"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШҚО АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ 541 ҮЙ МЕН ҒИМАРАТТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ

05.07.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өскеменде Арыс қаласы тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету және қолдау бойынша облыс әкімі Даниал Ахметовтің брифингі өтті. Айта кету керек, шығысқазақстандықтар Арыс қаласының тұрғындарына апат болған алғашқы күннен бастап барынша көмектерін көрсетуде. Өңірде арнайы штаб құрылып, түсіп жатқан қаражат пен материалдық заттарды бақылауға алу үшін құрамына қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен блогерлер кірді.

 

Өңірдің ірі кәсіпорындары және тұрғындарының қолдауымен Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін қазіргі таңда 168 миллионнан астам теңге жиналды. Гуманитарлық көмек «Nur Otan» партиясының филиалдары арқылы жиналуда. Облыс орталығынан 200 тоннадан астам гуманитарлық жүк жөнелтіледі. Оның ішінде 150,3 тонна ұн, 22 тонна күнбағыс майы, 7,6 тонна макарон өнімдері бар. Жалпы саны 5 мыңнан аса алғашқы тұтынымдағы тауар атаулары кіреді.

Даниал Ахметов атап өткендей, 2 шілде күні аймақ басшысы бастаған Шығыс Қазақстан делегациясы Арысқа ат басын тіреп, 8-інші сектордағы нысандардың жағдайымен танысты. Айта кету керек, қала 17 секторға бөлініп, олардың әрқайсына нақты облыс бекітілді.

– Шығыс Қазақстан аз уақыт ішінде жарылыс кезінде зардап шеккен 541 нысанды қалпына келтіруге мүдделі. Олардың 522-і — жеке үйлер. 6 үй тұруға мүлдем жарамсыз. 12 баспананы қайта қалпына келтіреміз. Мен кеше Елбасымыз бен Президентіміздің тапсырмасы бойынша Арыс қаласына бардым. 60-тан астам үйдің жағдайымен таныстым. Іргесінен бастап төбесіне дейін толық қарап шықтым. Тұрғындарға бір айдың ішінде бұл жұмыстарды бітіретіндігімізді жеткіздім. Қазіргі таңда шығынды бағалау және ауқымын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. 140 адам жұмыс істеуде. Жақын арада олардың қатары артады. 10 шілдеге дейін қосымша 50 мың шаршы метр шатыр жабындыларын жібереміз. Келесі аптада тағы да Арыс қаласына барып қайтамын, – деді Даниал Ахметов.

Жалпы, өңірдің 25 құрылыс компаниясы іске кірісуге дайын екендіктерін жеткізді. Оқиға орнында мамандар жұмыс жүргізуде. Алдағы таңда үй төбесі мен терезелерді жөндейтін 200-ге жуық қосымша маман жолға шығады.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облыстың өзге балаларының демалысын шектемей, бұған дейін алынған жолдамаларды кері қайтармай, Арыстың 300 баласын өз лагерьлеріне қабылдайды. Бүлдіршіндердің демалыстарын ұйымдастыру, яғни Түркістаннан лагерьге дейінгі, сондай-ақ кері қайтар жол, тамақ пен жатар орын шығындары қалалар мен аудандардың есебінен жүргізіледі.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

2 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

2 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

2 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

2 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

2 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

3 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

3 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

3 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС