"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ МҰРАСЫНА АРНАЛДЫ

25.02.2020
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей медицина университетінде, ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты кітап көрмесі өткізілді.

Шараның шымылдығын Басқарма төрағасы-ректор, медицина ғылымдарының докторы Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы құттықтау сөзімен ашып, «өлмейтұғын артына сөз қалдырған» ұлы Абаймен жақынырақ танысып, оның әлемдік деңгейдегі шығармаларын, ақынның кемеліне келген, көркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлеңдерін терең түсінуге болатынын айтып, Абайдың сарқылмас мұрасы туралы сөз қозғады.

Іс-шара барысында университетіміздің «Абайтану» ұйымының жетекшісі Жаңанұр Жайырбаеваның ұйымдастыруымен ақын шығармаларынан студенттердің поэзиялық эстафетасы өтті.

Студент жастар «Абай» журналының редакторы М.Оспановтың ұлы ақынның зерттеп, зерделеп оқыған сайын тұңғиыққа жетелейтін терең мазмұнды шығармалары жайлы, хакімнің адами қасиеттері туралы әңгімесін асқан қызығушылықпен тыңдады.

Еліміздің көне шаңырақтарының бірі Абай атындағы кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева кітапхана қорындағы Абай оқыған, Абай заманынан жеткен сирек кітаптарды таныстырып, ұлы ақынның өмір жолы мен шығармашылығын зерттеушілердің еңбектері туралы тың деректермен бөлісті.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайының ғылыми қызметкері Азамат Қажыбай ұлы ақынның мерейтойы аясында мұражайда өткізіліп жатқан іс-шараларға тоқтала кетіп, жастарды Абай шығармаларын оқуға, ақын әлемін өз бағыттары бойынша зерделеп, зерттеуге шақырды.

Сондай-ақ Абай атындағы әмбебап кітапхананың «Коворкинг» орталығының меңгерушісі Майгүл Батхолдина «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты көрмеге шолу жасады. Көрменің «Абай әлемі бейнелеу өнерінде» бөлімінде 1887 жылы Ресейден жер аударылған әуесқой суретші П.Лабановскийдің Абайдың өз бейнесін көріп отырып қарындашпен салған суреті, соннымен қатар Ә.Қастеевтің, Л.Леоновтың, Георгий және Анна Аткниндердің, Н.Өтепбаевтың туындылары қойылған.

Ал «Тас мүсіндегі Абай» бөлімі еліміздегі монументальды мүсін өнерінің дамуының жарқын көрінісі болып табылатын ақынның 1960 жылы Алматы қаласында қойылған ескерткішінен (авторы — Х.Наурызбаев) бастап еліміздегі және алыс-жақын шетелдердегі ескерткіштері туралы сыр шертті.

Аталған шарада университет студенттері Абай әлеміне бойлап, тың деректермен танысты.

Семей медицина университетінің баспасөз қызметі.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

12 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС