"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ШАРТЫ арнайы брифингте айтылды

16.03.2014
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Президент Н. Назарбаевтың   сарабдал саясатының аясында елімізде білім саласына жан-жақты жағдай жасалуда. Осыған орай жуырда қалалық әкімдікте «Болашақ» стипендиясының халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті Айгүл Нәдірова брифинг өткізді.

Қала әкімі аппаратының басшысы Шаған Жұмақсановтың қатысуымен өткен жиында Айгүл Нәдірова алдымен «Болашақ» стипендиясының тарихына шолу жасады. Алғашқы жылы 20 шақты адам ғана стипендиант атанған. Олардың бірінші легі елге оралғанда-ақ бағдарламаның әкелер игілігі мол екені анық білінді. Осылайша 1993-2005 жылдар аралығында сол кезеңде елімізге аса қажетті болған мемлекеттік басқару, дипломатия және халықаралық сауда салаларына мамандар даярлау жұмысы  жүзеге асты. 2011 жылы стипендианттар саны 3 мыңға жетті. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкерлер, ауыл жастары мен ғылыми-педагогика  саласының  мамандары үшін арнайы квоталар енгізілді. Бағдарлама аясында бакалавриат бағыты бойынша білім беру тоқтатылды. Яғни, 2011 жылға дейін мектеп бітірген жастар шетелде аталмыш академиялық дәрежені алу мүмкіндігіне ие болатын. Алайда, біріншіден, елімізде бакалаврлар санының жеткілікті болуы себепті, екіншіден, өз елімізде бұл бағыттағы мамандарды халықаралық деңгейде даярлайтын Назарбаев университетінің ашылуына байланысты «Болашақ» стипендиясы аясында бакалаврларды оқытуды тоқтату туралы шешім қабылданды. 2011 жылы сондай-ақ, бағдарламалық-мақсаттық әдіс енгізіле бастады. Бұл орайда болашақ маманның білім алуына жолдаманы маманның жоғары білікті болуына мүдделі кәсіпорын береді. Яғни, белгілі бір мекеме немесе мемлекеттік орган нақты азаматқа халық- аралық бағдарлама аясында шетелде оқып қайтуына арнайы тапсырыс береді. Өз кезегінде стипендиант білім алып келгеннен кейін бағыттама берген кәсіпорында 3-5 жыл жұмыс істеуге міндетті болып табылады. Мұның бәрі мемлекет, маман және жұмыс беруші арасындағы үш жақты келісімнің негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, «Болашақ» стипендиясы түлектерінің жұмыспен қамтылуы мәселесін шешуге мүмкіндік пайда болды.

 

{jcomments on}2012 жылдан бастап тәжірибесі бар ғылыми-педагогикалық, инженерлік-техникалық және медициналық мамандық иелерінің өз салаларындағы кәсіби жаңалықтар мен технологияларды үйренуі үшін машықтандыру әдісі кеңінен қолданылып келеді. Мұның да өзіндік себебі бар. «Саламатты Қазақстан», үдемелі индустриялды даму бағдарламасы     сияқты мемлекет қолға алған ауқымды салалық жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін сапалы кадрлар қажеттігі туындады. Тәжірибелі мамандардың біліктілігін арттыруға арналған машықтандыру әдісі осы мәселені шешудің оңтайлы жолы екеніне көз жеткізуге болады.

 

Сондай-ақ, халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті биыл «Болашақ» стипендиясына қажетті құжаттарды қабылдау рәсімі үш кезеңге бөлінетінін де айтты. Бұл өзгеріс үміткерлер үшін ыңғайлы болмақ. Стипендияларды тағайындау мерзімі де осыған орай үшке бөлінеді. Құжаттарды қабылдау рәсімінің бірінші кезеңі 3 наурыздан 31 мамырға дейін жүргізілсе, екінші кезеңі маусым айының 30-нан шілденің 31-не дейін, үшінші кезеңі қыркүйектің 1-і мен қазан айының 31-і аралығында жүзеге асады. Сондай -ақ, стипендияларды тағайындау маусым, тамыз және желтоқсан айларында болады.

Қажетті құжаттардың тізімі жайлы да кең көлемде мағлұмат берілді. Белгіленген үлгімен толтырылған жеке парақша, жұмыс беруші мекеменің қызметкер  білімін жетілдіру туралы мөрмен бекі-тілген өтініші, үміткердің өз атынан жазылатын көлемі 1,5-2 беттік негіздеме, жеке куәлік немесе төлқұжат, жоғары білім жөнінде диплом мен оның қосымшасы, 086-У үлгісіндегі медициналық анықтамасы және АҚТҚ-мен ауырмайтындығы жөніндегі анықтама, еңбек келісімшарты немесе еңбек кітапшасының расталған көшірмесі болуы керек. Сондай-ақ, қажетті құжаттар тізіміне мемлекеттік тілден арнайы сынақтардан өткені жайлы сертификат пен шет тілдерін білетіндігін айғақтайтын сертификат та еніп отыр. Екі құжаттың да жарамдылығы 2 жыл мерзімді құрайды. Егер бұлар бұрыннан бар болса, үміткерлерге  байқаудан өту жеңілірек болады.  Айта кетерлік жайт, қажетті құжаттарды, халыққа қызмет көрсету орталықтарына апарып немесе электронды үкімет порталы арқылы  да тапсыруға болады.

Жиын соңында Айгүл Нәдірова жи-налған қауымның сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, ол «Болашақ» стипендиясына қатысты ақпараттың барлығы бағдарламаның сайтында жариялан-ғанын айтты.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

6 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС