке араласатын жас мамандарға қандай талаптар қойылатынын айтты. «ВИА МЕД» ЖШС өкілінің айтуынша, медициналық техникаларды құрастыру, техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық жөндеу жүргізу үшін ең алдымен жұмысқа орналасушы маман компьютерлік техника, заманауи элементтік базадан хабардар болуы керек. Сонымен қатар, биофизика, химия, термодинамика заңдылықтарын меңгеруі қажет.  Дұрыс жөндеуден өтпеген құрылғы орасан зор қиыншылықтар тудыратындығы белгілі. Осылайша, жұмыс берушілер жағы өз талап-тілектерін айтса, түлектер де жұмысқа орналасу тәртібі жайлы сауалдарына     жауап алды.

 

{jcomments on}Дөңгелек үстел барысында  қарастырылған тағы бір мәселе – мамандық таңдау. Мамандық таңдау жа-уапты іс екені белгілі, бірақ ұстаздар қауымының айтуынша, кейбір жағдайда ата-аналар балаларының қалауын ескермей, өздері бағыттаған оқу орындарына түсіруге мәжбүр етіп  жатады. Жүрек қалауымен келмеген маман ертеңгі күні  жұмысты  алып жүре алмайтыны  да белгілі. Бұл орайда №10 жалпы білім беретін мектептің ұстазы Юлия Крылова мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысына тоқталып, әдісімен бөлісті. Ол сауалнама арқылы оқушылардың бейімін анықтау керек деген ойын жеткізді. Сонымен қатар, №21 мектептің мұғалімі Ләззат Мұқанова мектеп-колледж-кәсіпорын тізбегі үнемі байланыста, бірлесе жұмыс істесе, Елбасымыз айтқан бәсекеге қа-білетті мамандар дайындалатын-дығына сенім білдірді.

 

Колледждің кәсіптік бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Фарида Шалова  түлектердің жыл сайынғы жұ-мысқа орналасу көрсеткіштерімен таныстыра келе, былтырғы жылы түлектердің 63 пайызы жұмысқа   орналасқан. Биыл  бұл көрсеткіш оң нәтижеге өзгереді деп күтіліп отыр-ғанын айта кетті.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

07.04.2026
Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

Semeytany.kz - Абай облысында жазғы демалыс маусымына дайындық және туристік аймақтардың инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралды. Жиынға облыс...

Толығырақ...Details

ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ – СЕРГЕКТІК ПЕН ШЫМЫРЛЫҚ КЕПІЛІ

06.04.2026
ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ – СЕРГЕКТІК ПЕН ШЫМЫРЛЫҚ КЕПІЛІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің «Семей» шекара басқармасының әскери қызметшілері Салауатты өмір салты күніне орай арнайы спорттық...

Толығырақ...Details

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

06.04.2026
Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып, өнім көлемі артып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін...

Толығырақ...Details

Аягөз ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

06.04.2026
Аягөз ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Аягөз ауданында денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз...

Толығырақ...Details

Аягөзде негізгі көшелер мен жолдар жаңартылады

06.04.2026
Аягөзде негізгі көшелер мен жолдар жаңартылады

Аягөз ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар маңызды жоба іске асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

06.04.2026
ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

9 часов бұрын

Шығыс кентінде 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді

9 часов бұрын

ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ – СЕРГЕКТІК ПЕН ШЫМЫРЛЫҚ КЕПІЛІ

1 день бұрын

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

1 день бұрын

Аягөз ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

1 день бұрын

Аягөзде негізгі көшелер мен жолдар жаңартылады

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

1 день бұрын

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

1 день бұрын

Абай облысында жалпыөңірлік тазалық акциясы өтті

2 дня бұрын

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: кінәлілер қамауға алынып, полиция басшылары қызметтен босатылды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС