"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АНАЛАР АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ

16.03.2014
40
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ана атану, бала тәрбиелеу әрбір нәзік жан иелерінің арманы екені анық. Ал, олардың өмірге сәби әкелуі ерлік деуге де болар.  Елбасының Жарлығына сәйкес,     8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «көп балалы ана» атанған ерекше ерлік иелері алтын және күміс алқамен марапатталды.

Қалалық әкімдікте өткен аналарды марапаттау шарасына қала басшысының орынбасары Зәуреш Исабаева мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов қатысып, Нұргүл Жексембинова, Саягүл Құрманғожина, Гаухар Лекерова, Динара Макарова және Кенжегүл Саяқованы күміс, ал, Әлфия Юсупова мен Жанар Өміртаеваны Алтын алқамен марапаттады.

Марапаттау барысында Алтын алқа иегерлерінің бірі – Жанар Өміртаевамен тілдесудің реті келген еді. 39 жастағы Жанар Сағадатқызы 7 баланың анасы. Тұңғышы 16-да болса, кенжелері Динара мен Диляра 1 жастан асқан. Балаларының бесеуі мектепте. Үлкен қызы Назерке 9 сыныпта оқиды, ал, жалғыз ұлы Аман 5 сынып оқушысы. Жұбайы Дәулет Аманғалиұлымен отасқандарына 17 жыл болған. 22 жасында тұрмыс құрған Жанар Сағадатқызы 23 жасында бірінші сәбиін дүниеге әкеліпті. Көп балалы ана  әлі де өмірге бала әкелуге дайын екендігін айтады. Көп балалы әке – Дәулет Өміртаев та әкімдіктегі марапаттау шарасына жарымен және балаларымен бірге келген. Қаладағы мемлекеттік мекемелердің бірінде қызмет атқаратын      Дәулет Аманғалиұлы:

 

{jcomments on}- Өзім де көп балалы отбасынанмын. Үйде 11 баланың тоғызыншысы, ал, ұлдың алтыншысымын. Анам Дәметкен Самбайқызы да      «алтын алқа» иегері, — дей келе, — әр баланың орыны әр бөлек. Жұ-мыстан келгенде балаларымды иіскесем, шаршағаным бірден басылады, — дейді.

 

Мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетілетінін тілге тиек еткен мейірбан әке балаларының көп болуы Алланың берген сыйы деп түсінеді. Айтуынша, жеке меншік баспанасын өткен жылы өз күшімен салған. Оқу бітіріп, мамандық алса да ұрпағына ұлағатты тәрбие беру үшін балаларының анасын алақанда аялап, жұ-мысқа шығармаған. Отбасының қамы үшін бір өзі жанталаса еңбек етіп келеді.

Алқалы аналарға енді ай сайын 10 мың теңгеден аса жәрдемақы тұрақты түрде төленіп тұратындығын, сонымен қатар, 8 Наурыз –  Халықаралық Әйелдер күні мен 1 маусым – балаларды қорғау күні мерекелерінде сый – сыяпат жасалып тұратындығын Зәуреш        Рамазанқызы жеткізді.

— Нәзік жандылардың өмірге бала әкелуінің өзі – ерлік. Ал, көп бала әкелуі ол – батырлық және үлкен бақыт деп білемін. Міне, сіздер сол үлкен бақыттың иесісіздер. Сонымен қатар, бізді қуантатыны батыр аналарымыздың көбісі – жас аналар екендігі. «Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық өседі» дегендей әрбір баланың өз несібесі болады. Сондықтан, әлі де балаларыңыздың саны арта берсін. Еліміздің демографиялық өсіміне үлес қосып отырған сіздердің жолдарыңызды соңдарыңыздан ерген сіңілілеріңізге, қыздарыңызға берсін! Әр шаңырақта тек қана жақсылық болсын!- деп барша аналарды төл мерекелерімен құттықтады.

Сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов өмірге бала әкелумен бірге, тағылымды тәрбие беру де үлкен міндет екенін тілге тиек етіп, алқалы аналарға жылы лебізін білдірді.

Шара барысында марапат иелері де  осындай жағдай жасалып отырғаны үшін және зор ілтипат білдіргендері үшін Үкіметке және қалалық әкімдікке алғыстарын айтты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

23.03.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

Қымбатты отандастар! Бүгін «Тазару күніне» орай еліміздің әр түкпірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция...

Толығырақ...Details

Абай жастары Тазару күнінде игі бастамаларды іске асырды

23.03.2026
Абай жастары Тазару күнінде игі бастамаларды іске асырды

Наурызнама онкүндігі аясындағы Тазару күні Абай облысында ауқымды экологиялық акциялармен жалғасын тапты. Өңір жастары табиғатты қорғау, тарихи мұраны сақтау және...

Толығырақ...Details

Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

22.03.2026
Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

Абай облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілуде. Той-думан тек 22 наурызбен шектелмей, мерекені ұлттық жаңғыру...

Толығырақ...Details

Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр

22.03.2026
Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр

Semeytany.kz - Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде 21-22 наурыз күндері дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы «ABAI OPEN» республикалық турнирі өтіп...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

22.03.2026
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым....

Толығырақ...Details

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

22.03.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

2 дня бұрын

Абай жастары Тазару күнінде игі бастамаларды іске асырды

2 дня бұрын

Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

4 дня бұрын

Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр

4 дня бұрын

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

4 дня бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

4 дня бұрын

Абай облысында құрылысқа бақылау күшейіп 3 мыңнан астам өтініш қаралды

5 дней бұрын

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

6 дней бұрын

Тоқаев Қазақстанның болашағы қандай болуы керек екенін айтты

6 дней бұрын

Жайық. Ертіс. Айтыс

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС