"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛІМІЗДЕ ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ

24.01.2020
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаңтардың 21-і күні ел астанасы — Нұр-Сұлтан қаласында халқымыздың дана тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар ресми түрде бастау алды. Сән-салтанаты келіскен маңызды шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұл салтанатқа шығыстан, Абай туған өлкеден облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған арнайы делегация да барып қайтты. Олардың ішінде ақынның ұрпақтары, абайтанушылар, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері бар.

Ал ертеңгісін, 22 қаңтарда, Абай тойына арналған іс-шаралар Семей мен облыс орталығы Өскеменде және аймағымыздағы қалалар мен аудандарда жалғасты.

Дәл осы күні облыс әкімі Даниал Ахметов өткен жылы басталған Абай өлеңдерін оқу челленджін жалғастырып, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында барша шығысқазақстандықтарды Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының басталуымен құттықтап өтіп, ақын өлеңін жатқа оқыды.

Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық,

Бұл – қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.

Облыс әкімі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челленджді Татарстан Республикасының Президенті Рустам Нургалиевич Миннихановқа, сондай-ақ өзінің әріптестері – облыс әкімдеріне және жерлестеріне жолдады.

***

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өткен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты салтанатты кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойы өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.

Қазақстан халқы көз тіккен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты кештің шымылдығын  Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова алғы сөзбен ашып, Абай жылының мән-маңызына тоқталды.

– Абай жылы – ел тарихында өшпес із қалдырған ұлы ойшылымыздың рухын асқақтату үшін қолға алынған игі бастама. Осыған орай биыл халықаралық және республикалық деңгейде ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Ширек ғасыр бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ұлы ақынның 150 жылдығын жоғары дәрежеде атап өткен едік. Бұл мерейтой егемен еліміздің еңсесін тіктеуге, ұлттық сананы оятуға зор үлес қосты. Тұңғыш Президентіміз сол жиында: «Абай халқына қамқор, ұлтына жанашыр бола жүріп, күллі адамзатқа мейірлі гуманистік өреге көтерілді»,- деген еді. Шын мәнінде, кемеңгер тұлғамыздың мол мұрасы – бүкіл адам баласы үшін аса құнды әрі тағылымды дүние. Сондықтан Абайдың өнегелі өсиетін дәріптеу бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы деп білеміз. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жақында жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында жан-жақты тоқталды. Ұлы ойшылдың еңбектері күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпай, баршамызға рухани азық болып отырғанын ерекше атап өтті. Қазіргі таңда еліміздің алдында биік мақсаттар тұр.  Мемлекетімізде саяси, экономикалық, әлеуметтік саладағы жаңғыру үдерісі жүзеге асырылып жатыр.  Осы орайда Абайдың ой-толғамдары бізге нақты бағыт-бағдар береді, – деген министр Абай жылында атқарылатын нақты жұмыстарға тоқталды.

Еліміздің Мәдениет министрі атап өткендей, биыл Абай мұрасы жан-жақты насихатталып, халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылатын болады. Атап айтсақ, қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында ауқымды халықаралық конференция өтеді.

Оның аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайды жаңа Қазақстанның символы ретінде таныту туралы ойын жүзеге асыру мақсатында ақынның өлеңдері мен қара сөздері оннан аса шет тіліне аударылып, Абай туралы бірнеше деректі фильм және телесериал түсіру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Қазақстанның елшіліктері жанынан Абай орталықтары ашылатындығы да жария етілді. Аталған ауқымды шаралардан бөлек, хакімнің ғибратты ғұмыры халқымыздың төл өнері – айтыс арқылы кеңінен насихатталып, ұлы ақынның туған топырағы Жидебай жерін абаттандыру бастамасы да кезек күттірмейтін жұмыстар қатарына еніп отыр.

Осыдан соң мерекенің ресми бөлімі концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна төріне көтерілген  қазақ өнерінің майталман шеберлері Абай әлемінің иірімдерін талғампаз өнер тілінде өрнектеді. Театрландырылған сахналық қойылым, ән мен жыр, қара сөз бен күмбір күйден шашу шашылған тағылымды кеш ұлы ақынның қарапайым адам һәм шығармашылық тұлға биігіндегі өмірін жан-жақты қырынан баян етті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрқанат Жақыпбай, Төлеубек Әлпиев және Асхат Маемировтің режиссерлігімен дайындалған мерекелік кештің «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп аталатын алғашқы бөлімінде ұлы ақын мұрасының рухани тағылымы тұрғысынан бейнесюжет көрсетіліп, Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Әспетова, Болат Әбділманов, Нұркен Өтеуілов, Қуандық Қыстықбаев, Берік Айтжанов бастаған талантты театр актерлері кезектесе Абай өлеңдерін төгілте жырласа, «Абай әлемі» аталатын бөлімі ақын өмірін театр тілінде бейнеледі. Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясы мен Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди қиялына қанат бітірген «Абай» операсынан үзінді көрсетіліп, елордалық Жастар театры актерлерінің қатысуымен Жұманазар Сомжүректің «Абай – Тоғжан» драмасынан лирикалық үзік сыр көрермен назарына ұсынылды. Тағылымды кеште КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева және Айман Мұсақожаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері  Тамара Асар, Ерлан Рысқали, Медет Шотабаев, Зарина Алтынбаева, сонымен қатар халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен еліміздің жас дарындарының орындауында  ұлы ақынның әндері «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен кемеліне келтіріле шырқалды.

Тағылымды кеш Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Болат Әбділмановтың орындауындағы Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы ақынның: «Алдымда күн… Өзгешежарықнұрлы  күн… Аты «тіршілік» болсакерек… Мен өзөмірімдеоғанжетпедім, көрмеспінолкүнді. Солболашақүшінбіршөпшектей, бірғанакірпіштейболса да кесекқалапкетсемарманымжоқ. Сәлем деңдер соларға, сәлем деңдер, ұрпағым!» деген әйгілі монологімен түйінделді.

***

22 қаңтар күні Семейде де қазақтың бас ақынының 175 жылдығына арналған шаралар бастау алды. Ұлы ақынның мерейтойының ашылу рәсімі Абай атындағы театрда өтті.

Театр фойесінде келушілердің назарына Абай заманында қолданылған көптеген тұрмыстық заттар мен сирек жәдігерлер қойылған көрме ұсынылды. Ақын өмірі мен ол ғұмыр кешкен ортадан мол хабар беретін бұл көрмені әсіресе жастар ұзақ тамашалады.

Шаһардағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен қала жастары, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері, ұстаздар жиналған салтанатқа Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат және қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы келіп қатысты.

— Бүгін біз кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен республикамыздың Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен басталған бірқатар іс-шараларды Семейде жалғастырамыз. Біз, ұлы ақынның жерлестері, мерейтойды үлкен концертпен ашып отырмыз. Дәл бүгін Семейдегі іс-шарамен аймақтағы барлық аудандар мен қалаларда да Абай тойын мерекелеуді бастаймыз. Шығармалары әр қазақтың жүрегіне жақын ұлы ақынды ұлықтауға арналған барлық шаралар терең идеологиялық мәнге ие болады деп сенемін, — деді өз сөзінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат.

Мерекелік шараға әр жастағы көрермен қатысты. Әсіресе оқушыларымен бірге келген мектеп ұстаздары көп екен.

Мерейтойлық кеш театр әртістері әзірлеген Абайдың балалық шағы, жастық кезеңі және ақыл-ойы кемеліне жетіп, ақындық қыры кеңінен танылған уақытты қамтитын әдеби-музыкалық әсем композициямен басталды. Абайдың өмірі мен шығармашылығынан мол хабар беретін қойылым көрерменнің көңілінен шығып, әртістер ерекше қошеметке ие болды.

Салтанатты шарада танымал қазақстандық әртістер, өнер жұлдыздары Абайдың әндерін әуелете шырқап, өздерінің де үздік туындыларын ұсынды. Театр сахнасында белгілі әншілер Медет Чотобаев, Жұпар Ғабдуллина, Ерлан Рысқали, Гүлмира Сарина, «Аңсар» вокалды тобы, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының шығармашылық топтары мен солистері өнер көрсетті. Оркестрдің орындауындағы Абайдың «Торжорға» күйі де көрерменнің құлақ құрышын қандырды.

Дәл осы күні шаһардағы Семей қалалық Достық үйінде жиналған көпшілік ақынның шығармаларын оқып, сүйікті әндерін орындады.

***

Абай тойының салтанатты түрдегі ашылуы дәл осы күні облыс орталығы Өскемен қаласында да болып өтті. Шараға жиналған қауым алдымен ақынның рухына тағзым етіп, шаһар орталығындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Өскемендіктер Абай ескерткіші алдында ақын өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Бұл күні облысымыздың барлық аудандарындағы мәдениет үйлерінде, аудандық кітапханаларда әдеби-сазды кештер өтіп, «Адамзаттың Абайы» атауымен мәдени-көпшілік шаралар бастау алды.

Үржар ауданындағы барлық мәдениет ошақтары мен білім беру мекемелерінде мерекелік шаралар ерекше өткізілді.
Аудандық Мәдениет үйінде өткен Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет үйінің көркемөнерпаздары ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Осылайша, Абайдың елі — шығыста ұлы ақынның 175 жылдығына арналған шаралар ресми түрде тұсауын кесті.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

18.09.2025
Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) тағайындау үшін жергілікті атқарушы органмен құрылған комиссия «атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деген...

Толығырақ...Details

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

18.09.2025
Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

Semeitany.kz - Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға 17 қыркүйек күні...

Толығырақ...Details

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

18.09.2025
Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Semeytany.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға орта...

Толығырақ...Details

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

18.09.2025
Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

Semeytany.kz - Абай облысында 79 жоба әзірленіп, оның 33-і даму жоспарына сай кезең-кезеңімен іске асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

17.09.2025
Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

Semeytany.kz – Жапонияда жаңадан құрылған «Жаңғыру жолы» (Path to Rebirth) партиясы жетекшілік қызметті жасанды интеллектке жүктейтінін мәлімдеді. Мұндай шешім партияның...

Толығырақ...Details

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

17.09.2025
Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

Semeytany.kz - Абай облысы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Германияның «MICHEL METALLBAU GmbH & Co. KG», «A&E NENASCHEW GMBH...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысы Түркістандағы «Орталық Азия – Корея» форумында өңір әлеуетін таныстырды

9 часов бұрын

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

10 часов бұрын

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

12 часов бұрын

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

12 часов бұрын

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

13 часов бұрын

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

1 день бұрын

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

1 день бұрын

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

1 день бұрын

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

1 день бұрын

Киелі жерлер — өзара құрмет пен халқымыздың мәдени саналуандығының символы — Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС