"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16.07.2020
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шілде айының 1-нен бастап Семей қаласындағы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалында «Жас отбасы» бағдарламасы іске қосылды. «Жас отбасы» депозитін семейліктер банк бөлімшесі немесе кеңес беру орталықтары арқылы аша алады.

Жаңа бағдарламаның ерекшелігі — заңды некелері 3 жылға толмаған жас отбасылар жылдық 6%-дық мөлшерлемемен баспаналы бола алады. Несиені өтеу мерзімі — 6 жылдан 9 жылға дейін. Аталмыш бағдарламамен үй рәсімдеу үшін ерлі-зайыптылардың біреуі (немесе екеуі де) Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жаңа депозит ашып, кемінде 1 жыл бойы қаражат жинауы керек. Жинақтау мерзімі өткенде бағалау көрсеткіші (ОП) 5 ұпайдан кем болмауы тиіс.

— Несиелік өтінім берерде депозитке тұрғын үй бағасының 50%-ын жинау немесе бірден салу қажет болады. Депозитті некеге тұрған сәттен бастап үш жылдың ішінде ашу керек.  Қазір карантин кезіңде банкте көшпелі қызмет іске асырылуда. Яғни кеңесшіні үйіңізге немесе жұмысыңызға шақырып, депозит ашуға болады. Айта кету керек, 9 шілден 31 шілдеге дейін кеңес беру орталықтарында немесе кеңесшілерді шақыртып «Жас отбасы» депозитін ашқан азаматтарға акция жүргізілуде. Айдың аяғына дейін депозит ашқандарға кепілдендірілген сыйлық бар. Кеңес беру орталықтардың мекенжайлары және кеңесшілердің байланыс телефондары @zhilstroy_semey Instgram парақшасында көрсетілген,- дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей қалалық филиалы кеңесшісі Салтанат Кустанова.

Несиені жаңа үйден пәтер немесе жер үйді сатып алу, қолданыстағы үйден пәтер немесе үй сатып алу, тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысы немесе жер телімін сатып алу мақсатында алуға болады. Жас жұбайлардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.

— Екі жыл өткен соң, тұрғын үй заемына ауысқан кезде, мөлшерлеме жылдық 5%-ға дейін төмендейді. Депозитті ерлі-зайыптылардың екеуі де ашып, отбасылық пакетке біріктірсе, екі еселенген мемлекет сыйлық ақысын алу мүмкіндігіне ие болады. «Жас отбасы» бағдарламасы аясында отбасылық пакеттің құрамына тек ерлі-зайыптылар қосыла алады,- дейді Салтанат Кустанова.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамырында берген тапсырмасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасының «5-10-20» атты жаңа пилоттық бағытын әзірлеуде. Бұл жоба Семей қаласында әзірге басталған жоқ.

Жаңа пилоттық жоба «5-10-20» шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады: несие мөлшерлемесі 5%, бастапқы жарна 10%-дан бастап, несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін. Бағдарламаға тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады.

— Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр. Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін тұрғын үй бағасы 18 млн теңгеден, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеден, басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспайды.

— Азаматтардың төлем қабілеттілігі ескеріледі. Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда бір күнкөріс минимумынан төмен табыс табатын отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мүмкіндігі ұсынылса, 2 күнкөріс минимумына дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар (көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар) «Бақытты отбасы» бағдарламасына, ал 3,1 күнкөріс минимумына дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар «5-10-20» пилоттық жобасына қатыса алады, — деді С.Кустанова.

Сонымен қатар биыл облысымыздағы 11 аудан орталығында 277 пәтерлі 141 үй салынбақ. Үйлердің жалпы ауданы 25 мың шаршы метрді құрамақ. Жоба құны — 3,5 млрд теңге. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында:

— Қазіргі уақытта жер телімдері бөлінді. Барлық үйлер қолданыстағы магистраль желілерінен электр және сумен қамтамасыз етіледі. Зайсан, Күршім және Тарбағатай аудандарының әкімдіктері құрылыс салушылармен меморандумға қол қойды,- деп жазды.

Аймағымызда сондай-ақ «Бірқабатты ШЫҒЫС» деген шартты атаумен жаңа тұрғын үй бағдарламасы да әзірленуде.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

31.10.2026
Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

Білім – қоғамның дамуы мен елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына кепілдік...

Толығырақ...Details

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

9 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

9 часов бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

9 часов бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

1 день бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 день бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

1 день бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

1 день бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

1 день бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

1 день бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС