"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

JCI СТАНДАРТЫНА САЙ КАРДИООРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

31.05.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өскемен қаласындағы облыстық аурухана жанынан салынатын кардиологиялық орталық корпусының аумағы бес мың шаршы метрден асады. Маңыздылығы сол — жаңа нысан әлемдік деңгейдегі талаптарға толық сай болмақ. Атқарылуы тиіс жұмыстар қазірдің өзінде басталып кетті. Бұл жайында ШҚО әкімі Даниал Ахметов өткізген кеңес барысында кеңінен айтылды.

— Облысымыздағы үш ірі медициналық мекемеге революциялық өзгерістер жүргізу ісі күтіп тұр. Оның барлығы денсаулық сақтау саласының басым бағыттарын — ана мен бала, онкология, кардиологияны дамытуға бағытталған,- деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Облыстық аурухананың жаңа корпусы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың филиалы болады. Аталмыш орталықтың директоры, еліміздегі жетекші кардиолог Юрий Пя жуырдағы облысымызға жасаған сапары барысында біздің дәрігерлердің кәсіби шеберліктерін жоғары бағалап, мақтау білдірген болатын. Сонымен қатар арнайы шеберлік сыныбын өткізіп, жергілікті мамандардың жоғары деңгейдегі операциялар жасауға даяр екендіктерін айтқан-ды.

Облыс әкімі JCI стандартына сай жаңа жоба жасау туралы тапсырмалар берді. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық аурухана жанынан ашылған кардиохирургиялық орталық жылына 4 мың емделушіні қабылдай алады. Сондай-ақ 6 ота залы, кардиохирургиялық жансақтау бөлімі, интенсивті терапия, кардиохирургия бөлімдері де ашылмақ.

— Облыс тұрғындары ем іздеп шетелдер мен өзге аймақтарға бармауы тиіс. Алдағы уақытта кардиологиялық науқастар ота жасатуға кезекке тұрмауы керек,- деді Даниал Ахметов.

Облыстың бас онкологі, орталықтың бас дәрігері Гүлмира Сағидолдинаның сөзіне қарағанда, МРТ онкологияны ерте анықтауға мүмкіндік берсе, лазерлі аспап инвазивті емес әдіс бойынша қуықасты қатерлі ісігіне, кейбір гинекологиялық ауруларға, сүйек дерттеріне хирургиялық операциялар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай құрал Ұлыбритания, Израиль, Германия мен Америка клиникаларында табысты қолданылып келеді. Осы аппаратпен жұмыс істейтін мамандарды аспаптың отаны Израильде оқыту жоспарланып отыр.

Елімізде сәулелі терапиямен емдеуге қажетті құрал-жабдықтың ескі үлгісі бар, оның уақыты 2020 жылы бітеді. Ал жаңа үлгідегі қондырғының артықшылығы – йондалған сәулелену көздері жоқ, сондықтан сапалы емдеуге, науқастың сау органдарына зиян келтірмеуге мүмкіндік береді, келесі жылдың 1-2-тоқсанында қол жеткіземіз,- деп түсіндірді облыстың бас онкологі.

Медицина саласын озық технологиялармен жабдықтау мен мамандардың біліктілігін үздіксіз жетілдіру өз жемісін беріп те келеді. Қазір созылмалы ауруларды, соның ішінде онкологиялық сырқаттарды ерте сатысында анықтау, өмір жасын әлдеқайда ұзарту көрсеткіші жақсарған.

Көп ұзамай Өскемен қаласының онкологиялық орталығының мамандары Израильге барып, аталған құралмен жұмыс істеуді үйренетін болады. Айта кетейік, биылғы жылы дәрігерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың 3 деңгейлі бағдарламасы бойынша оқыту кезеңінің уақыты ұлғайтылды.

– 3 айлық оқыту курстарының орнына 6 жылдық және бір жылдық оқу мерзіміне көшесіздер. Біз тез арада адами капиталдың сапасын көтеруіміз керек. Жаңа, жоғары технологиялық жабдықтардың онымен жұмыс істей алатын қызметкерлерсіз ешқандай пайдасы болмайды. Халықаралық стандарттарға сай болу үшін медициналық қызметкердің қызмет көрсету сапасын өзгерту қажет,- деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, Семей жедел медициналық жәрдем ауруханасы JCI аккредитациясына дайындық жұмыстарын жүргізуде. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ильяс Мұхамеджан облыс әкіміне хабарлағандай, сарапшылар аурухана ғимараттары мен бизнес-процестерге бастапқы аудит жүргізіп, жұмыс пен инвестициялар көлемін алдын ала анықтауда.

— Біз JCI халықаралық стандарттарына сәйкестікті дәлелдейтін өз орталықтарымызды құруды жоспарлап отырмыз. Осы деңгейге жету үшін көп жұмыс атқардық. Денсаулық сақтау жүйесін әлемдік нарыққа шығарып, медициналық туризмді дамытуға мүмкіндігіміз жетеді. Біздің орталықтарымызды JCI стандарты бойынша сертификациялау – алға жылжудағы маңызды қадам және бұл, ең бастысы, өңірдегі медицина сапасын жақсартуға бағытталып отыр, — деді Даниал Ахметов.

Анықтама үшін: JCI стандарттары (Joint Commission International) медициналық мекемелердің сапа және қауіпсіздік стандарттарының бірі болып табылады. JCI – (Joint Commission International) медициналық мекемелерді аккредитациялау бойынша ірі халықаралық ұйымдардың бірі. Медициналық мекемелерді аккредитациялауда бұл компания пациенттерге қауіпсіз қызмет көрсетуге басымдық береді. Бүгінде JCI стандарттары бойынша әлемнің 57 еліндегі 600-ден астам медициналық мекеме аккредитациялаудан өтті. Бұдан басқа, JCI түрлі салаларда медициналық көмек бағдарламаларын сертификаттауды жүзеге асырады.{jcomments off}

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпараты негізінде әзірленді

Ұқсас жаңалықтар

Мақаншыдағы шекара басқармасында сарбаздарды шығарып салу және қарсы алу рәсімі өтті

11.09.2025
Мақаншыдағы шекара басқармасында сарбаздарды шығарып салу және қарсы алу рәсімі өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасында ерекше рәсім өтті. “Күз-2024” шақырылымымен әскери...

Толығырақ...Details

Семейдегі №35 мектепте «Абай кітапханасы» ашылды: 60 мың кітап оқушыға қолжетімді

11.09.2025
Семейдегі №35 мектепте «Абай кітапханасы» ашылды: 60 мың кітап оқушыға қолжетімді

Semeytany.kz - Семей қаласындағы №35 жалпы білім беретін мектепте заманауи «Абай кітапханасы» пайдалануға берілді. Жоба облыс әкімі Берік Уәлидің үндеуіне...

Толығырақ...Details

Абайда 40 ауыл мектебі TopIQ-Mobil Box-пен қамтылады

11.09.2025
Абайда 40 ауыл мектебі TopIQ-Mobil Box-пен қамтылады

Semeytany.kz - Білім беруді цифрландыру міндеттеріне сай Абай облысындағы 40 ауылдық мектепке TopIQ-Mobil Box мобильді станциялары беріледі. Кездесу барысында «Алматыкітап»...

Толығырақ...Details

Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындық бүгіннен басталуы тиіс — Берік Уәли

11.09.2025
Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындық бүгіннен басталуы тиіс — Берік Уәли

Semeytany.kz - Абай облысында туризмді дамыту жөніндегі кеңесте аймақ басшысы Берік Уәли Алакөлдегі келесі шомылу маусымына әзірлікті қазірден бастап, биыл...

Толығырақ...Details

Семейде ЖЭО-3 құрылысы бойынша келіссөздер өтті

11.09.2025
Семейде ЖЭО-3 құрылысы бойынша келіссөздер өтті

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесіп, Семей қаласында үшінші жылу электр орталығын...

Толығырақ...Details

Абай ауданында тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары жалғасып жатыр

11.09.2025
Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

Абай ауданында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Аудан әкімі Мейіржан Смағұловтың мәліметінше, 2020 жылдан бері 208 тұрғын жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мақаншыдағы шекара басқармасында сарбаздарды шығарып салу және қарсы алу рәсімі өтті

1 день бұрын

Семейдегі №35 мектепте «Абай кітапханасы» ашылды: 60 мың кітап оқушыға қолжетімді

2 дня бұрын

Абайда 40 ауыл мектебі TopIQ-Mobil Box-пен қамтылады

2 дня бұрын

Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындық бүгіннен басталуы тиіс — Берік Уәли

2 дня бұрын

Семейде ЖЭО-3 құрылысы бойынша келіссөздер өтті

2 дня бұрын

Абай ауданында тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары жалғасып жатыр

2 дня бұрын

Абай ауданында өнеркәсіптің дамуына серпін беретін жобалар іске қосылды

2 дня бұрын

Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

2 дня бұрын

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

Балаларды қорғау: Семейде тұрмыстық зорлықтың алдын алу бойынша оқыту өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС