"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕМЛЕКЕТТІК — ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

23.08.2019

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен отырыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және халықаралық қаржы институттарын тарту арқылы жүзеге асырылатын жобалардың іс жүзіне асырылуы мәселелері қаралды.

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы басқармасының төрағасы Шәкәрім Буктугутовтың хабарлауынша, бүгінгі күні облыста 185 млрд. тенгенің 222 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бар. Олардың ішінде 180 жоба бойынша 33,3 млрд. теңгеге экономиканың әр саласында келісімшарт жасалған. Оларға қазіргі уақытта қаржы бөлініп, жүзеге асырылуда.

2019 жылдың соңына дейін тағы да 7 жоба бойынша келісімшартқа отыру күтілуде, олар: Өскемен қаласында 330 төсекке арналған көпсалалы аурухананың құрылысы және жөндеу жұмыстарына жекеменшік әріптестердің инвестициясын тарту үшін 3 аурухананы сенімгерлік басқаруға беру, электрондық билет жүйесін жасау, КШТ ауданында балалар бақшасының құрылысын жүргізу, сонымен қатар Глубокое кентінде жылу көзінің құрылысын салу.

Аталған жобалармен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, көлік, ТҮКШ және энергетика салаларын, сондай-ақ әлеуметтік саланы қамтитын дайындығы әртүрлі сатыдағы қосымша 36 жоба бар. Жалпы алғанда, облыс бойынша 2019 жылдың соңына қарай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жасалған келісімшарттар және концессиялық жобалар бойынша көрсеткішті жалпы сомасы 63 млрд. теңгеден асатын 187 жобаға дейін жеткізу күтілуде.

Айта кетсек, бүгінгі күні ШҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жасалған келісімшарт саны бойынша республика көлемінде көш бастап келеді, бұл Қазақстан бойынша алғанда барлық жасалған келісімшарттардың 30 пайызын құрайды.

Бұдан бөлек, бүгінгі күні облыста Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен 12 жоба бойынша жалпы құны 69 млн теңгені құрайтын қаржы құжаттары жасалған. 4 жоба бойынша алдын ала Келісімге, ал несиелік келісімшарттарға 8 жоба бойынша қол қойылған.

2019 жылдың 4-ші тоқсанында Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен қатты тұрмыстық қалдықтардың жаңа санитарлық полигоны мен Өскемен және Семей қалаларында қалдықтарды өңдейтін заманауи кешен құрылыстарына жалпы құны 24 млрд теңгеге жуық қаражат бөлуге кезекті несиелік келісімшарт жасасу жоспарланып отыр.

Осылайша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша және халықаралық қаржы институттарымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша облыстың жалпы инвестициялық портфелі 2019 жылдың соңына қарай 124 млрд. теңге  шамасында болмақ.

Қадағалаушы мемлекеттік органдар өкілдерінің баяндамаларын тыңдаған Даниал Ахметов ШҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы жұмысына оң баға берді және қаржы институттарымен бірлескен жұмысты жалғастыра беруді тапсырды.

ШҚО ақпарат орталығы{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

18.11.2026
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кірістерді төмендету және жасыру фактілерін анықтау, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындау...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

18.11.2026
Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

Қазақстанда ғылыми әлеуетті нығайтуға, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және отандық ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

18.11.2026
«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындардың өндірісі мен сатылымына толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.  Энергетикалық сусындар бүгінде көптеген қазақстандықтың күнделікті...

Толығырақ...Details

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

18.11.2026
Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді.  Жиында Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру барысы...

Толығырақ...Details

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

18.11.2026
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

Қазақстан Республикасының Құрылтайында онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 часа бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

5 часов бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

5 часов бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

6 часов бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

9 часов бұрын

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

9 часов бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

9 часов бұрын

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

9 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

10 часов бұрын

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

10 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС