"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Өткенімізді таразылау – уақыт талабы

13.12.2013
Өткенімізді таразылау – уақыт талабы
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі күні Семей қаласының  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Жаңа әлемдегі жаңа тарих — оқытудың қазіргі заман технологиясы» тақырыбында солтүстік-шығыс аймағы оқытушыларының семинар-кеңесі өтті.   Кеңеске Астанадан келген ҚР БҒМ Ғылым Комитеті Мемлекет тарихы институтының бөлім меңгерушісі Ғани Қарасаев, осы институттың жетекші ғылыми қызметкері Дүйсен Сейтқали және шығыс өңірінің ғалымдары мен тарихшылары қатысты.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

Семей таңы,

 

-Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған семинарда Отан тарихының өзекті мәселелері мен теориялық тұжырымдары, болашақ зиялы ұрпақтарды қалыптастырудағы рөліне ерекше мән беріліп отыр. Сонымен қатар, Отан тарихын жаңаша зерделеу, мектеп оқулығынан бастап, жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтарды қайта қарастыру бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелер, — дейді семинардың мақсаты жайлы айтқан Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің оқытушысы  Қымбат Байсарина.  Өткенге көз жүгіртпей, болашаққа жоспар құру мүмкін еместігі тағы бар. Бұл ойды нысанаға алған еліміз Отан тарихына ерекше көңіл бөліп отыр.

 

— Биыл Елбасының бастамасымен Отан тарихына ерекше көңіл бөлініп отыр. Елдің елдігі, халықты өзге жұрттың тануы оның тарихына байланысты. Қазақстан бүкіләлемдік қауымдастыққа мүше болғандықтан, мәдени, спорт, экономикалық жетістіктерімізді пайымдаған жұрт «бұл қандай халық?» деп ойлайды. Сол елді тану үшін тарихына үңіледі. Осы мәселелерді ескеріп, өз ұрпағымыз тарихымыздан тәрбие алсын деген мақсатта Қазақстан тарихын терең зерттеу қолға алынып жатыр,- деді Ғани Қарасаев.

«Отар елдің тарихын отарлаушы ел жазады» деуші еді ертеректе, бұл орайда егемен елдің Президенті өз тарихымызды ұлтын ұлықтай білетін, елінің болашағын ойлайтын өзіміздің тарихшылары жазсын деп тапсырма берді. Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин: «Қазақстандық тарих ғылымының алдында нақты сын тұр», — деп, тарихшы ғалымдарға жүктелген тапсырманың көтерер жүгіне де аңғартқандай.

-Кеңес заманынан бері біздің тарихымыз кеңестік бағытта, көмекші тарих ретінде жазылды. Оның бәрін дәлелдеуіміз қажет. Тамырын тереңге тартқан тарихымызды Андронов мәдениетінен бүгінгі күнге дейін қайта жазуымыз керек. Біздің толық көшпелі халық емес, жартылай отырықшы халық болғандығымызды, 100-ден аса қалаларымыздың бол-ғандығын және қазақ халқының басқа еш жерден көшіп келмегендігін, ежелден осы жердің иесі мен киесі екендігін  де және  біздің отар ел болуымыздың себептерін зерттеуіміз керек,- деген Мемлекет Тарихы    институты бөлім меңгерушісі жоғарыда аталған мәселелерді зерттеп, ақиқатын анықтау тарихшы мамандардың міндеті екендігін де айтып өтті.

Ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу үшін мектеп, университет бағдарламасында оқытылатын тарихқа көңіл бөлген абзал екендігін алға тартты жиын мүшелері. Сонымен қатар,  баяндамашылардың айтуынша, тарихымыз жүйелі түрде жазылмаған. Сақ, Сармат дәуірінен үзіліп, Түркі дәуірінен қайта жалғасқан. Болашақта бұл кемшілік те толықтырылып, қайта зерттелетіндігі де осы кеңесте айтылды.

Елбасы тапсырмасымен бірқатар мәселелер жүзеге асырылуда. Дүйсен Сейтқали жаз маусымында студенттерге арнап еліміздің ғалымдары тізе қосып, екі хронологиялық оқулық жазып, қазіргі таңда Отандық тарихты жазу ісінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті.

Ұқсас жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС