"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҒЫТ — АЙҚЫН, ТАЛАП — ЖОҒАРЫ

23.10.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сенбі, 20 қазан күні Семейге облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов келіп, Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ШҚО-да атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Қалалық әкімдікте өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов және бөлім қызметкерлері қатысты.

Елбасы Жолдауының басты 6 бағытына тоқталған ШҚО әкімінің орынбасары Серік Қасымбекұлы ең төменгі жалақы мөлшерінің 28 мыңнан 42 мыңға және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға көтерілетінін, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының 2025 жылға дейін жалғасатынын, сондай-ақ көлік-логистика саласын дамытуға баса көңіл бөлініп отырғанын айтып өтті.

— Семей әуежайы күрделі жөндеуден өтті. Жуырда пайдалануға беріледі. Ал келесі жылы Өскемен әуежайын жөндеу жұмыстары басталады. Сонымен қатар Үржар әуежайының ұшып-қону жолағы да қалыпқа келтірілмек. Бұл жұмыстар 2019-2020 жылдар аралығында жалғасады,- деді ШҚО әкімінің орынбасары.

Семей мен Өскемен қалаларындағы қоғамдық көлікті оңтайландыру — өзекті мәселелердің бірі. Серік Қасымбекұлының айтуынша, бұл бағытта Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Қазақстан даму банкімен келісімшартқа қол қойылған. Екі жыл ішінде Өскемен мен Семейдегі автобус парктерін жаңартып, 9,5 млрд. теңге қаржыға 255 жаңа көлік сатып алу жоспарлануда. Жаңа электрондық билет жүйесі де келесі жылы іске қосылмақ.

— Елбасы тапсырмаларының бірі — елдегі ішкі және сыртқы туризмді жандандыру. Соңғы үш жылда Алакөл маңын абаттандырып, жолдарын жөндеуге, әуе және темір жол хабарламарын ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 5,2 млрд. теңге бөлінді. Ендігі мақсатымыз – көлге бір жылда келетін туристер санын миллионға жеткізу,- деді С.Ақтанов.

Елбасы Жолдауларында баламалы энергия көздерін дамыту туралы жиі айтылып келеді. Осы бағытта қолға алынған Зырян ауданындағы Тұрғысын су электр станциясы құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. Ал 2019-2024 жылдар аралығында ШҚО-да күн және қуаттылығы 131 МВт-ты құрайтын 3 жел электр станциясын салу жоспарлануда.

Жолдауда айтылған екінші басты бағыт – тұрмыс сапасын арттыру. Елбасы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу туралы тапсырма берді. Соңғы үш жылда ШҚО-да білім саласында жалпы сомасы 4,9 млрд. теңгені құрайтын көптеген маңызды жобалар жүзеге асты.

— Оның ішінде үш тілде білім беруді жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 2,2 млрд. теңге қарастырылды. Облыстың барлық мектептері үшін жаңа оқулықтар алынып, қазақ, ағылшын тілдерін оқытуда Кембридж жүйесі енгізілді, мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Биылғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Менің мектебім» жобасы шеңберінде облыс мектептерінде бюджеттен тыс қаражат көздерінен 2,80 млрд. теңгеге Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандарттарына сай жабдықталған 476 кабинет ашылды. Оның ішінде робототехника кабинеттері де бар. Облыста екінші жыл қатарынан аймақ экономикасындағы сұранысқа ие мамандықтарға грант бөлуге арналған «Білікті маман» жобасы жүзеге асуда. Қазірдің өзінде 646 студент аталмыш жобамен білім алуда. Соңғы екі жылда облыста мектеп бітіруші түлектердің шетелдерге кетуі 3 есеге азайғаны байқалады,- деді С.Қасымбекұлы.

Медицина – аймағымызда қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Биылғы жылы Өскемен қаласында роботталған хирургия және трансплантология орталығы, Зырян мен Аягөз аудандарында ІІ деңгейлі инсульт орталықтары ашылды. Ал келесі жылы Өскемен қаласында 200 орынға арналған балалар ауруханасын пайдалануға беру көзделуде.

— Жыл соңына дейін Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бірегей гибридті ота залы мен травмотология орталығын жабдықтауды аяқтайыз. Ал 2020 жылы Семей қаласында радиология, 2021 жылға қарай гемотология орталықтарының құрылыс аяқталады,- деді ШҚО әкімінің орынбасары Серік Ақтанов.

Жиын соңында қаладағы мекеме басшылары мен бөлім қызметкерлері Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға атсалысатындарын жеткізді.

Жадыра Төлегенқызы, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

4 дня бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

4 дня бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

4 дня бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

5 дней бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

5 дней бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

5 дней бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

5 дней бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС