"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛҒА БАР, ЖАС МАМАН!

02.07.2019
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазіргі таңда тек еліміз бойынша ғана емес, халықаралық деңгейде білікті мамандар даярлайтын Семей медицина университеті түлектерінің ауылдық жерлерге барып жұмыс істеуге құлшыныстары жоғары. Мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік несие – мұның барлығы жас мамандарды әлеуметтік тұрғыдан қолдауға бағытталған.

— Бүгінде ауылдық жерлердегі медицинаны дамыту, қызмет сапасын арттыру бойынша Елбасы Жолдауы аясында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл — бұрыннан бар дәстүр. Медицина саласында биік дәрежеге жеткен, ғылым докторы атанған көптеген елімізге белгілі дәрігерлер алғашқы еңбек жолдарын ауылдан бастаған болатын. Десек те, қазіргі уақыт талабынан қарастырсақ, мемлекеттік стратегия тұрғысынан аталмыш тақырып аясында қоғам арасында әлі де кеңінен жұмыс жүргізу қажет, көңіл аударарлық жайттар жетерлік, — дейді басқарма төрағасы, ректор Ерсін Жүнісов.

Оқу орны басшылығы ауыл-дық жерлерге жұмысқа тұрған түлектерін назардан тыс қал-дырмайды. Жергілікті атқарушы билік өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатылғандықтан, университет қабырғасынан түлеп ұшқан жас мамандардың тұр-мыстық жағдайы, қызметтік ахуалы да ұдайы қадағаланып отырады. Ескерер бір жайт, ауылға барған жас маманға материалдық тұрғыдан көмек көрсетіп, қолдау, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетулері үшін қолайлы жағдай туғызу бірінші кезекте қалалар мен аудан әкімдерінің құзырына кіреді. Ауылдық елді мекендердегі атқарушы билік өкілдері жас маманның меселін қайтаратын олқылықтарға жол бермесе екен дейді әр түлегіне жанашырлық танытатын ректор Е.Тұрсынханұлы.

Жалпы, дәрігер мамандығын алып, дипломмен ауылға баратын түлектердің басым көпшілігі ауылдық жердің тумалары. Ал аудан әкімінің грантын иеленген түлек жоғары білім алған соң ауылға қайтуға, өзі туып-өскен елді мекенде қызмет етуге міндетті. Мемлекет қолдауымен тұрмысын түзетіп, ауылда еңбек етемін деп шешкен жастар, отаншылдық сезімдері басым түлектер қатары да жыл өткен сайын артып келеді. Сондықтан, жоғарыда айтып өткендей, жастарды ауылда тұрақтандыру үшін оларды қолайлы жұмыс орнымен қамтамасыз етіп, қажетті жағдай жасау керек. Жас маман күрделі жөндеуден өтпеген, медициналық жабдықтары нашар емханаларда отырмауы керек, пәтер жалдап жүрмеуі тиіс. Бұл пікірді аталмыш оқу орнының жастар саясаты және сыртқы жұмыстар  жөніндегі департамент директоры Гүлназ Нұрсұлтанқызы да қуаттап, кеңінен түсіндіріп өтті.

— Әрине, әрбір маман өзінің қызметтік жолымен бірге, жеке өмірін де ұмытпауы керек қой. Мәселен, отбасын құру, дүниеге ұрпақ әкелу, оларға сапалы білім мен тәрбие беру, одан өзге де бос уақыттарын тиімді өткізіп, мәдени шараларға қатысу секілді көптеген жайттар бар. Ал жастардың осының барлығына қол жеткізуі, болашақтарына сенімді болуы сол жерлердегі аудан және ауыл әкімдерінің қызметтеріне де байланысты,- дейді Г.Нұрсұлтанқызы.

Дипломдарын қолдарына алған соң өздері өскен ауылға барып еңбек етуге бел буып отырған түлектер биыл да баршылық екен. Солардың бірқатарын сөзге тартқан едік.

Болашақ акушер-гинеколог Қымбат Алтынбекқызы оқу орнын толықтай биыл бітірмек. Алғашқы еңбек жолын өзінің туған жері Көкпекті ауданындағы Самар ауылдық округіндегі емханадан бастамақшы. Себебі аталмыш ауданның әкімімен арнайы келісімшартқа отырған екен. Яғни оқу шығынын аудан әкімдігі көтеріп алғандықтан, оқуды бітірген соң сол ауданға барып еңбек етуге міндетті. Бұл арқылы аудандағы маман тапшылығы мәселесі шешімін тапса, екінші жағынан, жас маманға да жұмыс орны даяр деген сөз.

— Көтерме жәрдемақы алғаш ауылға барғанда тұрмыстық мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Ал өз мамандығымды жақсы көремін. Самар ауылдық ауруханасының бас дәрігерімен келісім жасалған. Сондықтан да қиындықтар тумайды деп ойлаймын. Ауылда еңбек етуіме отбасым, яғни ата-анам қарсы емес. Қайта «перзенттік борышың» деп жігерлендіруде. Менің ойымша, әрбір маман өз еңбек жолын ауылдық жерден бастағаны дұрыс. Бұл жастар үшін тәжірибе жинақтауға мүмкіндік болар еді,- дейді ол.

Семей медицина универси-тетінің түлегі акушер-гинеколог атанған Гүлнар Әміренова да дәл осы пікірде. Ол өзі туып-өскен Күршім ауданы әкімінің грантына ие болып, медицина университетіне оқуға түсіпті. Келісімшарт бойынша ең кемі үш жыл аталмыш ауданда еңбек етуге тиіс. Осы көктемде арнайы шарт жасасқан. Әке-шешесі сол ауданда тұратындықтан қыздарының ауылда еңбек етемін деген шешімімен қуана келісуде.

— Ауылдық жерлерге өз еркімен барып еңбек еткісі келетін курстастарым бар. Қазіргі жас мамандардың көпшілігі, негізінен, өздері туып-өскен ауылда жұмыс істеуді жөн санайтынын байқаймын. Себебі бұл моральдық тұрғыдан жеңілдеу. Мол тәжірибе жинап, мамандыққа төселу үшін де қажет. Жерлестеріңнің тарапынан да зор қолдау болады дегендей… Оның үстіне бүгінгі таңда дәрігерлер жетіспейтін елді мекендерде жас мамандарға құрметпен қарайды, — дейді жас түлек.

Расында да, қазіргі кезде заман талабына сай жаңаша көзқараспен, жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс істейтін кәсіби мамандардың, әсіресе медициналық кадрлардың ауылға ауадай қажет екені белгілі жайт. Осы ретте еңбек жолын ауылда бастаған Семейдің медуниверситеті түлектерінің көпшілігі өз мамандықтарын мақтан тұтады. Солардың арасында Абай аудандық ауруханасында қызмет етіп жүрген Айбек Есімхановты атасақ болады.

Айбек Әділетұлы — универси-теттің 2014 жылғы түлегі, «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы «Жалпыдәрі-герлік практика» бойынша қайта  даярлаудан өтіп, қазіргі таңда пе-                                                                                         диатр-неонатолог, жалпытәжіри-белік дәрігер ретінде қызмет етуде. Ауылға келіп, еңбек жолын баста-ған жылы жергілікті әкімдіктен 120 000 теңге көтермеақы алыпты.

Ал Гүлнұр Абдрахманова – «Жалпыдәрігерлік практика» ма-мандығы бойынша 2015 жылғы түлек. Ауылға барып, алғашқы еңбек жолын бастаған оған сол жылы 180 000 теңге сомасында көтермеақы берілген екен. Сонымен қоса жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп, баспана да алыпты.

Жалпы, ауылда жұмыс істегісі келетін жастар ең алдымен баспана мәселесін шешіп алуды қалайды екен. Бұл олардың сол елді мекенде тұрақтап қалуына да ықпал ететіні сөзсіз. Сол себептен Риддер қаласында, Ұлан, Абай сынды бірқатар аудандарда арнайы шартпен баспана да берілген.

Семей медицина университе-тінің түлектері арасында «Ауылым – алтын бесігім» қағидасын берік ұстанған, айқын мақсатпен ауылға ат басын бұрған жастардың бірі ретінде Жарма өңірі под-станциясының аға дәрігері Нартай Әділханды атасақ болады.

Нартай Төлегенұлы Семей мемлекеттік медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2015 жылы тамамдапты. 2017 жылы «Жалпытәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша интернатура бағдарламасын оқыпты.

Өзінің алғашқы еңбек жолын 2017 жылы туған жері Қалбатау ауылындағы Жарма орталық аудандық ауруханасында қабылдау бөлімінің және жедел жәрдем бөлімінің дәрігері, меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ауылға келген жылы жергілікті әкімдіктен 134 000 теңге көлемінде қайтарымсыз көтермеақы алыпты.

Нартайды өзі түлеп ұшқан оқу орны ұмытқан жоқ. Өткен жылы төрт ай мерзім ішінде Семей мемлекеттік медицина университетінде «Жедел және шұғыл медициналық көмек» мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтті. Қазіргі уақытта Семей қаласының жедел медициналық көмек станциясы Жарма өңірінің подстанциясының аға дәрігері лауазымында абыройлы қызмет атқаруда. Қызметін бірінші орынға қойған Нартай Төлегенұлы осы шілде айының ішінде тұрғын үй алу үшін пайызсыз несие алуды жоспарлап отыр. Мақсаты айқын: өзі туып-өскен Жарма өңірінде қызмет етіп, перзенттік парызын маңдай терімен өтемек.

Еңбек майданына араласқан жас мамандардың ел үмітін ақтап, туған ауылдарының денсаулық саласын дамытуға өз үлестерін қосып жүргендері — университет үшін де үлкен мақтаныш.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

18.09.2025
Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) тағайындау үшін жергілікті атқарушы органмен құрылған комиссия «атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деген...

Толығырақ...Details

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

18.09.2025
Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

Semeitany.kz - Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға 17 қыркүйек күні...

Толығырақ...Details

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

18.09.2025
Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Semeytany.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға орта...

Толығырақ...Details

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

18.09.2025
Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

Semeytany.kz - Абай облысында 79 жоба әзірленіп, оның 33-і даму жоспарына сай кезең-кезеңімен іске асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

17.09.2025
Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

Semeytany.kz – Жапонияда жаңадан құрылған «Жаңғыру жолы» (Path to Rebirth) партиясы жетекшілік қызметті жасанды интеллектке жүктейтінін мәлімдеді. Мұндай шешім партияның...

Толығырақ...Details

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

17.09.2025
Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

Semeytany.kz - Абай облысы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Германияның «MICHEL METALLBAU GmbH & Co. KG», «A&E NENASCHEW GMBH...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысы Түркістандағы «Орталық Азия – Корея» форумында өңір әлеуетін таныстырды

1 час бұрын

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

2 часа бұрын

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

4 часа бұрын

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

4 часа бұрын

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

5 часов бұрын

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

17 часов бұрын

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

18 часов бұрын

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

18 часов бұрын

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

18 часов бұрын

Киелі жерлер — өзара құрмет пен халқымыздың мәдени саналуандығының символы — Президент

18 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС