"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАЙДАНГЕРЛЕР ШАҢЫРАҒЫНДА

08.05.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жеңіс  күні  мерекесі  қарсаңында  қа-ла әкім Ермак Сәлімов шаһарымызда тұратын бірқатар соғыс ардагерлері мен Ленинград блокадасында болған жерлестеріміздің үйлеріне барып, арнайы құттықтады.

Қала басшысы Ермак Бидахметұлы алғашқы кезекте Раиса Денисованың үйінде болып, соғыс ардагеріне Жеңістің 74 жылдық мерекесіне орай құттықтау лебізін білдірді. Раиса Александровна 1926 жылы 8 мамыр күні Семей қаласында өмірге келген. 1941 жылы өрімдей жас әскер қатарына алынып, Ленинград қаласында борышын өтейді. Жау қоршауында қалған қаһарман қалада қиындық пен азапты күндерді өз көзімен көріп, басынан өткерген.

Қала әкімі майдангер әжейді Жеңіс мерекесімен бірге келіп жеткен туған күнімен де құттықтады. Раиса Александровна бүгінде 93 жасқа аяқ басса да әлі тың екен. Өткен-кеткеннен қозғап естелік әңгімелер де айтты. Қаншама уақыт өтсе де көңіл түкпірінде жүрген сол бір сұрапыл жылдар туралы естен кетпес оқиғалармен бөлісті. Өзінің майдан даласындағы көргендері жайында сөз өрбіткен қария:

— Ленинград қаласындағы бомбалаулар кезінде көптеген қаруластарымды жоғалттым. Лениградтықтар аштықтан өліп жатты. Әйтсе де бейбіт күнге, жеңіске деген зор сенім бізді алға жетеледі. Осының бәрін көзбен көрген біз үшін бұл күннің мәні ерекше, — деді.

Раиса Денисова 1947 жылы өмірлік серігін майдан даласынан кезіктіріп, елге оралады. Көптеген орден-медальдардың иегері. Үш перзент тәрбиелеп өсіріп, олардан 9 немере, 9 шөбере сүйіп, бүгінде бақытты әже атанып отыр.

Ермак Бидахметұлы бұл күні соғыс ардагері Кәмкетай Баировтың да шаңырағында болып қайтты. 1943 жылы өз еркімен майдан даласына аттанған ол Балтық теңізінде борышын өтеп, қаһарман теңізші атанады. 1944 жылдың күзі, яғни жау қоршауындағы Ленинградты қайтару үшін болған ұрыстар жас теңізшінің ерекше есінде қалыпты. Артиллерист Кәмкетай Байыровтың кемесіне жүктелген міндет теңіз айлағына фашистер мен олардың одақтасы фин кемелерін жібермеу, қаланы теңіз артиллериясы шабуылынан қорғау еді. Бұл міндетті жауынгерлер мүлтіксіз орындайды. Нәтижесінде жау шеңгелінен босаған қалаға құрлық әскерлерімен қатар алғашқы болып кіріпті.

Осылайша, Балтық аймағы жаудан тазартылған соң, ақсақал мінген кеме майдан шебіндегі Рига мен Таллин қалалары жағалауларын күзетіпті. Ұзақ күттірген Жеңіс мерекесін ақсақал осылай қарсы алған. Бүгінде жаужүрек теңізшінің кеудесі орден-медальға толы. ІІ дәрежелі ұлы Отан соғысы ордені мен Адмирал Кузнецов, Маршал Жуков медальдарының иегері.

Алайда қаһарман үйіне тек 1950 жылы ғана қайтып оралыпты. Бейбіт өмірдегі елеулі жылдарын темір жолға арнайды. Ақсақал 1951 жылдың 15 мамырынан 1986 жылдың 23 мамырына дейін Семей темір жолының Семей белгі беру және байланыс дистанциясында электромеханик болып абыройлы қызмет атқарады. Болашақ жары, темір жол кассирі болып еңбек етіп жүрген Ғалия апамызбен көңіл жарастырып, шаңырақ көтеріпті. Бүгінде ұрпақ қызығына кенеліп, үлкен әулеттің ақылшысы болып отыр.

Қала әкімі сонымен қатар Ошақбай Сәкеновтің шаңырағында да болып, қарт майдангерден амандық сұрасты. Белорусь, Украина майданында әскери борышын өтеген ардагердің де өңірі орден-медальдарға толы. Соғыс аяқталған соң елге оралған жауынгер қаламыздағы ет комбинаты мен шифер зауытында ұзақ жылдар бойы еңбек етіпті.

Барлық соғыс ардагерлері қала басшысына зор алғыстарын білдіріп, елге амандық, халқымызға тыныштық болсын деген баталы тілектерін білдірді.

К.НҰРБЕРГЕН, «Семей таңы» {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

10 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

10 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

10 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

10 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

10 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

10 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

11 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС