"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАЙСАНДАҒЫ НАРАЗЫЛЫҚ Немесе оқиғадан кейінгі ой

25.02.2020
ЗАЙСАНДАҒЫ НАРАЗЫЛЫҚ Немесе оқиғадан кейінгі ой
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Зайсан ауданында орын алған оқиға әлеуметтік желіде  «ЕРЕУІЛ» деп жазылып жатыр. Ереуіл деген тым артықтау  болар, бұл  бір оқиғаға байланысты болған наразылық  шарасы  деп есептейміз.

Сонымен, 19 ақпан күні шығыстың Майқапшағай кеденіне жақын орналасқан Қытаймен шекаралас жатқан Зайсан ауданындағы Сарытерек және Айнабұлақ ауылдары тұрғындарының шекарадан өтетін коронавирус дертіне шалдыққан науқастарды жергілікті ауруханаға жатқызуға орын дайындалып жатыр деген сыбысты естіп наразылыққа шыққанын әлеуметтік желі арқылы білдік.

Жоғары жақтан түскен  бұйрық негізінде Майқапшағай шекара бекетінен бері қарай өткен азаматтар жергілікті амбулаторияға 14 күнге жатқызылып, бақылау жасалатыны, тіпті  төсектер кіргізіліп қойғаны да  видео арқылы халыққа  көзді ашып-жұмғанша тарап кетті. Айнабұлақ және Сарытерек ауылдары  тұрғындары: «Мұны аудан басшылығы бізге неге алдын ала ескертпеді? Неге түсіндіріп айтпайды? Біз бұған қарсымыз!»- деп, өз наразылықтарын жеткізуге түс ауа көшеге шығып, Зайсан ауданы әкімінің келуін талап еткен. Өкінішке орай, халық қанша күткенімен, Серік Ақтанов Сарытерек ауылындағы кездесуге келмеген. Ал Айнабұлақта, ұзақ күттіріп барып, түн ортасында  төбе  көрсеткен…

Жағдайды естіген  облыс басшысы Даниал Ахметов  Қытаймен шекарада жатқан Зайсанға дереу жетті. Халықтың ортасында болып, жиналған көпшіліктің наразылығын мұқият тыңдады. Шындық бүкпесіз айтылды. Елдің аузына ешкім қақпақ қоймады. Облыс әкімі  екі күн бойғы уақытын  зайсандықтардың  ортасында өткізді. Халықтың пікіріне зейін қоя отырып, мәселелердің  шешілуіне мұрындық болған аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы көпшілікпен ашық әңгімеге, конструктивті диалогқа әзір екенін байқатты.

— Қазіргі уақытта Қытай шекарасынан бірде-бір кісі өткен жоқ. Бірден айтайын, шекарадан басқа елдің азаматтары өтпейді де. Біз шекарадан тек қазақстандықтарды ғана өткізуіміз керек. Өйткені олар біздің елдің азаматтары. Олардың денсаулығы 14 күн бақылауда болуы керек, — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысына аудан тұрғындары: «Кеше  аудан әкімін сағат 3-тен бастап күттік. Түнгі сағат 11 жарымда Айнабұлаққа  ғана келді. Жергілікті билік халықпен санаспайды», «Қытайдан келетіндерді неге  ауыл ауруханасына орналастырмақ?», «Біз шекараның жабылуын талап етеміз!», «Ешқандай да карантин өткізуге жол бермейміз, Қытаймен шекара жабылсын. Зайсанда жол жөндеу жұмысында жүрген 42 Қытай Халық Республикасының азаматы еліне қайтарылсын!» деген талаптарын қойды. Ең басты наразылық шекараның жабылмауына байланысты болған сияқты.

Халық талабы орындалды. Шекара жабылды. Бұл орайда облыс басшылығының халықтың ортасына  жедел жетіп, тұрғындарға барлық жағдайды түсіндіруінің көмегі көп болды.

Сонымен, Зайсанда болған жағдайдан қандай ой түюге болады?

Аудан әкімі Сарытерек ауылы тұрғындары шақырғанда келмеді. Тек түнгі сағат 11-ден асқанда, халықтың талабы күшейіп кеткенде Айнабұлаққа жеткенін жоғарыда айтып кеттік. Бұл жағдай Серік Ақтановтың елге бас болуға жарамсыздығын байқатты. Санада жауап іздеген сауал көп… Осындай сын сағатта ауданнан сайланған мәслихат депутаттары, олардың хатшысы Дәулет Ыдырышев, «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Меруерт Қайрақова, аудан әкімінің орынбасары, коронавирусқа қарсы штабтың жетекшісі Миргүл Сапарғалиева, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Қалибаев қайда болды? Облыс әкімі: «Ағайын, мен халықтан биік емеспін, Сіздермен біргемін, бұл — ортақ мәселе!»- деп, үрейленген елді сабырға шақырды. Халық сөзге тоқтады. Шын мәнінде, жергілікті билік тарапынан осы сөзді айтып, халықтың ортасында болатын жан табылмағаны аудандағы  кадрлардың әлсіздігін аңғартпай ма? Зайсандағы наразылық ауданда идеологиялық жұмыстың жоқтығын анық көрсетті. Ендеше, жоғарыда аттары аталған тиісті салаға жауапты қызметкерлер түгелдей  жұмыстан кетулері керек деп есептейміз.

Көңілге көлеңке түсірген тағы бір жағдайды айтпай кетуге болмайтын сияқты. Зайсан ауданына арнайы жасақтың келіп жатқанын әлеуметтік желіден көргенде «әттең-ай» дегенімізді жасырмаймыз. Арнайы жасақтың жеткізілуі биліктің әлсіздігін аңғартпай ма?.. Халық соғысқа шыққан жоқ. Тәртіп бұзушылық та байқалмады. Тек бейбіт түрде билікке талап қоюға келген тұрғындармен арадағы жағдайды арнайы жасақтың келуімен ушықтырып алу қаупі болғанына да келешекте назар аудару қажет болар.

Әлеуметтік желіде тараған видеожазбадан сол маңда жүрген  ел-жұрттың «спецназды неге әкеп жатыр?» деп сұраған  дауыстары да естіліп жатты.

Осы оқиға кезінде   зайсандықтар биліктен жасқанбай талаптарын айтып, орындатты десек те, бүгін үнсіз  қалуға болмайтын келеңсіз  көріністер де назарымыздан тыс қалмады.  Мысалы, қолына  дыбыс күшейткішті ұстап  көш бастап, белсенді болып жүрген зайсандық бауырымыз Еркебұланның және бірқатар ауыл тұрғындарының облыс басшысымен кездесуде жарыса сөйлеп, «басқа шауып, төске өрлеген» тым еркін  қылықтарын көріп,  халқымыздың бүгінгі ұрпағы үлкенді құрметтеп, басшыны сыйлайтын, бір ауыз сөзге тоқтайтын  асыл қасиетінен айырылып бара жатқан жоқ па деп қапа болдық…

Риза МОЛДАШЕВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

1 день бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

1 день бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

1 день бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

1 день бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

1 день бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

1 день бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

1 день бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

6 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

6 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС