"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

25.12.2019
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылына 7 сынып оқушыларын қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде байқау жариялады. Осыған орай 24 желтоқсан күні ақпараттық орталықта Семей қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржановтың және орынбасары Гүлнара Қайырханованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Осыдан он жыл бұрын әлемдегі және елдегі озық жүйені жинақтап, тәжірибелік алаң ретінде құрылған Назарбаев зияткерлік мектептері бүгінде халықаралық мектеп дәрежесіне жетті.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS), Юнеско мектептері Ассоциацияның, ЮНЕСКО клубының мүшесі. NIS-PROGRAMM деп аталатын оқу бағдарламасы дүниежүзінің көптеген елдерінде, сонымен қатар рейтингі жоғары оқу орындарында мойындалып отыр.

— «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 7 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде байқау жарияланды. Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 18 желтоқсан мен 2020 жылғы 31 қаңтар аралығында Семей қаласы бойынша Қарағайлы ықшамауданы, 1 мекенжайы бойынша жүргізіледі. Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер өтініш беріп, сауалнама толтырады. Және Туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, 086/у форматындағы медициналық анықтамасы керек. Үміткер құжаттарды желтоқсан айына дейін тапсырса 5 сыныптың, егер қаңтар айында тапсырса 6 сыныптың І жарты жылдық табелі қабылданады. Құжаттар дүйсенбі-сенбі күндері сағат 9.00-18.00 аралығында, ал жексенбі күндері 10.00-15.00 аралығында қабылданады,- дейді Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Гүлнара Қайырханова. Үміткерлер білім деңгейін тексеру үшін ақылы сынақ тестілеуге қатыса алады. Барлығы бес сынақ тестілеу жоспарланған. Алдағы уақытта 4 қаңтар, 18 қаңтар және 1 ақпан күндері өтетін сынақ тестілеуді тапсыру мүмкіндігі бар.

Тестілеу математика, сандық сипаттама, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен өтеді. Ең жоғарғы ұпай – 1300 балл: математика пәнінен 400 балл, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен 200 баллдан және сандық сипаттамадан 300 балл.

— Негізгі тестілеу 14-15 наурыз күндері өтеді. Үміткерлер бірінші күні математика пәнінен және логикалық қабілетінен сынақ тапсырады. Тапсырмаларды орындауға алпыс минут уақыт беріледі. Ал келесі күні қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен емтихан алынады. Оған қырық минут уақыт беріледі. Математика бойынша шекті балл — 140, сандық сипаттамадан — 120 балл, — дейді Г.Қайырханова.

Айта кетейік, Назарбаев зияткерлік мектебінің «NIS-PROGRAMM» оқу бағдарламасы бойынша бітірген түлектерге дүние жүзіндегі кез келген оқу орнында оқуға мүмкіндік беріледі. Назарбаев зияткерлік мектебіне білім алушылар тек 7 сыныпқа түсетін кезде қабылданады. Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне шет ауылдардан қабылданған оқушылар үшін 120 орындық жатақханасы бар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 8(7222) 63-63-50, 63-22-81 нөмірлеріне хабарласуға болады. Сонымен қатар толығырақ ақпаратты www.nis.edu.kz сайтынан ала аласыздар.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы

{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

9 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

9 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

9 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

9 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

9 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

9 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

9 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС