"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖҰМЫС ІЗДЕСЕҢІЗ…

15.10.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 11 қазан күні Қалалық Мәдениет сарайында жұмыспен қамту орталығының ұйымдасты-руымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде қала тұрғындарына түрлі мамандықтар бойынша 800-ге тарта бос жұмыс орындары ұсынылды.

Азаматтарға 30-ға жуық қала мекемелері — “Қаражыра” АҚ, Семей машина жасау зауыты, Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты, Семей цемент зауыты, «Семей Құрылыс материалдары», «Гордорстрой», «Казахцемент», «Daewoo Bus», Прииртышская бройлерлік құс фабрикасы, «Роза» киіз басу комбинаты, «Эйкос», Семей құю-механикалық зауыты және басқа да кәсіпорындардың өкілдері бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге келушілер «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жазылды. Биылғы жылы оқу орнын бітірген жас түлектер үшін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы, қысқа мерзімді оқыту курстары, әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары ұсынылды.

— «Жас кәсіпкер» жобасына қатысуға да өтініштер қабылдап жатырмыз. Бұл жоба аясында жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қайтарымсыз гранттар бөлінеді. Ол үшін өтініш беруші бизнес-жобасын ұсынып, комиссия мүшелері алдында қорғап шығуы тиіс. Көпбалалы аналарға, аз қамтылған жанұяларға да 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде гранттар қарастырылуда. Биылғы жылы 108 адамға грант бөлініп, толық игерілді, — дейді қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Тұрсынбек Дүйсенбайұлы.

Жұмыспен қамту орталығының басшысы 2020 жылдың 1 қаңтарынан көпбалалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің өзгеретіні туралы да айтып өтті. Жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасылар, кірістеріне қарамастан, 4 балаға 42500 теңге, 5 балаға 53 мың, 6 балаға 63 мың, 7-ден көп баласы барлар 73500 теңге көлемінде жәрдемақы алатын болады. Егер отбасы кірісі әр жанұя мүшесіне шаққанда күнкөріс деңгейіне жетпесе, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Бірақ отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда оның отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.

Жәрмеңкеге келушілер өздеріне ыңғайлы жұмысқа орналасуға, қысқа мерзімді оқыту курстарына жазылу мүмкіндігіне ие болды.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

2 часа бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

2 часа бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

2 часа бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

2 часа бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

2 часа бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

2 часа бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

2 часа бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС