"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАҺАР КЕЛБЕТІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА

15.11.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сейсенбі күні қалалық ақпарат орталығында өткен брифинг барысында қала құрылысы және архитектура бөлімінің мамандары БАҚ өкілдері алдында шаһар шырайын арттырудағы жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы жайында тұшымды мағлұматтармен бөлісті.

Қазіргі күні қала көріктілігін арттыруда сыртқы жарнаманың алар үлесі зор. Дегенмен бұл ретте жүргізілуі тиіс бірқатар шаралар бар. Атап айтсақ, сыртқы жарнаманы заңсыз орнататындармен күрес жүргізіп, қала сәнін бұзатын мұндай «туындылардың» көше бойлары мен ғимараттар қасбеттерінде менмұндалауына жол бермеу қажет.

Қалалық архитектура бөлімінің бас маманы Ермек Ақанов айтып өткендей, бүгінде қала бойынша сыртқы жарнамаларды ілуде жүйе болмай тұр.

Қала орталығындағы кейбір сауда үйлерінде, атап айтсақ «Достық», «Арғымақ», «ЦУМ», «Vikar» сынды ірі орталықтарда сыртқы көрнекі жарнамалар көрсету үшін арнайы орындар белгіленген. Әйтсе де көздің жауын алар мұндай жарнамаларды өзге орындардан көптеп ұшырастыруға болады. Маңыздысы сол — олардың көлемі, түр-түсі талапқа сай келе бермейді.

Бұл ретте ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап қалалық архитектура бөлімі сыртқы көрнекі жарнама орналастыру үшін арнайы рұқсат беру құқығына ие емес.

— Енді рұқсатты біз бере алмаймыз. Заңды тұлға немесе жеке азаматтар өзінің жарнама ілу туралы өтінішін арнайы портал арқылы жергілікті атқарушы органға жолдай алады. Өтінішімен қатар жарнаманың сызба нұсқасын да береді, — деді өз сөздерінде аталмыш бөлім мамандары.

Сонымен қатар 2017 жылы сыртқы көрнекі жарнама ілуден қала бюджетіне 84,7 млн. теңге қаржы түссе, 2018 жылы 86 млн, ал, ағымдағы жылдың 10 айы ішінде 75,8 млн. теңге қаражат құйылған.

Брифинг барысында сол сияқты қала сәнін кетіріп тұрған өзге де құрылыстар, атап айтсақ шаһардың кейбір аудандарындағы ескірген сауда павильондары мен дүңгіршектері жайында айтылды.

— Өткен жылдан бері қала бойынша орналасқан 280 дүңгіршек тексеріліп, оның 67-сі күрделі жөндеуден өткізіліп, талапқа сай етілді. Ал қалған 21 дүңгіршек иелері тарапынан ауыстырылды, — деді бұл ретте мамандар.

Дегенмен шаһардың эстетикалық келбетіне қатысты әлі де болса күрмеулі мәселелер бар. Мысалы, жарнамалық сипаттағы қағаздарды желіммен жабыстыру тоқтамай тұр.

— Бұл ретте қала әкімі тарапынан ТҮКШ бөліміне жарнамаларды жабыстыруға жол бермеуге байланысты арнайы тапсырма беріліп, жедел шаралар ұйымдастырылған болатын. Бұл тарапта бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр, — дейді осы мәселеге қатысты түсінік берген мамандар.

Сол тәрізді қала аялдамаларындағы жаңадан орнатылған павильондарға жарнама қағаздарын жапсыратын адамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын да айта кету ләзім.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

4 часа бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

4 часа бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

4 часа бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

4 часа бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

4 часа бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

5 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

5 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС