"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРІКТІЛЕР ІСКЕ КІРІСТІ

31.01.2020

Соңғы тәуліктерде өңіріміздегі ауа райына байланысты орын алған ахуал семейлік жастарды бірлесіп жұмыс жүргізуге жұмылдырды. Жуырда Семей қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері қолдарына күрек алып, қаланың мәдени нысандарының маңайын қардан тазарту акциясын бастады. Мәселен, аталмыш шараның алғашқы күнінде Абай ескерткіші орын тепкен алаң аумағын қардан тазартуға 50-ге жуық ерікті шықты.

Айта кетерлігі сол, еріктілер мұндай шараларға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Мәселен, қаламыздағы радиотехника және байланыс колледжінің бірінші курс студенті Никита Гутов маңызды нысандардың маңайын қардан тазартуға үнемі көмектесіп келеді. Жас жігіт аталған акция туралы біле сала оны қолдауға бірден шешім қабылдапты.

— Бүгін біздің колледжде қаладағы Абай ескерткішінің маңайындағы аумақты қардан тазартуға кімнің ерікті ретінде көмектескісі келетінін сұрады. Көпшілігіміз бірден келісім беріп, қар тазалауға шықтық, — дейді ерікті.

Ерекше акцияның аясында еріктілер ескерткіш жанындағы қарды тазалап қана қоймай, Шығыс кентінде тұратын жалғыз басты зейнеткерлердің де аулаларын тазартуға көмектесті. Семейдегі акцияның бастамашылары Жастар ресурстық орталығының белсенді өкілдері болып отыр.

– Қазіргі күндері Семей қалалық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен шаһарымыздағы мәдени маңызы бар орындарды қардан тазарту бойынша акция өткізілуде. Сонымен бірге еріктілер жалғыз басты қарттардың үйлеріне барып, аулаларындағы қарды шығаруға көмектеседі. Ескерткіштің жанындағы қарды тазалағаннан кейін біз Шығыс кентіне барамыз. Біз колледждер мен жоғары оқу орындарына қоңырау шалып, осы игі шараға қатысуға шақырдық. Сонымен, бүгін акциямызға 30-ға жуық ерікті қатысып отыр, — дейді ұйымдастырушылардың бірі Фариза Оңғарова.

Семейлік еріктілер атап өткендей, бұл акция жалғасын табады. Келесі жолы еріктілер басқа да мәдени орындардың аумағын қардан тазартады.

«СТ» — ақпарат{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

18.11.2026
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кірістерді төмендету және жасыру фактілерін анықтау, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындау...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

18.11.2026
Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

Қазақстанда ғылыми әлеуетті нығайтуға, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және отандық ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

18.11.2026
«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындардың өндірісі мен сатылымына толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.  Энергетикалық сусындар бүгінде көптеген қазақстандықтың күнделікті...

Толығырақ...Details

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

18.11.2026
Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді.  Жиында Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру барысы...

Толығырақ...Details

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

18.11.2026
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

Қазақстан Республикасының Құрылтайында онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

59 минут бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 час бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 час бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

3 часа бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

5 часов бұрын

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

6 часов бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

6 часов бұрын

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

6 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

6 часов бұрын

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС