"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЗЫҚ ТҮЛІК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

17.04.2020
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыстағы сауда желілерінің қоймаларында 9,5 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар тауар қоры бар. Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаментінің ресми мәліметтеріне сәйкес, облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 103,2%-ды құрайды, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 1,6%-ға төмен.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ольга Григорьеваның айтуынша, жыл басынан бері аймақта бес түрлі өнімнің — қырыққабат, қант, сиыр еті, қарақұмық жармасы және нан бағасы өскен. Басқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары тұрақты.

Айта кету керек, қалалар мен аудандардың әкімдіктері өндірушілермен, тауар жеткізушілермен және сауда орындарымен бағаны тұрақты ұстап тұру мақсатында меморандумдар жасасқан. Облыста негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлар ең төменгі үстемеақымен саудаланатын 79 әлеуметтік дүкен және 500 әлеуметтік бұрыш бар.

Өскемен және Семей қалаларының тұрғындарын 2019-2020 жылдардың қыс-көктем айларында жеміс-көкөніс өнімдерімен, соның ішінде картоп, сәбіз, пияз, қырыққабатпен қамтамасыз ету үшін облыстың тұрақтандыру қоры 5700 тонна жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алған. Жалпы, облыстың тұрақтандыру қоры қоймаларында 820 тонна көкөніс, 529 тонна қант бар.

Шығыс Қазақстан облысындағы сауда желілерінің қоймаларындағы әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерінің қоры 9607 тоннаны құрайды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты ұстап тұру үшін күнделікті баға мониторингі жүргізіледі. Бұл тауарларға бағаны негізсіз көтерген жағдайда, мемлекеттік органдар тарапынан бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады

Айта кетерлігі, биыл егіс алқабы 1367 мың гектарды құрайтын болады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8 мың гектарға артық. 2020 жылы топырақ құнарлылығын арттыру үшін облыс шаруашылықтары тарапынан минералды тыңайтқыштардың барлық түрлерінен 30 мың тонна сатып алу жоспарланған.  Егіс жұмыстарына қажетті техникалар, тракторлар жеткілікті. Павлодар мұнай өңдеу зауытынан 30 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес дизель отынының бағасы тоннасына 184 мың теңгеден 174 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын сәтті жүргізу мақсатында 2020 жылы облыстық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді, бұл 2019 жылға қарағанда 1,9 млрд теңгеге артық.

ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметі ақпараты негізінде әзірленді{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

ДОҢЫЗ ДИПЛОМАТИЯСЫ немесе АР АУКЦИОНЫ

19.01.2026
ДОҢЫЗ ДИПЛОМАТИЯСЫ немесе АР АУКЦИОНЫ

Біз бақытты халықпыз. Бізге енді атом бомбасы да түк болмай қалған секілді... Полигонмен уланған жерге тағы бір «инвестициялық бақыт» келіп...

Толығырақ...Details

Абай облысында 379 млрд теңгелік құрылыс жоспары әзірленіп, 35 нысан салынуда

19.01.2026
Абай облысында 379 млрд теңгелік құрылыс жоспары әзірленіп, 35 нысан салынуда

Semeytany.kz - Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтіп, өңірдің 2026 жылға арналған құрылыс жоспары мен...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі қаралды

19.01.2026
Абай облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі қаралды

Semeytany.kz - облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңір аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі мен оларды қорғау бағытындағы...

Толығырақ...Details

Абай гарнизонында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары өтті

16.01.2026
Абай гарнизонында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары өтті

Абай гарнизонында орналасқан 54835 әскери бөлімінде жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары ұйымдастырылды. Әуе базасының ұшқыштары жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Ми-17 және Ми-24...

Толығырақ...Details

Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады: Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды

16.01.2026
Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады: Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды

Semeytany.kz - Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдап,...

Толығырақ...Details

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева өмірден өтті

16.01.2026
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева өмірден өтті

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, ғалым-биолог Рауза Қонаева 92 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қор жеткізген. Марқұм Рауза...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ДОҢЫЗ ДИПЛОМАТИЯСЫ немесе АР АУКЦИОНЫ

5 часов бұрын

Абай облысында 379 млрд теңгелік құрылыс жоспары әзірленіп, 35 нысан салынуда

6 часов бұрын

Абай облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі қаралды

6 часов бұрын

Абай гарнизонында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары өтті

3 дня бұрын

Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады: Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды

3 дня бұрын

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева өмірден өтті

3 дня бұрын

Бесқарағайдың Беген, Глуховка, Ерназар ауылдарында 100 орындық мәдениет үйлері бой көтереді

3 дня бұрын

Абай облысындағы Крещение мерекесі: құтқарушылар қауіпсіздік шараларын еске салады

3 дня бұрын

Семейде «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды

3 дня бұрын

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС