"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мұғалім – мамандық атаулының төресі

29.10.2019
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елордада Қазақстанның ең үздік педагогтарының басын қосқан «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» атты XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мәресіне жетті. Екі күн бойы отандық және 17 шет мемлекеттен келген кәсіби сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісті. Әлемдік білім беру саласындағы озық технологиялар мен келелі мәселелер талқыланды.

Жер шарындағы барлық педагогтарды толғандыратын проблемалар: мұғалім мен оқушы серіктестігі, жаһандық құзыреттілік, педагогтардың үздіксіз білім алуы, білім мазмұны мен бағалау, қолайлы білім беру ортасын құру, эмоционалды зияткерлікті дамыту сынды басқа да өзекті мәселелер күн тәртібінде қаралды.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Зияткерлік мектептерге ерекше сый жасалды. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның Алматыдағы кластерлік бюросы білім бөлімінің жетекшісі Лина Бенете пленарлық отырыста «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шамшидиноваға «Wenhui Award 2019» сыйақысының сертификатын табыс етті.

Wenhui Award – университет пен мектеп арасындағы «Білім–2030» жобасын ілгерілету жолындағы серіктестікті дамытуға бағытталған сыйлық. ЮНЕСКО сыйлығы қазақстандық инновациялық мектептерге сапалы білім мен өмір бойы үздіксіз білім алуға ықпалдасатын университеттер мен мектептер арасындағы табысты серіктестік үшін, балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және жаһандық азаматтыққа бейімдеу жолындағы еңбек үшін беріледі. NIS –  Қазақстанда ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сыйақысын иеленген алғашқы ұйым.

Конференция тарихында тұңғыш рет балаларға арналған шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, оған елордалық Зияткерлік мектептердің оқушылары қатысты. Калифорниялық колледждің оқытушысы Дана Шерри ертегілерді талдау арқылы жас тыңдаушылардың ойлау дағдысын арттырды.

Екі күн бойы дәстүлі автограф-сесия өтті. Көпшілікке израильдік Бейт Берл колледжінің аға оқытушысы Йорам Харпаз, Норвегия Ғылым және технологиялар университеті әлеуметтік және білім беру ғылымдары факультетінің профессоры Марит Ховейд, Кембридж университетінің білім беру инновациялары орталығының директоры Коллин Маклафлин, психология ғылымдарының докторы, Эмоциялық зияттың ресейлік заманауи моделін құрушы Виктория Шиманская, Шығыс Англия университеті, Кембридж университеті жанындағы Санкт-Эдмунд және Хоммертон колледжінің құрметті профессоры Дэвид Бриджес, «Жоғары экономика мектебі» Ұлтық зерттеу университетінің Білім беру институты жанындағы А.Пинский атындағы негізгі және қосымша білім беру орталығының директоры Сергей Косарецкий қатысып, педагогика тақырыбында жазылған авторлық еңбектерін ұсынды.

Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары, жалпы білім беру ұйымдарының оқытушылары және педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері дайындаған 80-нен астам постер көпшілік назарына ұсынылды. Жұртшылыққа қысқаша таныстырылым негізінде тарту етілген зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері, қорытындылары толықтай қамтылған. Мұғалімдер білім беру жүйесі мен халықаралық бакалавриат бағдарламасын, жаңа технологиялар мен оқыту тәсілдерін, педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелерін тақырып өзегіне айналдырған.

Еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандар мен тәжірибесі мол білікті ұстаздарға арналған «Ұстаздың қалыптасуы» арнайы жобасы таныстырылды. TALIS 2018 халықаралық зерттеу, Lesson Study мен Action Research зерттеулерінің нәтижелерін және жаңартылған білім мазмұнын талқылау үшін тақырыптық алты симпозиум ұйымдастырылды. Конференция аясында  үш пленарлық отырыс, 12 шеберлік сабағы, 24 секциялық отырыс өткізілді. Екі күнде 12 бағыт бойынша жүзден астам баяндама, алты семинар, автограф-сессиялар, постер-сессиялар және білім беру ресурстары өнімдерінің көрмесі өтті.

Шараның екінші күні халықаралық қазылар алқасы «Үздік постер» және «Үздік презентация» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтап, марапаттады. «Үздік презентация» номинациясында: Қанатбек Сауғабеков, Әсел Сахиева, Гүлзада Құдабаева, Людмила Трутникова, Гүлжан Өтеубаева, Ғалымжан Маханов, Евгения Қабысова, Гүлден Сүйіндікова жеңімпаз атанды. Ал «Үздік постер» жүлдесін Оксана Опря, Бақытжан Исина, Рауан Қабдолла, Нұрсұлтан Жақыпов, Назымгүл Каримова, Назым Қаратаева, Елена Бердюгина, Жаңлыш Әділғалиева алды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының  Басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова білім беру саласында болып жатқан өзгерістерге конструктивті сараптама жасауға шақырды:

– Орта білім беру қандай болу керек? Бұл сұрақтың жауабын әлемнің барлық дерлік мемрекеттері іздеуде. Мәселе көптеген пікірталас алаңдарында талқыланды. Менің нақты білетінім – әлемді жақсы жағына өзгертетін адам болса, ол – мұғалім.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметі{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

18 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС