"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САХНА САҢЛАҚТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

27.09.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

25 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған XXVII Республикалық театр фестивалінің жабылу салтанаты өтті.

Аталмыш шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан театрлары ассоциациясы  ұйымдастырған болатын. Апта бойы республикамыздағы ең үздік 12 театр ұжымы өз қойылымдарын сахналап, семейлік көрерменнің ықыласына бөленді.

Фестиваль қорытындысында өнерпаздар мен өнер ұжымдары 13 аталым бойынша және ШҚО әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды.

Салтанатты жиында құттықтау лебізін білдірген Шығыс Қазақстан облысы аппаратының басшысы Азамат Маратұлы ШҚО облысы әкімі атынан әділ қазылар алқасына құрмет көрсетіп, арнайы сыйлықтар табыс етті.

— Ұлы даланың ұлы есіміне айналған жерлесіміз Әмина анамыздың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған фестивальға келген Асанәлі Әшімов ағамызға, барша өнер майталмандарына зор алғыс білдіремін. Әрдайым елге қызмет етіп, тек өнердің биігінен көрінулеріңізге тілектеспін, — деді ол көрермен алдындағы сөзінде.

Осыдан соң жеңімпаздарға құрмет көрсетуге кезек берілді. Бұл ретте «Үздік көркемдік шешім» номинациясы бойынша Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театры «Періште» спектаклі үшін,«Үздік режиссура» номинациясы бойынша «Жан дауысы» спектаклі үшін Фархат Молдағали, «Әмина Өмірзақова атындағы «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша «Ләйлі-Мәжнүн» спектакліндегі Ләйлінің анасы және кемпір рөлдері үшін Ботагөз Мақсұтова, «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша «Әлиханның аманаты» спектакліндегі Әлихан рөлі үшін Медғат Өмірәлиев, «Қазақстанның театр өнеріне қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Абай»

Спектакліндегі «Абай» рөлі үшін Бақытбек Темірбеков марапатталды.

Бір бұл емес, үздіктер қатарында «Үздік актерлік ансамбль» номинациясы бойынша М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Евгений Онегин» спектаклі, «Тарихи тақырыпты игерудегі ізденістері үшін» номинациясы бойынша Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры «Ахметтің аманаты» спектаклі, «Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі» номинациясы бойынша «Қанды азу» спектакліндегі «Бораш» рөлі үшін Елдос Масалимов, «Ең үздік екінші пландағы әйел адам бейнесі» номинациясы бойынша «Театр 180º» спектакліндегі Дотти рөлі үшін Гүлмира Жакилина, «Үміт» номинациясы бойынша «Балалық шаққа саяхат» спектаклінің режиссері Жангелді Садықов, «Шығармашылық жетістіктері үшін» номинациясы бойынша «Дауыс. Дау іс» спектаклі үшін «Дариға-ай» жастар театры марапатталды.

Ал «Ең үздік спектакль» номинациясы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына «Адам-зат» спектаклі үшін берілді. Жүлде қоры 1,500 000 теңгені құрайды. Мұнымен қатар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 1,000 000 теңгені құрайтын жүлдесі «Дариға-ай» жастар театрына берілді. 

Жеңімпаз атанған барша өнер иелерін осынау фестивальдағы шығармашылық жетістіктерімен біз де құттықтаймыз!

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

19 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС