"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИЕСІН КЕШІГІП ТАПҚАН КУӘЛІК

21.01.2020
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сенбісі, 18 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында қала әкімі Ермак Сәлімовтің қатысуымен соғыс ардагері Асқар Рахымбаевқа Ұлы Отан соғысына қатысушы куәлігін тапсыру рәсімі өтті.

Шараға ҚР Жазушылар одағының мүшесі, еңбек ардагері, полковник Алиғаппар Шаймардан, Семей қаласының қорғаныс істері басқармасының тәрбие және идеология бөлімшесінің басшысы Дәулет Ибрагимов, әскери қызметкерлер, Жастар орталығының белсенділері, БАҚ өкілдері және қарт жауынгердің балалары қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы:

– Бүгін біз Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қазыналы қарт Асқар Рахымбаевтың куәлігін салтанатты түрде табыстау үшін жиналып отырмыз. Мұны ел қорғаған батырды ұлықтаудың жарқын көрінісі деп білемін. Біз алдыңғы толқын ағаларға, ардагерлерге әрқашан бас иіп, құрмет тұтамыз. Себебі сіздер өшпес ерлік танытып, бізге бейбіт күнді сыйладыңыздар. Асқар ақсақалға мықты денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін. Егемендіктің еңсесі биік, тұғыры берік болсын, — деп өз тілегін білдірді.

Қазіргі таңда 95 жасты еңсерген қазыналы қарт Асқар Рахымбаев 1926 жылдың 1 наурызында бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін өз ауылында трактор жүргізушісі болып жұмыс істепті. 1941 жылдың маусым айында, 16 жасында Кеңес әскеріне шақыртылып, 378-ші атқыштар полкінің құрамында соғысады. Румынияның Брашов, Мишель қалаларын жаудан азат етуге қатысады. 1945 жылдың қазан айында бір топ сарбаздармен бірге автотехникалық полкте оқу үшін Баку қаласына жіберіледі. 1949 жылы ҚХР-ға арнайы әскери авиаполк құруға көмек көрсету үшін Қытай азат ету әскерінің 21811 әскери бөліміне жіберіліп, штурман-моторист болады.

Ал 1951 жылы аға сержант шенінде әскерден оралып, туған ауылында еңбек етіп, 1988 жылы зейнеткерлікке шығады. «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Қытай-Кеңес достығы», «Ұлы Отан соғысы», «Ерен еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

Алайда бүгінгі күнге дейін ақсақал Ұлы Отан соғысына қатысушы деген мәртебеге ие болмаған. Тек енді ғана, соғыс аяқталғаннан кейін 75 жылдан соң, Семей қаласының ардагерлер кеңесінің өтініші бойынша Асқар Рахымбаевқа екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы мәртебесі берілді.

Қадірменді қария 2000 жылдан бері Семей қаласында тұрып жатыр. Жолдасы Жамалған апа екеуі 11 бала, 29 немере, 44 шөбере тәрбиеледі. Ғасыр жасына таяған Асқар ақсақал да елі үшін сіңірген еңбегі еленіп, осынау куәлікке қол жеткізгеніне ризашылығын білдірді.

Өз тілшіміз

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

14 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС