"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

21 МЫҢНАН АСТАМ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ

20.08.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаңа оқу жылында облыстағы 655 мектепте 193 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал бірінші сыныпқа 21 мыңнан астам бүлдіршін қабылданады. Бұдан бөлек ағымдағы жылы 4, 9 және 10 сынып оқушылары жаңартылған мазмұнда білім алады. Ал келесі жылдан бастап 11 сыныптың балалары да осы бағыт бойынша оқитын болады. Осылайша, біздің өңір мектептері жаңартылған мазмұндағы білім алуға толық көшеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

– Облыстағы мектептерде 2019-2020 жылғы оқу жылында 61 364 бала оқитын болады. Өңірімізде балабақша, шағын орталықтар мен мектеп-балабақша кешендері де жұмыс істейді. Онда 15 631 бала тәрбиеленуде. Жалпы айтқанда, біздің аймақтағы 3-6 жастағы бүлдіршіндер мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтылған, — деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Жиын барысында балаларды бірінші сыныпқа 6 жастан бастап қабылдау туралы норманың енгізілуі туралы сауалдар қойылды. Оған жауапты сала мамандары жаңа оқу жылынан бастап бірінші сыныпқа 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толған балаларды және ағымдағы жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балаларды қабылдауға болатыны туралы кеңінен түсіндіріп берді. Әрине, бұл ретте, ең бастысы, ата-ананың қалауы ескеріледі.

Айта кетейік, 1 сыныпқа келген балалар үшін білім беру бағдарламасы бойынша әріп таныту, есеп шығару, жазу, мәтін оқу қарастырылған. Ал мектепалды даярлығынан өтпеген балалар үшін мектептерде даярлық курстары жұмыс істейтін болады.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап облыстағы мектептерде 1 сыныпқа баратын балалардың құжаттары электронды түрде қабылдануда. Қызметтің түрін ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы www.vko.ddo.kz сайтынан ала алады. Аталмыш жоба ата-аналар үшін тиімді. Өйткені олар баласын мектепке үйден шықпай-ақ орналастыра алады. Сайт арқылы өтініштерді қабылдау 1 шілдеден 30 тамызға дейін жалғасады.

Брифинг барысында жаңа мазмұндағы білім беру бағдар-ламасына көшу мәселесі кеңінен талқыланды. Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап 4,9,10 сынып оқушылары осы бағытта оқитын болса, 11 сынып оқушылары келесі жылдан бастап бұл бағдарламаға қосылмақ. Сөйтіп, келесі жылы барлық мектеп жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына көшеді.

Оқушыларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында биыл облыстық бюджеттен 2 млрд. 383 млн. теңге бөлінді. Жоспарға сәйкес өңірдегі мектептерде білім алып жатқан барлық оқушы жаңа оқу жылының басында оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

Ал бастауыш сыныптарына арналған қосымша жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ, оны сатып алуға ата-аналар міндетті емес. Оқу барысында қарапайым дәптерлерді қолдануға болады.

— Облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 82 162 оқушыны дәптермен қамтамасыз ету үшін 752,4 млн. теңге қажет. Бұл — облыс бюджеті үшін қомақты сома. Сондықтан  ата-аналар Білім және ғылым ми-нистрлігінің кеңесіне құлақ асып, балалары үшін дәптерлерді алуда бірлескен жауапкершілікке келеді деп үміттенеміз, — деді Әсем Нүсіпова.

1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Осы орайда аталмыш акция биылдан бастап ағымдағы жыл соңына дейін өтетінін айта кеткен орынды. Акция аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы 33 мыңнан астам баланы қолдау жоспарланып отыр, бұл мақсатта жалпыға міндетті оқу қорынан 2 млрд. теңге бөлінеді.

Бюджет қаржысынан бөлек, демеушілер мен меценаттар да қолдау көрсетуде, олардың көмегімен бүгінгі күнге 14 343 балаға 157 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Айта кетейік, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар тегін мектеп формасымен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтің бастамасымен өңірімізде жаратылыстану пәндері бойынша заманауи материалдық базаны құру және оқу үрдісіне ІТ-технологияларды енгізуге бағытталған «Менің мектебім» жобасы жүзеге асырылуда.

Аталмыш жоба аясында екі жыл ішінде аймақтағы барлық 655 мектепте ІТ-сыныптар жасақталды. Биыл 378 ІТ-сыныбы ашылды. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 899 млн. теңге жұмсалды.

Оқушыларға ІТ-бағдарлама-ларды меңгерту үшін, Семей қаласындағы Электротехникалық колледж бен Өскемен қала-сындағы Политехникалық колледж базасында 3-11 сыныптарда сабақ беретін оқытушыларды ІТ-бағдарламалары бойынша оқыту ұйымдастырылды. Екі жыл ішінде 1127 мұғалім курстық даярлықтан өтті. Оның ішінде 2019 жылы шағын жинақталған мектептерден келген 573 мұғалім бар. Осы уақыт аралығында 8 мыңнан астам оқытушы білімін жетілдірді. Оның 500-і — физика, биология, химия, информатика пәндерінің мұғалімдері.

2016 жылдан бастап өңірімізде үш тілдік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Облыстағы 11 мектепте, ағылшын тілінен бөлек, француз тілін де оқыту қолға алынады. Бүгінгі күнге 200 оқушы француз тілін оқып жатса, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап олардың саны 1000 балаға жетеді деп күтілуде.

Облыстағы білім ошақтары жоқ 307 ауылдық округтің балаларын жақын маңдағы мектептерге тасымалдау жүзеге асырылады. Бұл мақсатта 163 автобус бөлінген. Осы орайда өзге ауылдарға барып оқитын 3695 оқушы бар екенін атап өткен орынды. Оның ішінде 2 948 бала күн сайын сабақтан соң үйлеріне жеткізілсе, 750 оқушы мектеп жанындағы интернаттарда тұратын болады.

Ағымдағы жылы алғашқы қоңырау жексенбі күнімен тұспа-тұс келіп тұрса да, салтанатты шара өтетін болады. Ал мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің сабақтары 2 қыркүйектен басталады.

ШҚО ақпараттық Орталығы{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

09.05.2026
Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өңір тұрғындарына тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтары туралы еске салды. Абай...

Толығырақ...Details

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

09.05.2026
Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Өңірде шомылу маусымында су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Абай облысы...

Толығырақ...Details

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

09.05.2026
Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Берік Уәли Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагері, мереке күндеріне орай Мәскеуге барған Григорий Маларовқа байланысқа шығып, мерекемен құттықтады....

Толығырақ...Details

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

09.05.2026
Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

9 мамыр – Жеңіс күні Абай облысында кең көлемде атап өтілуде. Атаулы күнге орай Семей қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. 🔼Облыс...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

09.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз майдан даласында Отан үшін от кешіп, ерлік жасаған жауынгерлерге және...

Толығырақ...Details

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

07.05.2026
Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

Semeytany.kz – Семейде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, көрнекті спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

5 часов бұрын

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

5 часов бұрын

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

5 часов бұрын

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

5 часов бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

5 часов бұрын

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

2 дня бұрын

Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

3 дня бұрын

«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

3 дня бұрын

Қазақстан армиясын заман талабына сай нығайту шаралары қолға алынды – Тоқаев

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС