"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

29.10.2019
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 25 қазан күні Қалалық Мәдениет сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні аталып өтті. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Қанат Әділбаев қатысып, әлеуметтік сала қызметкерлерін марапаттады.

Елімізде Әлеуметтік қызметкерлер күні, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығына сәйкес, қазанның соңғы жексенбісінде мерекеленеді. Бүгінгі күні Семейде 800-ге жуық әлеуметтік қызметкер халыққа қызмет көрсетуде.

— Құрметті әлеуметтік сала қызметкерлері, сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер күнделікті тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында жаралы жандарға үміт сыйлап, ел алғысына бөленіп отырсыздар. Қоғам мен адамзат алдындағы орасан зор еңбектеріңіз құрметке лайық. Себебі әр мұқтаж жанның қасынан табылып, қолдау көрсетіп, көмектесіп келесіздер. Бүгінгі салтанатты сәтте әлеуметтік сала қызметкерлері мен ардагерлеріне қала әкімі атынан ризашылық білдіремін. Баршаңызға табыс, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақыт тілеймін, — деген қала әкімінің орынбасары Қанат Серікханұлы әлеуметтік сала қызметкерлеріне шаһар басшысы Ермак Сәлімовтің алғыс хаттарын табыстады. Қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов та әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Бүгінгі күні Семейде екі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Рымжан Тынысова басқаратын Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жүйке жүйесі ауруына шалдыққан және тірек-қимыл қозғалысы бұзылған 400-ден астам бала арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін пайдалануда. Мекемеде 123 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.

— Әлеуметтік қызметкер – құрметке лайық мамандықтың бірі. Бұл салада үлкен жүректі, өмірді шын сүйетін адамдар ғана жұмыс істей алады. Биыл, міне, сегізінші жыл қатарынан біздің мейрам мемлекеттік деңгейде аталып өтуде. Бұл — әлеуметтік сала қызметкерлері жылына бір рет тынымсыз атқарған адал еңбектері үшін алғыс алатын күн. Еңбегімізді елеп, марапаттап жатқан қала әкіміне, мәслихатқа алғысымызды білдіреміз, — деді Рымжан Тынысова.

Марапаттау рәсімінен соң мерекелік жиынға қатысушылар әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған мерекелік концертті тамашалады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

7 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

7 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

8 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

8 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

8 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

8 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

8 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС