"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАМАНАУИ БИДІҢ ЖАҢА ТҮРІ

19.11.2019
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

17 қараша, жексенбі күні Абай театрында алматылық «Самұрық» заманауи би театры мен америкалық «Company E» би труппасы бірлесе өнер көрсетті. Шара АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және Семей қалалық әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.

«Company E» — Вашингтон қаласының Колумбия округіндегі заманауи би труппасы. Израильдегі «H’aretz» басылымы аталған компанияны «АҚШ-тағы ең үздік заманауи труппалардың бірі», «Washington Post» газеті «батыл әрі талантты труппа» деп таныған. 2011 жылы құрылған “Company E” осы уақытқа дейін отыздан астам елде өнер көрсеткен.

Ал Алматыдағы «Самұрық» заманауи би театры 1998 жылы ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Гүлнара Адамованың бастамасымен құрылған. Әзірге бұл театр — заманауи би өнері мен ұлттық нақышты ұштастырып жүрген Қазақстандағы жалғыз кәсіпқой ұжым. Соңғы кездері Гүлнара Адамова заманауи би өнеріне ұлттық дәстүрлер мен халық музыкасын пайдалану мүмкіндіктеріне көбірек көңіл бөледі екен. Труппа құрамында А.Додарходжаева, Е.Эзау, С.Жәнібекова, Е.Мұқаев, Б.Косманов, Г.Ященко, А.Багликов және басқа да талантты бишілер бар. Театр бірнеше мәрте халықаралық байқаулар мен фестивальдардың жеңімпазы, лауреаты атанды. Түркия (Стамбул), Қытай (Шанхай), Қырғызстан (Бішкек), Ресей (Санкт-Петербург), Австрия (Вена), Германия (Штутгарт) мемлекеттеріне барып, гастрольдік сапармен өнер көрсетіп қайтқан. 2011 жылы театр ұжымына өнерге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының сыйлығы табыс етілді.

— Біз үшін сіздердің алдарыңызда өнер көрсету — үлкен абырой. «Самұрық» заманауи би театрымен тоғыз жылдан бері әріптестік қатынастамыз. Жиырма жылдан астам тәжірибесі бар театрмен жұмыс істеу — біз үшін де үлкен жетістік. АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан халқына өнерімізді көрсетуді жоспарлап отырмыз. Келесі бағытымыз — Павлодар қаласы,- деді кеш барысында «Company E» директоры Пол Гордон Эмерсон.

Кеш барысында толық метражды спектакльдер, балет, сондай-ақ өмір мен өлім, махаббат пен өшпенділік, адамның әлеммен қарым-қатынасы, шындықты іздеу секілді адам жанын үнемі мазалайтын ойлар мен сезімдер хореографиялық миниатюралар арқылы көрерменге ұсынылды. Би өнерін тамашалауға келген қалалықтар екі топтың қойылымдары мен бірлескен туындыларына жоғары бағасын берді.

Айта кетейік, би гастролі аясында «Company E» балет труппасы қазақстандық әріптестерге Бродвей джазы және америкалық заманауи би элементтері бойынша шеберлік сабақтарын өткізуде. «Company E» 2013 жылдан бері Қазақстанда заманауи би бойынша семинарлар өткізіп келеді. 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азияның бес республикасының 100-ден астам бишілеріне екі апталық би сабақтарын өткізіп, шеберлік сағатын гала-концертпен қорытындылаған болатын.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

17 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС