"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ГОЛЛИВУДТЫҚ КИНОАКТЕР СЕМЕЙГЕ КЕЛДІ

28.09.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада голливудтық киноактер Дон «Айдаһар» Уилсон Семейге келді. Дүйсенбі, 24 қыркүйек күні қаламызда өткен «Fashion House International – Шығыс Қазақстан аруы» халықаралық конкурсының өңірлік жартылай финалына қазылар алқасы төрағасы ретінде шақырылған голливудтық  жұлдыз және кикбоксингтен 11 мәрте әлем чемпионының бұл Қазақстанға алғаш мәрте келуі емес.

«Fashion House International – Шығыс Қазақстан аруы» жобасы Семейде осымен екінші жыл қатарынан жүзеге асуда. Бұл жолы Номад халықаралық кинофестивалі аясында қолға алынған жобаның президенті Даниал Ахметов болса, продюсері Еркін Ялгашев.

Кино саласында 28 жыл еңбек етіп келе жатқан Дон «Айдаһар» Уилсон бүгінде продюсерлікке бет бұрған екен. Сұхбат барысында Голливуд жұлдызы келешекте жергілікті актерлердің қатысуымен фильмдер түсіру үшін Қазақстанға қайта келуге ниетті екенін жасырмады.

— Кикбоксер ретінде 30 чемпионатта жеңіске жетіп, үш түрлі салмақ дәрежесінде әлемнің 11 дүркін чемпионы атандым. Ал «Айдаһар» лақап аты 1974 жылы кунг-фумен айналысып жүргенде пайда болды. Мен кикбоксингке келгенде лақап ат ойлап табуға кеңес берді. Бірден ойыма келгені «Айдаһар» болды. Содан бері мені Дон «Айдаһар» Уилсон деп атайды. Дон деген менің Дональд деген қысқарған есімім. Ал киноға досым Чак Норисстің кеңесімен келдім. Бұдан кейінгі мансабым киномен байланысты. 30-дан аса фильмде басты рөлдерді сомдадым, — дейді Д.Уилсон.

Оның айтуынша, бұл сұлулық байқауына төрағалық етуі болашақ киноактерлерді іріктеуге көмектеспек. Қазылар алқасының құрамында сондай-ақ облыстық, қалалық әкімшілік өкілдері, Қазақстан мен Азия арулары атанған бойжеткендер және продюсер Еркін Ялгашев енді.Өңірлік жартылай финалдың бағдарламасына сай, қатысушылар тек салтанатты түрде жүріп өтіп, олардың сахнадағы қимылдары мен өзін-өзі ұстауы, сыртқы сұлулығы бағаланды. Қазылар алқасының шешімімен Надежда Недосекова «Шығыс Қазақстан аруы – 2018» атанды. Енді ол Өскеменде өтетін халықаралық байқаудың ақтық сынында өнер көрсететін болады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семей қаласында жастар мен «Ғибратты ғұмырлар» Ақсақалдар кеңесінің мүшелері арасында диалог алаңы өтті

14.12.2025
Семей қаласында жастар мен «Ғибратты ғұмырлар» Ақсақалдар кеңесінің мүшелері арасында диалог алаңы өтті

Іс-шара Абай облысы ішкі саясат басқармасының, «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» КММ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің,...

Толығырақ...Details

«Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды

12.12.2025
«Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды

Semeytany.kz - Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітаптар...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды

12.12.2025
Қазақстан Президенті Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп есептейді

✔️Қазақстан Президентінің пайымдауынша, жаһандық су дипломатиясын дамытуда мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың маңызы зор. – БҰҰ жүйесінде тек су мәселесімен айналысатын арнаулы...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық суды пайдалану, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық проблемаларға назар аударды

12.12.2025
Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты

✔️Президент су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беру қажет деп санайды. – Су тапшылығы үлкен проблемаға айналып келеді. Бұл ресурсты...

Толығырақ...Details

«Бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, бітімге келу жолын іздеуге үндеу»

12.12.2025
Президент БҰҰ-ны реформалаудың маңызына назар аударды

«Бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, бітімге келу жолын іздеуге үндеу» – Президент VIIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі аясында көтерілген «Бейбітшілік...

Толығырақ...Details

Қазақстан Президенті Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп есептейді

12.12.2025
Қазақстан Президенті Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп есептейді

– Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығы осы бағыттағы ынтымақтастықты үйлестіретін маңызды платформаға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семей қаласында жастар мен «Ғибратты ғұмырлар» Ақсақалдар кеңесінің мүшелері арасында диалог алаңы өтті

21 час бұрын

«Абай жолы» топтамасы толықты: Семейде 19 автордың 25 кітабы таныстырылды

3 дня бұрын

Омбыда өткен халықаралық форумда Ертіс арқылы бірлескен дәліз құру мәселесі көтерілді

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық суды пайдалану, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық проблемаларға назар аударды

3 дня бұрын

«Бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, бітімге келу жолын іздеуге үндеу»

3 дня бұрын

Қазақстан Президенті Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп есептейді

3 дня бұрын

Президент: «Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімі аталған аймақтағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу ниетінен туындап отыр»

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

3 дня бұрын

Президент БҰҰ-ны реформалаудың маңызына назар аударды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС