"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі қаралды

19.01.2026
Абай облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі қаралды
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңір аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі мен оларды қорғау бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Жиында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан баяндама жасап, атқарылған істер мен алдағы жоспарларды таныстырды. Қазіргі таңда Абай облысының мемлекеттік тізіміне 417 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілген. Оның 404-і жергілікті маңызы бар нысандар болса, 13 ескерткіш республикалық деңгейде қорғалады. Тізімге қала құрылысы мен сәулет, монументалды өнер, археология, сакралды нысандар және кешенді ансамбльдер санатындағы орындар енген.

Ескерткіштерді қорғау мен қалпына келтіру мәселелері бойынша 2025 жылы облыстық комиссия 6 рет бас қосып, бірқатар нысандарды алдын ала есепке алу, мемлекеттік тізімге енгізу және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды бекіту жөнінде шешімдер қабылдаған.

Өңірде бірнеше маңызды ғылыми-реставрациялық жоба жүзеге асқаны айтылды. Семей қаласындағы бұрынғы көпес Мусиннің диірмені қайта жаңғыртылып, бүгінде Pana Unique Semey қонақ үй кешені ретінде пайдалануға берілген. Сонымен бірге В. Чернышевский атындағы №1 мектеп, Губернатор үйі, қос мұнаралы мешіт, көпес Сахно үйі, Ф. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музей ғимараттарында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген, кей нысандарда жаңғырту жалғасып жатыр.

Археология саласында да жұмыс бар. Ақсуат ауданындағы Елеке Сазы алқабында қазба жұмыстары қолға алынып, ерте темір дәуіріне жататын құнды артефактілер табылып, музей қорына тапсырылған.

Аймақ басшысы құнды жәдігерлердің көшірмелерін музейлерге орналастыруды, археологиялық зерттеулерді жүйелі жалғастыруды және тұрғындар арасында тарихи мұраны қорғауға қатысты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Берік Уәли тарихи-мәдени ескерткіштер өңірдің рухани өзегі ғана емес, туристік әлеуетті арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға да ықпал ететін маңызды фактор екенін атап өтті. Сондықтан ескерткіштердің сақталуын тұрақты бақылап, техникалық жай-күйін бағалап, ғылыми негізде қалпына келтіру ортақ міндет екені айтылды.

Абай облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі қаралды

Абай облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі қаралды

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫБерік УәлиЕлеке сазыреставрациятарихи-мәдени ескерткіш

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

4 дня бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

4 дня бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

5 дней бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

7 дней бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

1 неделя бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1 неделя бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

1 неделя бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

1 неделя бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

1 неделя бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС